Пневмония (БШАЫЕ) БШАЫЕ стратегиясының негізгі мақсаттары: **5 жасқа дейінгі балалардың өлім-жітімді, аурушаңдықтың жиілігі мен ауырлығын, мүгедектілікті төмендету, физикалық және психикалық дамуын жақсарту. 5 жасқа дейінгі балалардың негізгі өлім себептері (БШАЫЕ): **Пневмония, диарея, малярия, тамақтану бұзылысы, қызылша 2 айдан 5 жасқа дейінгі барлық ауырған балаларда міндетті түрде анықталатын жалпы қауіпті белгісіне жатады (БШАЫЕ): **Бала емшек еме алмайды немесе сусын іше алмайды 2 айдан 5 жасқа дейінгі барлық ауырған балаларда міндетті түрде анықталатын жалпы қауіпті белгісіне жатады (БШАЫЕ): **Дәл осы ауру кезіндегі тырысу 2 айдан 5 жасқа дейінгі балаларда жалпы қауіпті белгілеріне жатады (БШАЫЕ): **Летаргия, ес-түссіз Астмоидты тыныс (БШАЫЕ) - **Бала демін шығарған кезде естіліп тұрған, ақырын шығатын дыбыс Стридор (БШАЫЕ)- **Бала дем алған кезде шығатын қатты дыбыс Стридор және астмоидтық тынысын анықтау үшін (БШАЫЕ): **Баланың аузына құлақты төсеу арқылы тыңдау 2 айдан 12 айға дейінгі ауру балада жөтел немесе тыныс алудың қиындауы бар болса, жиіленген тыныс алу деп есептеледі (БШАЫЕ): **1 минутта 50 не одан көп 12 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балада жөтел немесе тыныс алудың қиындауы бар болса, жиіленген тыныс алу деп есептеледі (БШАЫЕ): **1 минутта 40 не одан көп БШАЫЕ бағдарламасы бойынша жөтел немесе тыныс алудың қиындауын бағалаудың бір белгісі: **Кеуде қуысының ішіне тартылуы Егер 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балада жөтел немесе тыныс алудың қиындауы 30 күннен артық созылса (БШАЫЕ), қандай ауруға зерттеу жүргізіледі? **Туберкулез 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балада ауыр пневмонияның белгілеріне жатады (БШАЫЕ): **Тыныш кезіндегі стридор Егер 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балада пневмония және астмоидты тыныс алуы бар болса, қандай бронхолитик тағайындалады (БШАЫЕ)? **Сальбутамол Пневмония кезінде 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балаға қандай ауыз арқылы берілетін антибиотик тағайындалады (БШАЫЕ)? **Амоксициллин Ауыр пневмония кезінде стационарға шұғыл түрде жолданатын және бактерияға қарсы дәріні ауыз арқылы қабылдай алмайтын 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балаларға қандай антибиотиктерді бұлшықетке енгізеді (БШАЫЕ)? **Ампициллин, гентамицин 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауырған баланы шұғыл түрде анасы тез арада қайтып алып келуі тиіс (БШАЫЕ), егер балада: **Сусын іше алмаса немесе еме алмаса