Лекция Тақырып: Оқушылардың даму физиологиясы. Кіріспе Жоспар: Балалардың өсуі мен дамуы, олардың көрсеткіштері Адам жасының кезеңдері



Дата16.12.2021
өлшемі14,68 Kb.
#101736
түріЛекция
Байланысты:
Лекция-1601280380854
doc (1), 137035, bas-miynyң-organikalyқ-midyң-қantamyrlyқ-aurularytravmadan-keyіngі-psihozinfektsiyaіsіk-kezderіndegі-psihikalyқ-bұzylystar, Саба ты та ырыбы оз алыс а берілген есептер О у ма саты, Органикалық химияның теориялық негіздері

1 Лекция

Тақырып: Оқушылардың даму физиологиясы. Кіріспе

Жоспар: Балалардың өсуі мен дамуы, олардың көрсеткіштері

Адам жасының кезеңдері



Кілт сөздер: физиология, өсу, даму, акселерация, мүшелер

Иллюстративті материал: дәрістің мультимедиялық формасын студенттер кафедрадан алады.

Жас өспірімдер физиологиясы мен гигиенасы балалар организмінің жасына сай құрылыс, қызмет ерекшеліктерін, өсу және даму барысындағы барлық адамға ортақ түрлі заңдылықтарын қарастырып, денсаулығын сақтау үшін қажетті қолайлы жағдайларды ұсынады.Бұл ғылым балалардың денесінің дұрыс дамуын, ақыл-ойының жетілуін қамтамасыз етіп, оған қажетті жағдайларды ұсыну арқылы түрлі аурулардың алдын алады, еңбек қабілетін күшейтеді, дене шынықтыру жолдарын, күн кестесі мен түрлі еңбек кестелерінің бала организміне тиімді түрлерін анықтайды.

Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды. Организмнің негізгі 3 дене көрсеткіштері бар: бойы, салмағы, кеудесі. Өсу мен қатар организмде даму процесі жүріп жатады. Даму сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың дифференциясы белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрісінің молаюын айтады. Баланың дамуы 2 түрлі болады: физикалық және функциялық.

Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше заңдылықтары бар:



  • өсу мен даму гетерохронды болады

  • мүшелер мен мүшелер жүйесінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі

  • өсу мен даму баланың жынысына байланысты

  • функциялық мүшелер жүйесі мен мүшелер қызметтерінің беріктігі

  • өсу мен дамудың тұқымқуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі

  • өсу мен дамудың акселерациясы

Адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген:

  1. Жаңа туған сәби(алғашқы 10 күн)

  2. Емшектегі сәби(10 күннен 1 жасқа дейін)

  3. Алғашқы балалық шақ(1-3 жас)

  4. Бірінші балалық шақ(4-7 жас)

  5. Екінші балалық шақ(қыздар 8-11 жас, ұлдар 8-12 жас)

  6. Жеткіншек немесе жасөспірімдер(12-15, 13-16)

  7. Кәмелеттік немесе жігіттік/бойжеткендік(16-20, 17-21)

  8. Ересектік мерзімнің 1-ші жартысы(әйелдер 21-35, ерлер 22-35)

  9. Ересектік мерзімнің 2-ші жартысы(36-55, 36-60)

  10. Егде жас(55-74, 60-74)

  11. Қариялар немесе кәрілік(74-90 жас ерлер мен әйелдерде бірдей)

  12. Ұзақ өмір сүрушілер(90 жастан әрі қарай)

Әдебиеттер:

1. К. Дүйсенбин. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. А., 2003ж.



2. М.. Нұрышев «Адам анатомиясы» оқулық, А.Қарасай, 2006 348 бет

3. М.. Нұрышев «Адам анатомиясы» оқулық, А.Қарасай, 2006

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет