Лекция 1 Кіріспе. Невропатологияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері. Жүйке жүйесінің құрылымы



бет44/60
Дата23.01.2023
өлшемі1,53 Mb.
#166188
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60
Байланысты:
Лекция 1 Кіріспе. Невропатологияны п ні, ма саты, принциптері м
1551283593, срс9, гоха хирургия, Дипломдық жұмыс жоспары
Өз бетінше дайындық сұрақтары:

  1. Астениялық жағдайлардың нағыз невроздан айырмашылығы неде?

  2. Церебралдық астения деген не? Оның даму себептері?

  3. Қыртыстық белсенді тежелудің дұрыс тәртіп қалыптастырудағы маңызы?

  4. Жүйкесі тозған балалар мен дұрыс тәрбие көрмеген балалардың айырмашылығын түсіндіріңіз?

  5. Емдік-педагогикалық шараларға талдау жасап шығыңыз.

  6. Невроздар (жүйкенің тозуы) ұғымына анықтама беріңіз.

  7. Невроздардың себебі неде? Невроздар қандай ағымды болуы мүмкін?

  8. Невроздардың патофизиологиялық тетіктері қандай? Негізгі жүйке процестерінің қай түрінің басым болуына қарай жүйкесі жұқарған балалардың қандай топтарын ажыратады?

  9. Клиникада невроздың қандай түрлері жиі кездеседі?

  10. Неврастения дегеніміз не?

  11. Истерия немесе есірік дегенді қалай түсіндің?


Лекция 12. Эндокриндік бұзылыстардың әсерінен туатын жүйке жүйеінің өзгерістері

  1. Гипофиз, эпифиз, айырша без, қалқанша без,

  2. Қалқанша маңайындағы бездер, бүйрекүсті бездер және жыныс бездердің бұзылыстарының әсерінен.

  3. Олардың клиникалық белгілері.

Әдебиет:

  1. Ляпидевский С.С. Невропатология. – М.: ВЛАДОС, 2000.-384 с.

  2. Бадалян Л.О. Невропатология. – М.: Академия, 2006.

  3. Бадалян Л.О., Журба Л.Т., Тимонин О.В. Детские церебральные параличи.-Киев: Здоровья, 1988.

  4. Тайжан А.А., Шубаева Ғ.С., Манжуова Л.Н., Байдосова Д.Қ., Тастемірова Г. Невропатология негіздері. 1-бөлім.-Алматы: Қазақ университеті, 2006.-137 б.

  5. Шубаева Ғ.С. Невропатология негіздері. 2-бөлім.-Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ.-2007.-87 б.

  6. Қайшибаев С. Неврология (1-кітап). – Алматы: ҚР ДСМ С.Ж.Асфендияров ат-ғы ҚазММУ, 1999.

  7. Қайшибаев С. Неврология (2-кітап). Арнайы невропатология. – Алматы: С.Ж.Асфендияров ат-ғы ҚазҰМУ, 2003.

  8. Манжуова Л.Н. Клинические особенности развития детей с ограниченными возможностями. Алматы, 2009 (6 б.б.).

  9. Манжуова Л.Н. Мүмкіншілігі шектеулі балалардың дамуының клиникалық ерекшеліктері. - Алматы, 2010 (7 б.б.).

  10. Умешов А.У. Основы невропатологии (для дефектологических специальностей). – Алматы, 2010.

Организмдегі реттеуші жүйелерге жүйке жүйесімен қатар эндокриндік жүйе немесе ішкі секреция бездері жатады. Олар гормондар деп аталатын биологиялық белсенділігі өте жоғары заттар жасап шығарады. Гормондар тікелей қанға бөлініп, бүкіл организмге таралып, тіндер мен жасушалардағы зат алмасу үрдістеріне, организмнің өсуі мен жыныстық жетілуіне, адамның психикалық дамуына, барлық мүшелер мен жүйелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секреция бездері бір-бірімен және жүйке жүйесімен өзара тызыз қарым-қатынаста болады. Организмнің жалпы реактивтілігі, әртүрлі патологиялық үрдістердің ағымы, мысалы инфекциялық процесстің, жаралардың жазылуының және т.б., жүйке және эндокриндік жүйелердің жағдайына тәуелді болады.


Әртүрлі зиянды ықпалдардың салдарынан ішкі секреция бездерінің қызметі бұзылғанда адамның физикалық және психикалық жағдайында түрлі өзгерістер дамиды. Ішкі секреция бездерінің бұзылыстары әдетте гормондардың артық немесе жеткіліксіз мөлшерде бөлінуі түрінде болады. Бұл екеуі де теріс өзгерістер шақырады.
Негізгі ішкі секреция бездерінің құрылысына, қызметіне және олардың зақымдануына байланысты ауруларды қарастырып шығайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет