Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет8/101
Дата07.02.2022
өлшемі496,98 Kb.
#96327
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   101
Байланысты:
5. Лекциялар жинағы

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Әліпби деген не?

  2. Қазақ әліпбиі неше кезеңнен тұрады?

  3. Қазақтың тұңғыш әліпбиі және оның негізін салушы?

  4. Латын әліпбиіне көшуге көзқарасыңыз қалай?




  1. С.М.Исаев «Қазақ тілі» Алматы, 1993 ж.

  2. М.Қ.Қараев «Қазақ тілі» Алматы, 1993 ж.

  3. Ш.Бектұров. «Қазақ тілі». «Атамұра» Алматы, 2006 ж.

4. К.Аханов.Тіл білімінің негіздері. А., 2004 ж.
Әдебиеттер:
Лекция №5


Тақырыбы: Дауысты дыбыстар, олардың жіктелуі


Лекцияның мақсаты: Тілдің қазақ тілі фонетикасындағы дауысты, дауыссыз дыбыстар мәселелері жөнінде студенттерге жалпы түсінік беру, емлелік ерекшеліктерін меңгерту.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:

1. Дауысты дыбыстар, олардың жіктелуі: жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік дауыстылар


2. Жалаң және дифтонгоид дауыстылар.
3. Дауыстылардың емлесі


Лекция мазмұны.
Қазақ тіліндегі дыбыстар дауысты және дауыссыз дыбыстар болып, екі үлкен топқа бөлінеді.
Дауысты дыбыстар
Ауаның кедергісіз шығуы арқылы жасалып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейді. Қазақ тілінде 9 дауысты дыбыс бар. Олар: а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е.
Бұл дыбыстардың ішіндегі бесеуі: ә, ө, ұ, ү, і дыбыстары қазақ тілінің ерекшелігіне жатады. Бұдан басқа екі қосынды дауысты (дифтонг) бар: и, у.
Орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылатын бір дауысты дыбыс бар, ол - э. Кейде бұлардың бәрін қосып, қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар деп те айтылады.
1. Дауысты дыбыстар тілдің қызметіне қарай жуан және жіңішке болып екіге бөлінеді.
Жуан дауысты дыбыстар тілдің ортасы көтеріліп, артқа жылжуы арқылы жасалады. Олар: а, о, ұ, ы.
Жіңішке дауысты дыбыстар тілдің ұшының ілгері жылжып, алға созылуы арқылы жасалады. Олар: ә, ө, ү, і, э, и.
2. Дауысты дыбыстар жақтың ашылуына қарай ашық және қысаң болып бөлінеді.
Ашық дауыстылар жақтың кең ашылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, о, ө, е, э.
Қысаң дауыстылар жақтың сәл ашылуы арқылы жасалады. Олар: ұ, ү, у, ы, і, и.
3. Дауысты дыбыстар еріннің қызметіне қарай еріндік және езулік болып бөлінеді.
Еріндік дауыстылар еріннің дөңгеленіп ілгері созылуы арқылы жасалады. Олар: о, ө, ұ, ү, у.
Езулік дауыстылар езудің кері тартылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, е, э, ы, і.
Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет