Лекция 1 Кіріспе. Физиканы оқыту әдістемесі – педагогикалық ғылым



бет8/22
Дата21.12.2022
өлшемі326,23 Kb.
#163703
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Байланысты:
Лекция 1 Кіріспе. Физиканы о ыту дістемесі – педагогикалы ылы

Бақылау сұрақтары.

  1. Оқыту әдістері қалай классифакацияланады?

  2. Әңгімелеу, әңгімелесу, түсіндіру, лекцияның бір-бірінен айырмашылығы қандай?

  3. Оқу матераилдарын ауызша баяндаудың ерекшеліктері қандай?


Пайдаланылған әдебиеттер
1. Акитай Б.Е. Физиканы окыту теориясы және әдістемелік негіздері: Оқу құралы. -Алматы: Қазақ университеті, 2006. -280 бет.
2. М. Құдайқұлов, Қ. Жаңабергенов, «Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі», Алматы, «Рауан», 1998ж., 310 6.
3.«Основы методики преподавания физики», В.Г.Разумовский, А.Н. Бугаев, Ю.Н. Дик и др.-М, «Просвещение», 1984г., 397с.
4.«Физиканы оқыту методикасы 6-7», Орехов В.П., Усова А.В. Алматы,«Мектеп», 1978ж.
5.Орта мектепке арналған негізгі оқулықтар. 7-9 кл. «Физика және астрономия», «Физика» 10-11 кл. 2010.
6.«Физика жэне астрономия», «Физика» Орта жалпы білім беретін мектеп сыныптарына арналған оқу бағдарламалары. Астана, 2010 ж.
7.Анциферов Л.И., Пищиков И.М., Практикум по методике и технике школьного физического эксперимента, М., «Просвещение», 1984г.
8.Методика преподавания физики в средней школе: Частные вопросы. Под ред.С.Е.Каменецкого, Л.А.Ивановой-М.:Просвещение, 1987.-336 с.

Лекция 6 Физикалық демонстрациялық эксперимент
Жоспар:

  1. Демонстрациялық эксперимент, оның маңызы және оған қойылатын әдістемелік талаптар.

  2. Физикадан лабораториялық сабақтар: жаппай орындалатын лабораториялық жұмыстар, физикалық практикум, фронталды эксперимент, сабақтан тыс орындалатын тәжірибелер мен бақылаулар.

  3. Физикалық оқу экспериментінің жүйесі және құрал-жабдықтар.

Дәріс мақсаты: Демонстарциялық эксперимент және оның сабақ түсіндірудегі мәнін ашып көрсету.
Дәріс мазмұны.
1.Демонстрациялық эксперимент, оның маңызы және оған қойылатын әдістемелік талаптар.
Оқу эксперименті – ол арнайы құрал-жабдықтар көмегімен физикалық құбылыстарды оқып-үйренуге қолайлы жағдайда бақылау және қайталау. Сондықтан ол бір мезетте білім көзі, оқыту әдісі және көрнекілік түрі бола алады. Сабақ үстінде тәжірибелерді демонстрациялау, виртуалды оқу экспериментін қолдану, оқушылардың зертханалық жұмыстарды орындауы физиканы оқытуда экспериментальдық әдістің негізін құрайды.
Демонстрациялық тәжірибелерді бүкіл сынып алдында мұғалім қояды, ол сабақтың бір бөлігі болып табылады.
Көрсетілімдерге қойылатын жалпы дидактикалық талаптар:

  • Көрнекілік;

  • Қарапайымдылық;

  • Қауіпсіздік;

  • Сенімдік;

  • Қайталау және түсіндіру қажеттілігі;

  • Уақыт бойынша шектеулілігі;

  • Көрсетілімнің дер кезінде қойылуы.

Тәжірибелерді қойғанда мұғалім оқушылар мен көрсетіліп отырған құбылыстарды байланыстырушы болып келеді. Көрсетілімнің жақсы шығуы оның әдістемелік шеберлігіне және техникалық сауаттылығына байланысты болады.
Демонстрациялық экспериментке қойылатын негізгі әдістемелік талаптар:

  • Оқушылар қойылған тәжірибелерді түсініп қабылдауға дайын болулару керек.

  • Демонстрациялауға арналған қондырғылар мүмкіндігінше қарапайым болуы тиіс.

  • Көрсетілімдік тәжірибелер сыныптағы барлық оқушыларға анық көрініп тұруы керек.

  • Көрсетілу темпі ауызша баяндалу жеделдігіне және оқушылардың қабылдауына сәйкес болуы керек.

  • Көрсетілетін тәжірибелер нанымды, ал қондырғылардың жұмысы сенімді болуы қажет.

  • Мынаны естен шығармау керек: Мұғалімнің маман ретінде жинақтаған абыройын шықпай қалған тәжірибедей ештеңе түсіре алмайды.

Физика сабақтарында көрсетуге міндетті демонстрациялық тәжірибелердің тізімі үлгілік оқу бағдарламасында келтіріледі.
2.Физикадан лабораториялық сабақтар: жаппай орындалатын лабораториялық жұмыстар, физикалық практикум, фронталды эксперимент, сабақтан тыс орындалатын тәжірибелер мен бақылаулар.
Демонстрациялық эксперимент оқушылардың оқып-үйренетін құбылыстарды белсенді түрде қабылдау мүмкіндіктерін толық қамтамасыз ете алмайды, себебі олар өздері тәжірибе жасамайды, тек бақылап отырады. Жаттығулар арқылы келетін қажетті практикалық дағдылар калыптаспайды. Сондықтан демонстрациялық экспериментті оқушылар өз бетінше орындайтын практикалық жұмыстармен толықтыру қажет. Олар жаппай орындалатын лабораториялық жұмыстар, бақылаулар мен тәжірибелер, практикумдер т.б.
Лабораторниялық жұмыстарды және тәжірибелерді орындау барысында оқушылар физикалық заңдардың объективтілігіне көз жеткізеді, ғылыми зерттеу әдістер туралы нақты түсініктер алады, физикалық өлшеулермен және физикалық құбылыстарды сандық жағынан бағалау тәсілдерімен танысады.
Фронтал лабораториялық жұмыстар мен тәжірибелерді өткізу әдісінің ортақ жері – барлық оқушылар бірдей тапсыпмаларды бір типті құрал-жабдықтарды қолданып орындайды. Сыныптық-сабақтық оқыту жағдайында жұмыстарды жаппай орындау әдісінің артықшылықтары бар. Ол лабораториялық жұмыстарды, бақылауларды және тәжірибелерді өтілетін материалмен тығыз байланыстырады.
Жаппай орындалатын лабораториялық жұмыстардың тізімі оқу бағдарламада беріледі.
Дидактикалық мақсаттары бойынша фронтал лабораториялық сабақтардың қлассификациялануы:

  • Физикалық құбылыстарды бақылау және зерделеу.

  • Өлшеуіш құралдармен танысу және физикалық шамаларды өлшеу.

  • Кейбір физикалық құралдар мен техникалық құрылғылардың құрылысымен және жұмыс істеу принципімен танысу.

  • Кейбір сандық заңдылықтарды анықтау немесе тексеру.

  • Физикалық тұрақтыларды, заттардың және процестердің физикалық сипаттамаларын анықтау.

Зертханалық жұмыстарды орындаудың үлгілік нұсқасы:

  • Кіріспелік әңгімелесу;

  • Оқушылардың эксперименті орындауы;

  • Алынған нәтижелерді өңдеу;

  • Жұмыстың қорытындысын жасау.

Физикалық лабораториялық практикум зертханалық-практикалық сабақтардың жаппай орындалатын зертханалық жұмыстарға қарағанда жоғарғы формада ұйымдастырылған сабақтар болып табылады. Біріншіден оның айырмашылығы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу деңгейінің жоғарылылығы, эксперименталды базасының жетілдірілген және күрделі болуы. Практикум әдетте үлкен тарауларды өткеннен кейін орындалады, көбіне оқу жылының соңына, өткен материалдарды қайталау және тереңдету, оқушыларды өз бетінше жұмыс орындаға, белсенді болуға баулу мақсатында.
Физикалық практикум жұмыстарын ұйымдастыруда қолда бар құрал-жабдықтар мен қондырғылар және оларды дұрыс қолдана білу мәселесі шешуші роль атқарады. Практикумның тиімділігі, оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарының маңызды түрі ретінде, оқушылардың оқу жылы бойындағы теориялық және практикалық дайындықтарына байланысты болады. Лабораториялық практикум жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу үшін алдын-ала жасалған әр жұмысты орындау инструкциялары болуы керек. Инструкциялар құрамына мыналар кіреді:

  • Теориялық сұрақтар жайлы қысқаша мәліметтер, белгісіз шаманы анықтаудың бір тәсілі;

  • Құрал-жабдықтар тізімі, олардың ішінен оқушыларға бейтаныс құралдарға сипаттама;

  • Жұмысты орындау реті;

  • Өлшеу нәтижелерін жазу реті және қателіктерді есептеу тәсілдері туралы нұсқаулар.

Орындау инструкциясына бұдан басқа бақылау сұрақтары, қосымша эксперименталдық тапсырмалар және жаттығулар кереді. Нақты берілген жұмыстағы инструкция көлемі, ңұсқаулардың кеңірек берілу дәрежесі жұмыстың мазмұнына, қолданылатын құрал-жабдықтарға және оқушылардың алдын-ала дайындақтарының деңгейіне байланысты болады.


3.Физикалық оқу экспериментінің жүйесі және құрал-жабдықтар.
Қазіргі кезде физикалық оқу экспериментінің жүйесіне мыналар енеді:

  • Фундаменталды тәжірибелер

  • Демонстрациялық эксперимент

  • Жаппай орындалатын зертханалық жұмыстар

  • Физикалық лабораториялық практикум

  • Сабақтан тыс орындалатын тәжірибелер мен бақылаулар

  • Виртуалды эксперимент.

Оқу экспериментінің бұл түрлерін өткізуге қажет болатын құрал-жабдықтармен мектептерді мемлекет тегін қамтамасыз етеді. Физикалық оқу құралдар арнайы жабдықталған сыныптарда – физика кабинеттеррінде сақталады және қолданылады.
Физика кабинеті –бір-бірімен байланысқан арнайы бөлмелер, қазіргі заманға сай оқу қондырғылармен, көрнекіліктермен, оқытудың техникалық құралдарымен (компьютерлер, интербелсенді тақта т.б.) жабдықталған мектептің оқу бөлімі.
Мектеп физика кабинетіндегі барлық құрал-жабдықтарын келесі топтарға бөлуге болады:

  • Арнайы жабдықталған бөлмелер;

  • Заманауи техникалық оқыту құралдарының кешені;

  • Демонстрациялық құрал -жабдықтар;

  • Зертханалық жұмыстарға арналған құрал -жабдықтар;

  • Көмекші құрал -жабдықтар;

  • Басылымнан шыққан оқу құралдары, қағаз және электрондық негіздегі дидактикалық материалдар;

  • Мұғалімдерге және оқушыларға арналған әдебиеттер;

  • Астрономия бұрышы.

Мектептің материалды-техникалық базасы белгілі дәрежеде физиканы оқыту сапасына әсер етеді, сондықтан физика кабинетінің жабдықталуына ерекше назар аудару керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет