Лекция 1 Кіріспе. Невропатологияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері. Жүйке жүйесінің құрылымы



бет48/60
Дата23.01.2023
өлшемі1,53 Mb.
#166188
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   60
Байланысты:
Лекция 1 Кіріспе. Невропатологияны п ні, ма саты, принциптері м
1551283593, срс9, гоха хирургия, Дипломдық жұмыс жоспары
Жыныс бездері. Организмдегі басқа эндокриндік бездерге қарағанда ең кеш дамып, қызмет ете бастайтын бездер болып табылады. Олар организмнің өсіп-дамуына, жынысына сай екіншілік белгілердің дамуына үлкен әсер етеді. Жыныс бездеріне жататындар: еркектердің аталық бездері және әйелдердің аналық бездері.
Ер балаларда жыныстық жетілу кезеңіне дейін белгілі бір себеппен кастрация (аталық бездерін алып тастау) жасалған болса, немесе әртүрлі кесел нәтижесінде олардың қызметі төмендеген болса, евнухоидизм дамиды. Евнухоидтердің түрі өзгеше ерекшеліктермен сипатталады. Бойы ұзын болады, бірақ, тән ерекшелік – негізінен аяқтарының ұзындығының есебінен (евнухоидтық гигантизм). Жасына сай екіншілік жыныс белгілері пайда болмайды. Жігіттердің бетінде, шатынада және қолтықтарында жүн өспейді. Дауысы жіңішке, әйел сияқты болады, өйткені көмекейі ерлерге сай дамымай қалады. Кеудесі жіңішке болады. Тері түсі бозғылт, шел қабаты жақсы дамыған. Жыныстық құмарлығы жоқ болады. Кастрат-балалардың ақыл-ойының дамуы да аздап артта қалада. Кастрат-ересектер тітіркенгіш, екпінді, бала мінезді болады.
Аталық бездердің гиперфункциясы кейбір ісік ауруларында кездеседі. Бұл кездегі клиникалық көріністер керісінше болады. Екіншілік жыныс белгілері ерте дамиды, дауысы жуандайды, жыныстық құмарлығы мерзімінен ерте пайда болады.
Әйелдердің аналық безінің дерттік гипофункциясы жыныс белгілерінің дамымауымен сипатталады (шатында жүн өспейді, сүт бездері мен жыныс мүшелері жетілмейді, етеккірі келмейді немесе ретсіз келеді). Кейде жалпы семіру байқалады. Психикалық дамуы өзгереді.
Аналық жыныс бездерінің гиперфункциясы ісіктік дерт кезінде дамиды. Онда қыздарда ерте жыныстық жетілудің барлық белгілері болады. Ісікті алып тастағанда бұл патологиялық құбылыстардың бәрі жойылады.
Ішкі секреция бездерінің қызметімен танысып шығып, олардың организм тіршілігінде қандай маңызды екеніне көз жеткіздік. Алайда олардың қызметі жекешеленген емес, ол орталық жүйке жүйесінің рефлекторлық әсеріне бағынышты.
Эндокриндік ауруы бар балалар зияты қалыпты болған жағдайда жалпы мектепке барады. Ал зияты төмендеген жағдайда, мысалы қалқанша бездің едәуір гипофункциясы кезінде – көмекші мектептерде оқиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет