Қан түзу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері Құрсақішінде ұрықтың қан түзілуі қашан басталады? **2-3 аптасында Эмбрионалдық кезеніңде қандай мүшеде қан түзілмейді? **Айырша безде Жыныстық жетілуі кезеніңде қандай мүшелерде қан түзілмейді? **Бауырда Неге сәбилерде инфекция қанға түсіп, тез таралады? **Лимфа түйіндерінің қызметі толық жетілмеген Айырша безі қай кезде жақсы дамыған? **Туған кезде Баланың жыныстық жетілгеннен соң, айырша безін кері дамуы қалай аталады? **Инволюция Қан түзу реттеуіне қандай витамин қатысады? **Цианокобаламин Жаңа туған нәрестенің қан талдауындағы эритроциттердің саны: **5,0-7,0∙1012/л Жаңа туған нәрестенің қан талдауындағы гемоглобин деңгейі: **180-240 г/л Жаңа туған нәрестенің қан талдауындағы лейкоциттер саны: **10-30∙109/л Теміртапшылықты анемия Сәбилерде ағзаға тамақпен темір, ақуыз және витаминдердің жеткіліксіз түсуі қандай ауруға шалдығады? **Теміртапшылықты анемия Сәбилерде ерте қолдан тамақтандыруға ауыстыру қандай ауруға әкеледі? **Теміртапшылықты анемия 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру баланың алақандарының көрнекті бозаруы (БШАЫЕ) тән: **Ауыр анемияға 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру баланың алақандарының шамалы бозаруы (БШАЫЕ) тән: **Анемияға Жеңіл анемияның қан талдауындағы гемоглобин деңгейі: **90-100 г/л Орташа ауыр анемияның қан талдауындағы гемоглобин деңгейі: **70-90г/л Анемия ауруында қан талдауындағы өзгерістері: **Эритоцитопения Сидоропения - **Сарысудағы темір деңгейінің төмендеуі Темірге бай тағамдарға жатады: **Бауыр, жұмыртқаның сарысы, сиыр еті Теміртапшылық анемияның негізгі емі: **Темір препараттары Темір препараттарға жатады: **Ферроплекс Темір препараттарына жатады: **Актиферин Темірдің сіңірілуін жақсартатын витамин: **Аскорбин қышқылы Сізге бір жасар баланың анасы баласының тәбетінің төмендеуі, әлсіздігіне шағымданды. Қарау кезінде тері жамылғысы мен шырышты қабаттары бозарған, жүрек ұшында систолық шуыл естіледі. Қанның жалпы талдауында: гемоглобин (Hb) – 72 г/л, эритроциттер -3,1×1012/л, түсті көрсеткіші - 0,7.
Сіздің болжамды диагнозыңыз? **Теміртапшылықты анемия Теміртапшылықты анемия жеңіл дәрежесі анықталған баланың ата-анасына тамақтандыру рационы бойынша, берілетін ұсыныстарды таңдаңыз: **Ет, балық, субпродукты, қарақұмық және тары ботқасын пайдалану Гемофилия Гемофилия қандай ауру? **Х-рецессивті қиылыса берілетін іштен болатын ауру Гемофилия ауруында қанаққыштық не себептен болады? **Плазмалық факторлардың коагуляциялық (қан ұю) белсенділігінің кемуі А гемофилияда қандай қан ұю факторының жетіспеушілігі анықталады? **VIII В гемофилияда қандай қан ұю факторының жетіспеушілігі анықталады? **IX Гематома, гемартроз, қан ұю мерзімінің ұзаруы қандай ауруға тән клиникалық белгілер? **Гемофилия Гемартроз дегеніміз: **Буынға қан құйылуы Гемартроз қандай аурудың клиникалық көрінісі? **Гемофилия Гемофилия ауруында қан өзгерістері: **Қан ұю мерзімі ұзарады Баланың мұрнынан қан кеткенде Сіздің тактикаңыз: **Баланы отырғызып, басын алға қарай еңкейту Гемофилия ауруында кез келген манипуляция, тіс экстракциясы (жұлу) қандай дәрігердің бақылауымен жүргізіледі? **Гематолог Гемофилиямен ауырған баланың диспансерлік бақылауының мерзімі? **Өмірлік бақылау