Кіріспе. Қазіргі заман Қазақстан тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері. Біздің қазіргі заманғы тарихымыздың аса ауыр тұстары кеңестік әкімшіл-әміршіл кезеңмен сәйкес келеді. Ұсынылып отырған лекциялар курсы міне, осы кезеңнің қайшылықты тұстарының кейбір көлеңкелі, бірақ тарихымызда ұзақ жылдар бойы “жабық” болып келген мәселелерін жаңа, егемен елдің тарихы тұрғысынан баяндауға құрылған. Кеңестік тоталитарлық жүйенің жазықсыз жазалауына ұшыраған халқымыздың көрнекті мемлекет, ғылым мен мәдениет қайраткерлерінің еңбегіне лайықты баға берілген. Қазақ халқы өзінің жерін, елін, тәуелсіздігін сақтап қалу жолында талай қырғын-сүргіндерден өтіп, «ат ауыздығымен су кешкен, ер толарсақтан саз кешкен» замандарды өткерген.
Қазақтың кең-байтақ, қазынаға бай жеріне, берекелі еліне сырттан кім көз алартпады дейсіз. Жайылымдық жер, жазиралы алқаптар мен сан тарау сауда жолдары үшін болған қақтығыстар үздік-создық жалғаса келе ондаған жылдарға созылған соғыстарға айналғаны тарихтан мәлім. Солардың бәрінде қазақ халқының «мың өліп, мың тірілгенін», тарихи-тағдырдың тұщысынан гөрі ащысын көп татқанын жақсы білеміз.
Сан ғасырлық тарихымыздың асыл қазыналары түгел ашылды, жұмбақтары тұтас шешілді деу артық болар. Түгенделмеген дүниеміз, қалпына келтірілмеген қатпарлы тарихи шындықтарымыз әлі де қаншама. Егемен ел болып, еңсе көтергелі бері ғасырлар ауқымына жүк боларлық қыруар шаруа атқарылса да рухани кемелдікке қол жеткізу үшін алдағы уақытта да тынымсыз ізденіс, тыңғылықты зерттеулер бір сәтке толастамайды деп ойлаймыз.
Жалпы осы курста сонымен катар бұрынғы оқулықтарда айтылмаған немесе бұрмаланған мәселелерді камтуғада талпыныс жасалды. Атап айтқанда қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитеттің құрылуы мен қызметі, Қазақстанның біртұтас атырабын қалыптастыру, ҚАССР-нің тұңғыш Конституциясының жасалуы және оның негізгі кағидалары.
Индустриаландыру бағытын қарастырған кезде жетістіктермен қатар жіберген кемшіліктерге де тоқталынады. Атап айтқанда өнеркәсіпті дамытудың шикізаттық бағыты, жұмысшы табының арасындағы казақ өкілдерінің үлес салмағы мен кәсіби деңгейіне жан жақты талдау жасалынды. Курсты оқыту барысында Ұлы Отан соғысы кезіндегі белгісіз фактілермен бұрмалангаи мәселелерге көңіл аударылады.
Неміс-фашист басқыншыларына азат етілген аудандарға Қазақстаннын берген көмегі туралыда мәліметтер айтылады. Тағыда ір көңіл аударылған мәселе - Ұлы Отан соғысынан кейінгі саяси қуғын-сүргіннің екінші кезеңнен басталуы және оның кұрбандары. Токырау көзіндегі өнеркәсіп пен ауылшаруашылығынын жағдайы, артта қалу себептері, Ұлт аралық қатынастағы көленке мәселелер мен онын себептері қарстырылады.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасынын құрылуы шет мемлекетіермен дипломатикалық қарым қатынасы, сыртқы эконмикалық саясаты, шаруашылык-әкімшілік реформалардың іске асырылуы мен оның қортындыларына көңіл аударылды.
Егемендік кезеңінде еліміздін саяси өмірінде болып жатқан өзгерістер туралыда айтылады. Мәселен саяси партиялар мен коғамдық қозғалыстардың өмірге келуі, олардың бағдарламалык принциптері, ұлт аралық татулықты сақтау т.б. мәселелер қамтылады. Қазіргі заман Қазақстан тарихы деректану пәнімен байланыс жасайды. Деректануда ХХ ғасырды қамтитын мерзімді басылымдық, статистикалық, нормативті құжаттық деректердің алатын орны зор. Сонымен бірге қазіргі заман Қазақстан тарихының белгілі кезеңдерін зерттеген ғалымдардың материалдарымен танысу үшін тарихнамалық талдауды қажет етеді.