Лекция №1 ҚР-да педиатриялық қызметті ұйымдастыру


Гипокальциемиялық синдром (спазмофилия)



бет8/28
Дата16.11.2022
өлшемі182,01 Kb.
#158443
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
Ëåêöèÿ ¹1 ?Ð-äà ïåäèàòðèÿëû? ?ûçìåòò³ ?éûìäàñòûðó

Гипокальциемиялық синдром (спазмофилия)
Жылдың қай мезгілінде балалар гипокальциемиялық синдроммен жиі ауырады? **Көктем
Гипокальциемиялық синдром ауруында қанда болатын өзгерістер: **Гипокальциемия, гиперфосфатемия, алкалоз
Жасырын гипокальциемиялық синдромына жатады: **Труссо симптом
Айқын гипокальциемиялық синдромына жатады: **Ларингоспазм
Ларингоспазм - **Көмейдің қарысуы
Труссо симптомында: **«Акушер қолының» көрінісі шығады
Карпопедалдық спазмда байқалады: **Табан мен қол бұлшықеттерінің тоникалық құрысуы
Гипокальциемиялық синдромының эклампсиядағы негізгі клиникалық симптомы: **Клонико-тоникалық тырысу
Гипокальциемиялық синдромының эклампсиясын емдеуде қолданылатын дәрі-дәрмек: **Седуксен
Седуксеннің фармакологиялық әсері: **Тырыспаға қарсы
Гипокальциемиялық синдромының негізгі емі: **Кальций препараттары
Экссудативті-катаральді диатез
Экссудативті-катаральді диатездің этиологиясы: **Тағам-аллергендер
Экссудативті-катаральді диатез қандай тағамдарды қолданған кезде жиі болады? **Жұмыртқа, шоколад, цитрустар
Қандай жастағы балалар экссудативті-катаральді диатезбен жиі ауырады? **2 жасқа дейін
Экссудативті-катаральді диатездің симптомы: **Гнейс
Экссудативті-катаральді диатездің симптомы: **Экзема
Басты гнейстен тазалау үшін қолданылады: **Залалсыздандырылған өсімдік майы
Экссудативті-катаральді диатезді емдеуде қолданылады: **Антигистаминдік дәрілер
Антигистаминдік дәрілерге жатады: **Тавегил, супрастин
Экссудативті-катаральді диатезді емдеуде қандай емдеу ваннасын тағайындайды? **Итошаған (череда)
Экссудативті-катаральді диатезді емдеуде қолданылады: **0,025% синафлан жақпамайы
Диареялар (БШАЫЕ)
Диареяның негізгі симптомы: **Күніне 6 реттен көп сұйық нәжіс
2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру баланы қарау жүргізгенде: бала ес-түссіз, көздері «шүңірейген», сұйықтықты іше алмайды, тері қатпары өте баяу жазылады. Диареяны қалай жіктейсіз? **Ауыр сусыздану
2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру баланы қарау жүргізгенде: бала мазасыз, көздері «шүңірейген», сұйықтықты шөліркеніп ішеді, тері қатпары баяу жазылады. Диареяны қалай жіктейсіз? **Орташа сусыздану
9 кг салмақпен 12 айлық балада 4 күн бойы сұйық нәжіс байқалады, дене қызуы 37,50С. Жалпы қауіпті белгілері жоқ, қабағы ісінген, сұйықтықты ұсынғанда шөліркеніп ішеді, тері қатпарлары 2-3 секундтан кейін жазылады. БШАЫЕ бағдарламасы бойынша осы диарея қалай жіктеледі? **Орташа сусыздану
Сусыздану белгісі: **Сұйықтық шөліркеніп, сараңдықпен ішеді
2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру баланы қарау жүргізгенде нәжісінде қан болса диареяны қалай жіктейсіз? **Дизентерия
2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балада сусыздану белгілері жоқ, бірақ диарея 14 күн және одан да ұзақ уақытқа созылса (БШАЫЕ), диареяны қалай жіктейсіз? **Созынқы диарея
Жіті диарея деп есептеледі, егер: **Диарея 14 күнге дейін созылса
Ауру балада диарея болса, іштің тері қатпарларының реакциясын (БШАЫЕ) қай жерде тексереді? **Кіндігі мен іштің бүйір жағының арасында
Ауыр дәрежелі сусыздану кезінде тері қатпары жазылады: **2 секундтан ұзақ
Диареясы бар ауру балада сусыздану белгілері жоқ болса (БШАЫЕ), қандай емдеу жоспарын тағайындайды? **А жоспары
Диареясы бар ауру балада орташа сусыздану белгілері бар болса, (БШАЫЕ) қандай емдеу жоспарын тағайындайды? **Б жоспары
Диареясы бар ауру балада ауыр сусыздану белгілері бар болса, (БШАЫЕ) қандай емдеу жоспарын тағайындайды? **В жоспары
Диареяны үйде А жоспар бойынша емдеу жүргізгенде (БШАЫЕ), қандай дәрі-дәрмек тағайындайды? **Цинк препаратын
Диареяны үйде емдеу кезінде А жоспар (БШАЫЕ) бойынша тағайындайды: **Қосымша сұйықтықтар, ішке цинк препараттарын
Аймақтық медбике 4 айлық баланың үйіне вакцинацияға шақырту мақсатында келді. Баланың аурғанына 2 күн болғаны белгілі болды. Тәулігіне үш рет көп сұйықты нәжіс мазалайды. Тексеру кезінде жалпы қауіпті белгілері жоқ. Бала мазасыз, көзі шүңіреймеген, тері қатпарлары тез жазылады. Егер Сіз диареяны үйде емдеудің А жоспарын таңдасаңыз, бала қанша сұйықтық мөлшерін ішу керек? **Әр сұйық дәреттен кейін 50-100 мл
Үйде диареяны емдеуге арналған ережелердің бірі: **Тамақтандыруды жалғастыру
Диареяны Б жоспар бойынша емдеу кезінде тағайындайды (БШАЫЕ): **Пероралды регидратациялық тұз 75 мл/кг мөлшерінде 4 сағат ішінде беру
Диареяны В жоспар бойынша емдеу кезінде тағайындайды (БШАЫЕ): **Көк тамырға физиологиялық ерітіндісін 100 мл/кг мөлшерінде енгізу
Ауыз арқылы регидратацияны (БШАЫЕ) жүргізеді: **Пероралды регидратациялық тұз ерітіндісімен
Пероралды регидратациялық тұз бен қайнаған суды қандай арақатынысымен ерітеді? **1 пакет 1 литр суға
Ауыр сусыздануда ауру балаға (БШАЫЕ) қандай сұйықтықты көк тамырға енгізеді? **Натрий хлорид физиологиялық ерітіндісін
Ауыр сусызданумен өтетін диарея болса, бала сусын іше алмаса, сұйықтықты тамырішілік енгізу тағайындалады. Ауыр сусызданумен өтетін диареяда қандай ерітінді тамырішілік енгізіледі? **Рингер лактат ерітіндісі
Орташа сусыздануда ауру балаға (БШАЫЕ) ұсынған пероралды регидратациялық тұз мөлшерін қанша уақытта беру керек? **4 сағат ішінде
2 айға дейінгі ауру баланы қарау жүргізгенде: бала кимылдамайды, көздері «шүңірейген», тері қатпары өте баяу жазылады. Диареяны қалай жіктейсіз? **Ауыр сусыздану
2 айға дейінгі ауру баланы қарау жүргізгенде: бала мазасыз, көздері «шүңірейген», тері қатпары баяу жазылады. Диареяны қалай жіктейсіз? **Орташа сусыздану
4 жасар балаға «Жедел ішек инфекциясы, энтероколит синдромы» диагнозы қойылды. Қандай емдік диетаны тағайындау керек? **№4 диета


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет