Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны



бет12/101
Дата07.02.2022
өлшемі496,98 Kb.
#96327
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   101
Байланысты:
5. Лекциялар жинағы

Лекция №2.6


Лекцияның тақырыбы: Омонимдер.


Жоспар:
1.Лексикалық омонимдер, көп мағыналы сөздерден айырмашылығы.
2. Омонимдердің түрлері, пайда болу жолдары.
Омонимдер деп дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары әр түрлі сөздерді айтамыз. Бұлардың білдіретін ұғымы бір сөз табына да, әр сөз табына да қатысты болып дараланып тұрады. Мағына жағынан әр ұғымның өзара жақындығы, ұқсастығы мүлдем сезілмейді. Қайта бір-біріне соншалақты алшақ, кереғар екендігі аңғарылады. Мысала: Ара. 1.Гүл шырынынан бал жинайтын қанатты жәндік 2.Ағаш кесетін жұқа темірден жасалған құрал. 3 Екі орта, аралық.
Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің сыртқы формасы жағынан бір-біріне ұқсастығы бар. Сөздердің дыбыстық құрылымы жағынан бұлар бірдей деуге болады. Бұлардың бір-бірінен өзгешелігі тұлғасында емес, мағынасында жатыр. Көп мағыналы сөздердің екі я одан да көп мағынасы болады. Бірақ бұлар әр сөз табына емес, бір ғана сөз табына қатысты. Сондықтан да көп мағыналы сөздердің бір негізден (тура мағына) шыққандығын мағыналардың өзара жақындығынан, ұқсастығынан бірден танып білуге болады. Мысалы: майда тас, майда шөп дегендерден ұсақ, уақ дегенді, майда ұн, майда сөзде жұмсақ, биязы дегенді түсінеміз. Ал мінезі майда дегеннен сыпайы, жайдары дегенді аңғарамыз. Бұл мағыналардың бір ғана сөз табына қатысты болып, бір негізден тарағандығы ап-айқын білініп тұр.
Омонимдердің омоним екеніне көз жеткізу үшін синоним іздеу керек. Проф. Г.Федоровтың айтуынша, бірдей дыбысталатын сөздерге синоним мағыналы сөздердің ешбір қатысы болмайды. Мысалы: Ат-есім; Ат –жылқы; Ат – мылтықты ат.
Қазақ тіліндегі омонимдердің жасалуының бірнеше амал-тәсілдері бар. Бұл туралы ғалымдар әр түрлі пікірлер айтады. Мәселен. І.Кеңесбаев , Ғ.Мұсабаев 3 түрлі жолмен жасалады дейді.
Ал, Ә.Болғанбайұлы, Ғ.Қалиұлы өз еңбегінде омонимдерді 4 түрлі жолмен жасалады деп көрсетеді.

  • тілдегі көп мағыналы сөздердің есебінен сөздің семантикалық жақтан дамуы арқылы келіп шыққан омонимдер. Мағыналарының бір-бірінен алшақтап дамуы нәтижесінде шыққандықтан, омонимнің мұндай түрлерін лексикалық тәсіл арқылы жасалған омоним деп атаймыз. Мысалы. Көк. 1көгерген түс. 2аспан, әуе.3 көгеріп шыққан өсімдік.

  • сөздердің фонетикалық өзгерістерге ұшырап, дыбыстық құрамы жағынан бірдейлесуі арқылы жасалған омонимдер. Мысалы: атқа салатын ер сөзінің бастапқы дыбыстық қалпы егер болған, тілдің дамуы барысында сөз ортасындағы г дыбысының түсіп қалу салдарынан ер формасына айналып, батыл, еркек, күйеу ұғымында жұмсалатын ер сөзімен бірдей айтылып, омоним жасалған.

- аффикстер жалғану арқылы жасалған туынды омонимдер. Түбір сөзге әр түрлі қосымшалар қосылу нәтижесінде пайда болған омонимдер туынды омонимдер деп аталады. Олар бірнеше жұрнақтар арқылы жасалады:
Омофон (гр. Homos-бірдей, phone-дыбыс, дауыс) –айтылуы бірдей, бірақ жазылуы әр түрлі сөздер. Мысалы: көнбе және көмбе сөздері. Біреудің ыңғайына көшпеу мәніндегі болымсыз етістік көнбе сөзінің түбіріндегі н дыбысы өзінен кейінгі б дыбысының ықпалымен м болып өзгеруі нәтижесінде көмбе болып айтылады. Сөйтіп, ол «меже, мәре» мәніндегі көмбе сөзіне айтылуы жағынан ұқсап, омофон болып тұр. Болады-болат, тұзшы-тұщы, асшы-ащы т.б.
Омограф (гр.homos-бірдей, grapho - жазу) –жазылуы бірдей болғанымен, айтылу әр түрлі сөздер. Олардың айтылуындағы айырмашылық негізінде екпінге байланысты. Мысалы: Зат есім алма мен болымсыз етістік алманың жазылуы бірдей болғанмен, алғашқысын айтқанда екпін екінші буынға түсіп, олардың айтылуы бірдей болмай тұр. Мысалы: салма, көрме, көрші.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет