Фразеологиялық тізбек. Бұл да фразеологиялық бірлік сияқты еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолданудан келіп шығады. Яғни тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы лексикалық мағынасы бүтіндей жойылмағанымен, жойылуға жақындап, күңгірт тарта бастаған. Мұнда ерікті мағынасындағы сөз бен фразеологиялық қалпындағы сөздің тіркесінен жасалып, сол тізбек күйінде қолданылады. Мысалы: бота көз, қоян жүрек, асқар бел, тоң мойын, сойдақ тіс, күміс көмей, жел аяқ т.б.
Фразеологизмдер құрылым-құрылысы жағынан екі топқа бөлінеді:
1) құрылым-құрылысы сөздердің белгілі бір тіркесі болып келетін фразеологизмдер. Мысалы: шақша бас, қарақат көз, ашық ауыз, ала қол, қалқан құлақ, мұрты шағылмаған, саусақпен санарлықтай т.б.
2) құрылым-құрылысы жағынан сөйлемге тең фразеологизмдер. Мысалы: бір қолын екі ете алмады, екі иығынан дем алды, ел бетін көрместей болды, табанын жерге тигізбеді, аузына ақ ит кіріп, қара ит шықты, ішкен асы бойына дарымады, ашса алақанында, жұмса жұдырығында, балтыры сыздады, қой үстінде бозторғай жұмыртқалады т.б.
Әдебиеттер:
1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы 1973 ж.
2. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. Алматы 1975ж.
3.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы 1997ж.
4.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикасы. Алматы. 1988ж.
5.Айғабылов А. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1996ж.
6.Аханов К. Қазақ тілінің лексикологиясының мәселелері. Алматы. 1956ж
Достарыңызбен бөлісу: |