Лекция №1 ҚР-да педиатриялық қызметті ұйымдастыру


Педиатриядағы шұғыл жағдайлар



бет28/28
Дата16.11.2022
өлшемі182,01 Kb.
#158443
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Ëåêöèÿ ¹1 ?Ð-äà ïåäèàòðèÿëû? ?ûçìåòò³ ?éûìäàñòûðó
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э
Педиатриядағы шұғыл жағдайлар



  1. Анафилактикалық шоктың клиникалық белгілері:

А. Квинке ісігі, кенет есінен тануы, қан қысымының күрт төмендеуі, бронхоспазм
В. Бас айналу, көзінің қарауытуы, есінен тануы, қан қысымының төмендеуі
С. Куссмауль тынысы, аузынан ацетон иісінің шығуы, санасынан айырылуы
D. Бас айналу, құлағының шуылдауы, құсу, қан қысымының жоғарылауы
Е. Дене қызуының көтерілуі, тері гиперемиясы, тахикардия, тахипноэ

  1. Анафилактикалық шоқта қандай антигистаминдік дәрі-дәрмекті қолданбайды?

А. Дифенгидрамин (димедрол)
В. Хлоропирамин (супрастин)
С. Пипольфен
D. Клемастин (тавегил)
Е. Диазолин

  1. Анафилактикалық шокта бронхоспазм болған жағдайда қандай дәрі-дәрмек енгізеді?

А. Эринит
В. Эуфиллин
С. Эналаприл
D. Этамбутол
Е. Энцефабол

  1. Анафилактикалық шок кезінде қан қысымын жоғарылату үшін қандай дәрі-дәрмек енгізеді?

А. Дицинон
В. Довицин
С. Диазолин
D. Дигоксин
Е. Допамин

  1. Анафилактикалық шокта шұғыл көмек кезінде берілетін препараттар:

А. Эпинефрин, преднизолон
В. Изокент спрей немесе нитроглицерин
С. Лазикс, гепарин
D. Эритромицин или пенициллин
Е. Дротаверин, платифиллина гидротартрат

  1. Талманың себептеріне жатады:

А. Жіті респираторлық вирустық инфекциялар
В. Гипотензивті дәрілерді шамадан артық мөлшерде қабылдау
С. Ауыр жарақаттар, жедел қансырау
D. Қаннан қорқу, ұзақ уақыт тар бөлмеде болу
Е. Жіті бүйрекүсті бездерінің жетіспеушілігі

  1. Талмаға тән симптомдар:

А. Қысқа мерзімге естен тану, артериалдық қысымның көтерілуі
В. Қысқа мерзімге естен тану, артериалдық қысымның төмендеуі
С. Ұзақ уақытқа есінен айырылу, кенеттен артериалдық қысымның төмендеуі
D. Жүрек тұсының ауырсынуы, артериалдық қысымның көтерілуі
Е. Жүректің айнуы, артериалдық қысымның көтерілуі

  1. Талма кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек:

А. Камфор спиртін иіскету
В. Этил спиртін иіскету
С. Шөппен ингаляция жүргізу
D. Сальбутамол аэрозоль түрінде қолдану
Е. Мүсәтір спиртін иіскету

  1. Талма кезінде баланы жатқызады:

А. Горизонталды қалыпта, аяқ жағын көтереді
В. Бір қырымен жатқызады, аяқ жағын көтереді
С. Бір қырымен жатқызады, аяқтарын бүгеді
D. Горизонталды қалыпта, басын артқа қарай шалқайтады
Е. Горизонталды қалыпта, бас жағын көтереді

  1. Процедуралық кабинетте көк тамырдан қан алу кезінде 6 жастағы қыз бозарып, есін жоғалтты. Алғашқы көмекті неден бастау керек?

А. Горизонталды қалыпта жатқызу, бас жағын көтеру, дәрігерді шақыру
В. Бір қырымен жатқызу, аяқ жағын көтеру, дәрігерді шақыру
С. Бір қырымен жатқызу, аяқтарын бүгу, дәрігерді шақыру
D. Горизонталды қалыпта жатқызу, басын артқа қарай шалқайту, дәрігерді шақыру
Е. Горизонталды қалыпта жатқызу, аяқ жағын көтеру, дәрігерді шақыру

  1. Талма кезінде жедел көмек көрсету:

А. Науқасты отырғызып, мүсәтір спиртін иіскету
В. Науқастың аяқ жағын жоғары көтеріп жатқызу, этил спиртін иіскету
С. Науқасты бір қырымен жатқызып, мүсәтір спиртін иіскету
D. Науқастың аяқ жағын жоғары көтеріп жатқызу, мүсәтір спиртін иіскету
Е. Науқастың бас жағын жоғары көтеріп жатқызу, этил спиртін иіскету

  1. Коллапстың себебі:

А. Тамақтанудағы ұзақ үзіліс
В. Манипуляциялардан қорқу
С. Жедел қансырау
D. Қаннан қорқу
Е. Ұзақ уақыт тар бөлмеде болу

  1. Коллапстың негізгі клиникалық белгісі:

A. Артериалдық қысымның көтерілуі
В. Дене қызуының көтерілуі
С. Тырыспа
D. Мұрыннан қан кету
Е. Артериалдық қысымның төмендеуі

  1. Мұрыннан қан кеткенде алдыңғы тампонаданы қандай дәрі-дәрмекпен жүргізеді?

А. Вазелин майы
В. 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісі
С. 5% калий перманганаты ерітіндісі
D. 0,02% фурациллин ерітіндісі
Е. 5% кальций хлорид ерітіндісі

  1. Гипертермиялық температура -

А. Дене қызуы 39,00С және одан жоғары
В. Дене қызуы 38,10С-39,00С
С. Дене қызуы 37,20С-38,00С
D. Дене қызуы 36,10С-37,00С
Е. Дене қызуы 38,00С-38,50С

  1. «Ақ» гипертермияның клиникалық белгілері:

А. Тері қызарады, ыстық, ылғалды, аяқ-қолы жылы
В. Тері бозарады «мәрмәр тәрізді», тырнақтары мен еріндері көгереді, аяқ-қолы суық
С. Тері бозарады, құрғақ, түлейді
D. Тері қызарады, «ақ демографизм» симптомы
Е. Тері қызарады, пульс пен тыныс алу жиілейді

  1. «Қызыл» гипертермияның клиникалық белгілері:

А. Тері бозарады «мәрмәр тәрізді», «ақ дақ» симптомы оң
В. Тері қызарады, «ақ демографизм» симптомы
С. Тері бозарады, «қызыл демографизм» симптомы
D. Тері шамалы қызарады, ыстық, ылғалды, аяқ-қолы жылы
Е. Тері шамалы сарғаяды, қышынады

  1. Гипертермиялық синдром кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек:

А. Аяқ жағына жылытқыш қою
В. Баланың кеудесіне қыша қағазын қою
С. Жылы сумен тазалау клизма жасау
D. Баланың денесін этил спирті ерітіндісімен сүрту
Е. Бөлме температурасындағы сумен баланың үстін сүрту

  1. Тырысу синдромы қандай ауруларға тән?

А. Бронхит, пневмония
В. Рахит, гипотрофия
С. Менингит, спазмофилия
D. Цистит, пиелонефрит
Е. Анемия, гемофилия

  1. Тырысу синдромында балалар өміріне қауіп неден төнеді?

А. Артериалдық кысымының төмендеуі
В. Тілдің тыныс жолында кептеліп, тыныс алудың тоқтап қалуы
С. Артериалдық кысымның жоғарылауы
D. Дене қызуының көтерілуі
Е. Дене қызуының төмендеуі

  1. Фебрильді тырысулардың себебі:

А. Қанда иондалған кальций концентрациясының төмендеуі
В. Дене температурасы 38,00С төмен түсуі
С. Қанда глюкоза мөлшерінің төмендеуі
D. Дене температурасы 38,00С жоғары көтерілуі
Е. Дене температурасы 36,00С төмен түсуі

  1. Гипокальциемиялық тырысу кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек:

А. Кальций глицерофосфатын ішке қабылдау
В. 10% кальций глюконаты ерітіндісін көк тамырға енгізу
С. Кальция пангаматын ішке қабылдау
D. 0,9% натрий хлорид ерітіндісін көк тамырға енгізу
Е. 3% натрий бромид ерітіндісін ішке қабылдау

  1. Тырысу синдромы кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек:

А. 0,5% седуксен ерітіндісі
В. 2% папаверин ерітіндісі
С. 2% супрастин ерітіндісі
D. 0,1% адреналин ерітіндісі
Е. Но-шпа ерітіндісі

  1. Тырысу кезінде 2 аптадан 5 жасқа дейінгі балаларға тік ішекке енгізеді (БШАЫЕ):

А. Димедрол
В. Диазолин
С. Диакарб
D. Диазепам
Е. Дибазол

  1. Стеноздық ларинготрахеиттің (жалған қыспақ) жеңіл түрінің клиникалық белгісі (БШАЫЕ):

А. Баланың тыныш күйінде болатын стридор
В. Бала мазасызданғанда ғана естілетін астмоидты тыныс
С. Жиіленген тыныс
D. Цианоз
Е. Бала мазасызданғанда ғана естілетін стридор

  1. Стеноздық ларинготрахеиттің (жалған қыспақ) ауыр түрінің клиникалық белгісі (БШАЫЕ):

А. Бала мазасызданғанда ғана естілетін астмоидты тыныс
В. Бала мазасызданғанда ғана естілетін стридор
С. Баланың тыныш күйінде болатын стридор
D. Ұстамалы жөтел
Е. Экспираторлық ентігу

  1. Стеноздық ларинготрахеит (жалған қыспақ) кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек (БШАЫЕ):

А. Ампициллин, гентамицин
В. Эфедрин, эуфиллин
С. Папаверин, но-шпа
D. Дексаметазон, адреналин
Е. Супрастин, тавегил

  1. Балаға 1 жас 7 ай. Кенеттен жөтел пайда болды, 15 минуттан кейін ентігуге шағымданады. Қарау кезінде: дене қызуы қалыпты, бала белсенді, өкпенің сол жақ жоғарғы бөлігінде ысқырықты сырылдар естіледі, перкуторлы қорапты дыбыс. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

А. Бронх демікпе
В. Жіті ларинготрахеит
С. Жіті пневмония
D. Жіті бронхит
Е. Бронхтың бөгде заты

  1. Жүрекке тікелей емес массажды қолдан дем беру әдісімен бірге өткізген жағдайда төстің басу (компрессия) және дем беру арақатынасы:

А. 1 : 5
В. 30 : 2
С. 15 : 2
D. 10 : 2
Е. 20 : 2

  1. Жүрек-өкпе реанимациясындағы компрессия жиілігі:

А. Минутына 100 рет жиіліктен кем емес
В. Минутына 90 рет жиіліктен кем емес
С. Минутына 80 рет жиіліктен кем емес
D. Минутына 70 рет жиіліктен кем емес
Е. Жасына карай

  1. Жаңа туылған балаға жүрекке тікелей емес массажды жасайды:

А. Орта саусақпен
В. Бас бармақпен (немесе екі қолдың бас бармағымен), қалған саусақтарымен арқасын ұстау
С. Бір қолдың алақан негізімен
D. Екі қолды айқастырып
Е. Сұқ саусақпен

  1. 1-7 жастағы балаға жүрекке тікелей емес массажды жасайды:

А. Бас бармақпен, қалған саусақтарымен арқасын ұстау
В. Екі қолдың бас бармағымен, қалған саусақтарымен арқасын ұстау
С. Сұқ және орта саусақпен
D. Екі қолды айқастырып
Е. Бір қолдың алақан негізімен

  1. 8 жастан бастап жүрекке тікелей емес массажды жасайды:

А. Екі қолды айқастырып
В. Сұқ және орта саусақпен
С. Бас бармақпен (немесе екі қолдың бас бармағымен), қалған саусақтарымен арқасын ұстау
D. Екі қолдың алақан негізімен
Е. Бір қолдың алақан негізімен

  1. Реанимациялық шаралар тиімсіз:

А. Клиникалық өлімде
В. Биологиялық өлімде
С. Агонияда
D. Преагонияда
Е. Барлық аталған жағдайларда

  1. Клиникалық өлім белгілеріне жатады:

А. Ұйқы және басқа артерияларында пульс әлсіз, брадикардия
В. Көз қарашығы шамалы кеңейген, жарыққа реакция бар
С. Терінің түсі бозарған, акроцианоз
D. Жүрек соғуы, тыныс алуы және есінің жоқ болуы
Е. Дене бұлшықеттерінің гипотониясы, гипорефлексия




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет