Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны



бет10/101
Дата07.02.2022
өлшемі496,98 Kb.
#96327
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   101
Байланысты:
5. Лекциялар жинағы

Ұ әрпінің емлесі
Ұ - жуан, қысаң, еріндік дауысты дыбысты белгілейтін әріп. Сөздің алғашқы буынында жазылады: тұйғын, тұқым, тұлпар, ұран, ұстаз т.б. Бұл әріп те, ол белгілейтін дыбыс та орыс тілінде жоқ, қазақ тілінің ерекшелігі.
Ескерту: 1. Басқа тілден енген сөздерде кейінгі буындарда қолданылады: марқұм, мақсұт, мақұл, мақұлық, башқұт, бұлбұл,мағлұм т.б.
2. Біріккен сөзде кейінгі буындарда қолданылады.
3. Қос сөздің екінші сыңарында жазылады: ала-құла, алым-жұлым, жалт-жұлт т.б.
Бірінші буында «ұ» дыбысы келсе, екінші буындағы қысаң дауысты «ы» дыбысы «ұ» болып айтылды, бірақ жазуда «ы» жазылады. Мысалы: айтылуы-құлұн, жазылуы - құлын. Сондай-ақ сөз басындағы «р» дыбысының алдынан да «ұ» дыбысталады (айтылуы - ұрұқсат, жазылуы – рұқсат).
Ы, і әріптерінің емлесі
Ы, і – жуан және жіңішке қысаң, езулік дыбыстардың әріптері. Бұлар сөзде орын талғамайды, барлық буында жазыла береді: ызғырық, ыстық, ықылас, ізгілікті, ізденгіш, ізетті т.б.
І әрпі, ол белгілейтін дыбыс орыс тілінде жоқ.
1. Сөздің құрамында ы, і естілгенімен, жазылмайтын жағдайлар бар: а) сөз р, л дбыстарынан басталса, айтылуы ы, і дыбыстары естілгенімен, жазылмайды: разы, рұқсат, рәсім, лақ,ләззат т.б.
ә) Ы, і әрпітері я, ю әріптерінің алдынан жазылмайды: қиямет, қиянат, биязы, биялай, қию, жию т.б.
2. Сөз құрамындағы ы, і дыбыстарының түсіп қалып, жазылмайтын жағдайлары:
а) Етістік ы, і дыбыстарына аяқталып, оған тұйық етістіктің –у жұрнағы жалғанғанда, ы, і әрпітері түсіп қалады: тоқы (у) - тоқу, шоқы (у) - шоқу, оқы (у) – оқу, таны (у) - тану, көкі (у)- көку.
ә) Сөздің соңғы буынындағы ы, і әріптері оған дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда, мағына өзгермейтін сөздерде түсіп қалады: а) халық (ы) - халқы, мүлік (і) -мүлкі, мұрын (ы) –мұрны, ерін (і) - ерні, ауыл (ы) - аулы, дауыс (ы) – даусы т.б. ә) бүйір (ек) - бүйрек, дәуір (ен) - дәурен, ойын (а) - ойна, жиын (а) – жина т.б.
Ескерту: Соңғы буында ы, і әріптері жазылатын сөздерге дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанға ы, і әріптері түспей жазылады: қорық (ы) - қорығы, қылық (ы) - қылығы, бүлік (і) - бүлігі т.б.
б) Етістік ы, і дыбыстарына аяқталып, оларға көсемшенің –й жұрнағы жалғанғанда, сөз соңындағы ы, і әріптері мен көсемшенің й жұрнағының орнына и әрпі жазылады, оқы (й) ды - оқиды, тоқы (й) тоқиды, таны (й)ды - таниды, көкі(й)ді – көкиді.
в) иы, иі тұлғалы етістікке көсемшенің -й жұрнағы жалғанғанда ій әріптерінің орнына и әрпі жазылады: бойы (й) - байиды, кей (й) – кейиді.
3. Сөзге ы, і әріптерінң қосылып жазылуы:
нк, нг, ск, нд, кт, рв, мб, мск, дж, пт, рз, нкт дауыссыздарына аяқталған орыс тілінен енген сөздерге дауыссыздан басталатын қосымша дәнекер ы, і әріптері арқылы жалғанады: факт+і+ні, шлангі+ні, киоск+і+де, фонд+ы+ны, пункт+і+нен, резерв+і+н, ромб+ы+да, Томск+і+де, коттедж+і+ден, рецепт+і+де, пункт+і+нен.
Э, е, ю, я әріптерінің емлесі
Э – тіл алды, езулік дауысты дыбысты белгілейтін әріп. Е – жазуда екі дербес дыбыстың (й+о) қосындысын белгілейтін таңба
1. Э, е әріптері орыс тілінен енген сөздерде, орыс тілі арқылы шет ел тілінен енген сөздерде, орыс тілі арқылы шет ел тілінен енген сөздерде жазылады. Қазақтың байырғы сөздерінде жазылмайды. Мысалы: экскурсия, эпиграф, эстрада, актер, елка, слет т.б.
2. Ю әрпі қосынды й+у дыбыстарын таңбалайды.
а) Байырғы сөздерде аю, баю, қою, жию т.б.
ә) Орыс тілінен кірген сөздерде глюкоза, юбка, мор, велюр, бюджет т.б.
3. Я әрпі й+а дыбыстарын таңбалайды:
а) Байырғы сөздерде: таяқ, қоян, аян, тұяқ т.б.
ә) Орыс тілінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздерде. гвардия, геология, ядро, яхта т.б




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет