Тайжан А.А., Шубаева Ғ.С., Манжуова Л.Н., Байдосова Д.Қ., Тастемірова Г. Невропатология негіздері. 1-бөлім.-Алматы: Қазақ университеті, 2006.-137 б.
Шубаева Ғ.С. Невропатология негіздері. 2-бөлім.-Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ.-2007.-87 б.
Қайшибаев С. Неврология (1-кітап). – Алматы: ҚР ДСМ С.Ж.Асфендияров ат-ғы ҚазММУ, 1999.
Қайшибаев С. Неврология (2-кітап). Арнайы невропатология. – Алматы: С.Ж.Асфендияров ат-ғы ҚазҰМУ, 2003.
Манжуова Л.Н. Клинические особенности развития детей с ограниченными возможностями. Алматы, 2009 (6 б.б.).
Манжуова Л.Н. Мүмкіншілігі шектеулі балалардың дамуының клиникалық ерекшеліктері. - Алматы, 2010 (7 б.б.).
Умешов А.У. Основы невропатологии (для дефектологических специальностей). – Алматы, 2010.
Жүйке ұлпасының құрамы – нейрондар және глиальдік элементтер.
Жүйке немесе нерв жүйесі адам организміндегі өмірлік маңызы бар басты жүйелердің бірі болып табылады. Ол дененің сыртқы ортаның әсеріне бейімделуін және дененің біртұтас қызметінің іске асуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге нерв жүйесі ішкі мүшелердің қызметін реттейді және бүкіл өмір бойы олардың жұмысын үнемі өзгеріп отыратын сыртқы ортаға сәйкестендіреді. Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі өте күрделі болып келеді.
Нерв жүйесі онтогенезде және филогенезде әртүрлі даму сатыларынан өтеді және бірте-бірте күрделеніп отырады.
Ұсынылып отырған оқу пәнінің мақсаты – студенттерді жүйке тінінің, жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің құрылысымен жүйелі түрде таныстыру, оның қызметінің және дамуының негізгі заңдылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру, жүйке ауруларының түрлерімен, олардың жіктелуімен, себеп-салдарымен, патогенезімен, клиникалық көрінісімен жүйелі түрде танысуы үшін мәлімет беру.
Педагогтар үшін, соның ішінде әсіресе дефектолог мамандар үшін жүйке ауруларын білу маңызды болып табылады. Өйткені олар балалармен жұмыс істей отырып, осындай аурулардың белгілерін дер кезінде байқап, қажетті шаралар қолдана алуы керек. Сонымен қатар жүйке ауруларының алдын-алу шараларын да білуі керек. Жүйке жүйесінің ауруы бар сырқат баланың жағдайын түзетуге дәрігер, ата-ана және мұғалім тығыз байланыста қызмет етсе, көптеген жетістіктерге жетуге болады.
Жүйке жүйесін нерв жасушаларының жиынтығы мен нерв бұтақтары (өткізгіш жолдар) құрайды. Ол орталық (ми және жұлын), перифериялық және вегетативтік жүйке жүйесі болып бөлінеді. Онтогенездік тұрғыдан мидың мына бөлімдерін ажыратады: ақырғы ми (ми жарты шарлары және қыртыс асты құрылымдарының бір бөлігі – стриатум), аралық ми (көру төмпешіктері, төмпешік асты және қыртыс асты құрылымдарының басқа бөлігі – паллидум), орталық ми (төрт төмпешік және ми аяқшалары) және артқы ми (Варолио көпірі, сопақша ми, мишық). Сопақша ми бас сүйегі шегінің сыртында жұлынмен жалғасып жатады. Ми мен жұлыннан бұлшық еттерге, байламдарға, буындарға, теріге перифериялық, яғни шеткі жүйке талшықтары тарайды. Жүйке жүйесі артикуляциялық және қаңқалық моторикамен ғана емес, ішкі мүшелермен де (вегетативтік жүйке жүйесі арқылы) тығыз байланысты болады.
Әрі қарай біз жүйке жүйесінің әр бөлімімен егжей-тегжейлі танысамыз.