Лекция №1 Социально-экономическая ситуация в Казахстане – предпосылки борьбы за независимость


ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ БАСТАЛУ КАРТАСЫ



бет11/13
Дата26.05.2022
өлшемі2,86 Mb.
#145056
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Мемлекеттік құрылыстың кеңестік моделін енгізу

ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ БАСТАЛУ КАРТАСЫ

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ

  • Басталуы – 22 маусым 1941 жыл
  • Аяқталуы – 9 мамыр 1945 жыл
  • КСРО-ға қарсы агрессия жасап, фашистік идеологтар Кеңес үкіметіне тарапынан қуғын-сүргінге ұшыраған, бұрынғы ақ гвардияшыларға, капиталистер мен помещиктерге, жаппай террор мен тоталитарлық режимнің зорлық-зомбылығына душар болған адамдардың қолдауына ие боламыз деп үміттенді.
  • Бұрақ та кеңес адамдары жаумен ынтымақтастық идеясына жол бермеді. Отанға деген адалдық, патриотизм, Отанды қорғау мақсатында барлығы мүддені көздеп жаумен шайқасуға бел буды.
  • Екінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда Кеңес әскерлері, олардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар соғысып, фашистік басқыншылармен қиян-кескі шайқастар өткізді.

ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС МАЙДАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР

  • 1 миллион 200 мың адам майданға шақырылды.
  • 410 мың адам қайтыс болды
  • 12 атқыштар , 4 кавалериялық дивизия, 7 атқыштар бригадасы, 50-ге жуық жеке полк пен батальон құрылды.

1941 ЖЫЛДЫҢ МАУСЫМ АЙЫНЫҢ СОҢЫ., КСРО-НЫҢ ОҢТҮСТІК –БАТЫС ӨҢІРІ, БАЛАЛАР БОМБАЛАУДАН ТЫҒЫЛУДА

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАТЫС АУМАҚТАРЫ МАЙДАН ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АЙМАҚ БОЛЫП ЖАРИЯЛАНДЫ

СТАЛИНГРАД ШАЙҚАСЫ 1942 ЖЫЛҒЫ 17 ШІЛДЕ - 1943 ЖЫЛҒЫ 2 АҚПАН

ПАВЛОВ ҮЙІ

  • Павловтың үйі (Сарбаздар даңқы үйі) - Сталинградта орналасқан 4 қабатты тұрғын үй, бір топ кеңес жауынгерлері 58 күн бойы қорғанысты ерлікпен қорғады.
  • Осы интернационал батырлар отбасының мүшесі – оңтүстік Қазақстандық жауынгер Толыбай Мырзаев болды.

«СТАЛИНГРАД» КИНОФИЛЬМІНЕН ҮЗІНДІ (РЕСЕЙ, 2013)

КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ

  • 497 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды 2 қазақ аруы - Мәншүк Мәметова, Алия Молдағұлова Жәнібек Елеусов - Кеңес Одағы батыры атағын ең жас қазақ 2 рет Кеңес Одағының батырлары - ұшқыштар - Т. Бигелдинов, С.Луганский, Л. Беда
  • Неміс бөлімшесінің штаб-пәтеріне кірген Төлеген Тоқтаровтың ерлігі. Бородино селосында 5 неміс офицерін жойды. Ол қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағын берілді. Саяси нұсқаушы Мәлік Ғабдуллиннің басшылығымен пулеметшілер тобы жау танктерін жойып, өзінің бөлімшелерін қоршаудан шығарып алды. Неміс фашистерімен болған шайқастардағы әскери ерлігі үшін М.Ғабдуллинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қазақстан жауынгерлері Ленинградты қорғауда ерлікпен шайқасты. 1941 жылдың 9 қыркүйектен бастап 310-шы атқыштар дивизиясы, Қазақстанда құрылған 314-ші дивизия Ленинградтың қорғауға белсенді қатысты. Ленинград үшін болған шайқастардың қиын күндерінде Сұлтан Баймағамбетов Александр Матросовтың өлмес ерлігін қайталап, Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Нева қаласындағы қоршауды бұзуға қатысқан шайқастарда комсомолецтер, 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкінің 5-ші атқыштар полкінің командирі Қойбағаров сарбаздардың ұрыс қимылдарын шебер басқарды. Қазақстандық әскери бөлімдердің үштен бірі Ленинградтың түбінде қарсы шайқасты. Ораньенбаум көпірінде 48-ші атқыштар дивизиясының асқан мергені Дүйсенбай Шыныбеков ерлікпен соғысты. Мергендер қозғалысының бастауында 314-ші дивизиясында Солтүстік Қазақстан облысыь Степан Разин атындағы ауылшаруашылық картельінің бұрынғы колхозшысы болған Г.З. Зубков және Ленин қаласы үшін болған шайқастарда және артиллериялық бақылау әуе шарының дивизиясының командирі С.Жылқышиевтар асқан ерлік көрсетті.
  • Ең танымал төрт жауынгер екі рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды: шабуылдаушы ұшқыштар Т.Я. Бегилдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов және жауынгер ұшқыш С.Д.Луганский. Батырлар қатарында пулеметшілер М..Мәметова, мерген А. Молдағұлова, мергендер С. Баймағамбетов, С.Лутфуллин, Мин Сен Юр, пулеметшілер С. Мүткенов, И.К. Новиков, қаруландырушы П.К. Миллер, минометші К. Спатаев, атқыш М.М. Катаев, сапер П. И. Гончар, торпедалық қайықтың командирі Б.П.Ущев, атқыштар дивизиясының командирі Г.Сейфуллин;
  • 110 қазақстандық үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет