«Педиатриядағы мейіргер ісі» пәнінен «Мейіргер ісі» мамандығы студенттеріне арналған тест жинағы
Құрастырған: Мырзагулова Ж.Б.
Тараз – Лекция №1 ҚР-да педиатриялық қызметті ұйымдастыру Қай жылы Алма-Аты мемлекеттік медициналық институтында педиатрия факультеті құрылды? **1938 жылы Қазақ социалистік республика одағының Педиатрия институты қашан ашылды? **1932 жылы Қазақстан республикасының Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығын көп жылдар бойы басқарған кім? **К.С. Ормантаев Қазақстанда бала денсаулығын қорғау ісіне үлес қосқан белгілі профессор: **Т.Н. Никонова Қазақстанда бала денсаулығын қорғау ісіне үлес қосқан белгілі профессор: **Н.А. Каюпова Балаларды диспансеризациялау. Денсаулық топтары. Дені сау, дене бітімінің дамуы дұрыс, негізгі мүшелері мен жүйелерінің қызметі қалыпты жағдайдағы балаларды кандай топқа жатқызады? **І топ ІІІ денсаулық тобына жатады: **Созылмалы аурулары компенсация сатысында, мүшелерінің қызмет мүмкіндіктері сақталған балалар V денсаулық тобына жатады: **Созылмалы аурулары декомпенсация жағдайындағы, мүшелерінің қызмет мүмкіндіктері едәуір төмендеген балалар Созылмалы аурулары субкомпенсация жағдайындағы, мүшелерінің қызмет мүмкіндіктері азайған балаларды кандай топқа жатқызады? **ІV топ Ағза мүшелерінің қызмет мүмкіндіктері сақталған, компенсация сатысында созылмалы аурулары бар балаларды қай денсаулық тобына жататынын көрсетіңіз: **ІІІ «Баланың даму тарихы» медициналық құжаттамасын есепке алу нысаны: **№112/е «Баланың медициналық картасы» медициналық құжаттамасын есепке алу нысаны: **№026/е Бала жасының кезеңдері Құрсақішілік кезеңінің ұзақтығы: **280 күн Жаңа туылған кезеңіне тән аурулар: **Омфалит, везикулопустулез Емшек жасындағы кезеңінің ұзақтығы: **29 күннен бастап 12 айға дейін Емшек жасындағы кезеңіне тән аурулар: **Гипотрофия, теміртапшылық анемия Қай кезеңде бала бойының өсуі мен салмақ қосуы қарқынды болады? **Емшек жасындағы кезеңі Сүт тістері кезеңінің ұзақтығы: **1 жастан 6-7 жасқа дейін Мектеп жасына дейінгі алдындағы кезеңде балаларда қандай аурулар жиі байқалады? **Желшешек, дизентерия Тұрмыстық жарақаттар қандай жаста жиі кездеседі? **3 жастан 6-7 жасқа дейін Жоғары мектеп кезеңінің ұзақтығы: **12 жастан 17-18 жасқа дейін Ас қорыту аурулары (гастрит, дуоденит), семіздік баланың қай кезеңінде жиі байқалады? **Жоғары мектеп кезеңі