Лекция 1 Кіріспе. Невропатологияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері. Жүйке жүйесінің құрылымы



бет46/60
Дата23.01.2023
өлшемі1,53 Mb.
#166188
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60
Байланысты:
Лекция 1 Кіріспе. Невропатологияны п ні, ма саты, принциптері м

Қалқанша безі. Ол мойында, көмекей мен кеңірдектің алдыңғы жағында орналасқан. Бала туылған шақта бұл без толық жетілген болады. Ол екі бүйір бөліктен және солардың арасындағы жалғастырушы бөліктер тұрады. Без ұлпасының құрылымы ішінде тұтқыр зат немесе коллоид болатын көпіршіктерден, яғни фолликулдардан тұрады. Без гиперфункциясы тироксин гормонының артық мөлшерде түзілуімен сипатталады, соның нәтижесінде тиреотоксикоз дамиды. Бұл кезде без айтарлықтай ұлғаяды (зоб). Ауру бірқатар симптомдармен сипатталады. Науқас адам бас ауыруына, тез шаршағыштығына, әлсіздікке шағымданады. Дене салмағы тез арада қатты төмендейді, жүрек соғу жиілігі артады, тершеңдік байқалады. Сана-сезімі өзгереді: науқас адам тез қозғыш, сезіктенгіш, тітіркенгіш болады. Жұмыс қабілеті күрт төмендейді. Аурудың тән белгісі – бадырақ көз (экзофтальм). Ол бара-бара ұлғая береді. Зияты зардап шекпейді. Балалық шақта тиреотоксикоздың қатты білінетін түрі сирек кездеседі. Аздап білінетін түрінде балалар мазасыз, қырсық, тітіркенгіш, әр нәрсеге мән бергіш болады, зейін қоюы нашарлайды. Ұйқысы тынышсыз, қорқынышты түстерді жиі көреді.
Қалқанша бездің гипофункциясы көбінесе без атрофиясына байланысты гормон шығарылуының төмендеуіне байланысты болады. Мұндай бұзылыс екі түрлі аурудың дамуын шақырады: микседема және кретинизм.
Микседема, немесе шырышты ісіну, ерте балалық шақта қалқанша бездің жетілмеуінен немесе қызметінің төмендеуінен пайда болатын ауру. Сонымен қатар безді алып тастағанда немесе рентгендік сәулеленуден кейін де микседема пайда болуы мүмкін. Ерте жастағы балалардың клиникасында терінің құрғақтығы, тері асты шел қабатының ісінуі, психофизикалық дамуының тежелуі байқалады. Егер емдеуді ерте жасынан бастамаса, ақыл-ойдың терең артта қалуы дамиды. Жасөспірімдер мен ересектерде қалқанша безі қызметінің жетіспеушілігі жалпы әлсіздікпен, жүрек-қантамыр жүйесінің және асқазан-ішек жолдарының қызметінің нашарлауымен сипатталады. Науқастарда тері қабатының ерекше ісінгендігі, шаштарының түсуі, тырнақтарының қатпарлануы анықталады. Олар енжар, самарқау, ұйқышыл болады, зат алмасуының төмендеуіне байланысты жаурағыштығына шағымданады.
Кретинизм көбінесе қалқанша безі гормондарының түзілуі үшін аса қажетті йодтың суда, топырақта аз болатын аймақтарда (таулы аймақтарда) кездеседі. Кретинизмнің дамуы құрсақішілік кезеңнен басталады да, бала белгілі бір физикалық бұзылыстармен туылады: қаңқаның, әсіресе аяқ-қолдың диспропорциясы, бас өлшемдерінің ұлғайғандығы. Зият дамуы әртүрлі дәрежеде артта қалады: аздап тежелуден айтарлықтай төмендеуге дейін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет