1. Қазақстандағы индустрияландыру 2. Ф.И. Голощекин және оның Қазақстандағы «Кіші қазан» ұжымдастыру саясаты 3. Қазақстандағы тоталитарлық режим 4. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан 5. ХХ ғасырдың 20-40-жылдарындағы ғылым мен мәдениет.
1. Қазақстандағы индустрияландыру
Индустриализация – экономиканың барлық салаларында, әсіресе өнеркәсіпте кең көлемді машина жасауды құру процесі.
ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ
- елдің техникалық және экономикалық артта қалушылықтарын жою; - экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу; - қуатты қорғаныс өнеркәсібін құру; - негізгі салалардың (отын, металлургия, химия, машина жасау) басымдығын дамыту; - жұмысшы табы мен өндірістік және техникалық интеллигенцияны қалыптастыру.
Қазақстан экономикасында ауыл шаруашылығы басым болды (өнімнің 84,4%) халықтың 90% -ы ауылдық жерлерде өмір сүрді. Сондықтан да аймақтың техникалық-экономикалық артта қалуын жою керек болды. Бұл мәселені шешу үшін Қазақстанда елді индустрияландырудың бас жоспары енгізілді.

ТАБИҒАТ БАЙЛЫҚТАРЫН ЗЕРТТЕУ
Қазақстандағы индустрияландыру бірінші бесжылдықтың (1928-1932 жж.) жүзеге асырылуымен сәйкес келді және бұл шара табиғи ресурстарды зерттеуден басталды.
Мұнымен төмендегі ғалымдар айналысты:
Академик Н.С. Курнаков Қазақстанды «Кеңес Одағының металлогендік провинциясы» деп атады;
Академик И.М. Губкин Орал-Ембі мұнайлы аймағын зерттеді;
Қ.И. Сәтпаев Жеқазған аймағындағы мыс кен орындарын зерттеген геолог-инженер.