Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны


Лекция №3 Тақырыбы: Дыбыс және әріп



бет5/101
Дата07.02.2022
өлшемі496,98 Kb.
#96327
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
Байланысты:
5. Лекциялар жинағы

Лекция №3


Тақырыбы: Дыбыс және әріп
Мақсаты: Қазақ тіл біліміндегі дыбыс, әріп, фонема туралы түсінік, көзқарастарға тоқталу. Фонемалардың негізгі функциясы, қызметі жайлы мағлұмат беру. Фонема, аллофон деген ұғымдар туралы әңгімелеу.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1. Дыбыс, әріп, фонемалар туралы түсінік.
2. Фонема туралы түсінік, көзқарастар.
3. Фонема туралы ілімнің алғаш негізін салушылар.
Сөздің айтылуы бар да, жазылуы бар. Әдетте мынадай көзқарас кездеседі: шын тіл – жазылған тіл, яғни сөзді қатесіз жазу, жазылуындай етіп оқу.
Дұрысы, жазудан гөрі айту әлдеқайда маңызды. Басқаны айтпағанда, әрбір адам алдымен сөйлеуді үйренеді де, содан соң жазуға көшеді. Олай болатыны, сөздің өмір сүру формасы - дыбыс. Әріп – сол дыбысқа берілген шартты таңба. Бір ғана дыбысты әр түрлі (мәселен, д, d, т.б.) өрнектей беруге болады.
Әріп пен дыбысты шатастыруға әсте болмайды. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе (мәселен, о, ө, ү, ұ), кейде бір әріп (мәселен, ю,я) бірнеше дыбыстың қосындысын (йұу, йүу, йа) өрнектейді. Керісінше, кейбір әріптердің (ь, ъ) дыбыстық мәні жоқ.
Фонема (гр.phonema-дыбыс) - сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан айыруға септігі бар тілдің ең кішкене функциялық бөлшегі.
Тілде, әдетте, біз ойлағаннан әлдеқайда көп әртүрлі дыбыстар бар, олар әрбір жеке тілде сөздердің мағыналары мен формаларын ажырата алатындай санаулы ғана дыбыстар типіне топтастырылады. Мәселен, ат, ет, от, өт деген сөздерде біздің түсінігімізше бір-ақ «т» дыбысы бар.
Шынтуайтқа келгенде, дауысты дыбыстардың әсерімен ол бірде жуан(ат, от), бірде жіңішке(ет, өт), бірде еріндік(от,өт), бірде езулік(ат, ет) болып, біршама ауытқу, ерекшеліктермен немесе әртүрлі реңмен айтылады да, қызметіне қарай бір-ақ фонема деп танылады. Бір дыбыстың айтылуындағы мұндай ауытқу, рең тіл білімінде аллофон(гр.allos-басқа)деп аталады. Сондықтан сөз дыбыстан емес, фонемедан құралады десе де болады.
Фонема, сондай-ақ морфема туралы ілімнің алғаш(1870) негізін салған-орыс және поляк тілін зерттеуші И.А.Бодуэн де Куртенэ. Фонеманың көршілес келген әр түрлі фонемалардың тигізген әсеріне пайда болған реңкі к о м б и н а т о р л ы р е ң к деп аталады. Тіл білімінде фонема туралы мәселенің өзіне тән тарихы бар.Фонема туралы ілім орыс лингвистикасында өткен ғасырдын жетпісінші жылдарында пайда болған.Фонема теориясының алғаш негізін қалаған лингвист – орыс ғалымы и. Бодуен де Куртанэ (1845-1929). Оның ғылыми – зерттеу жұмыстарының әр дәуірінде фнема туралы түсінік өзгеріп отырды.Мысалы, Бодуан де Куртанэ алғашында фонеманы этимология – морфологиялық құбылыс деп қараса,кейінгі кездерде фонемаға психологиялық анықтама береді.Бодуен де Куртенэнің фонема туралы ілімін ары қарай дамытқан оның шәкірті акад. Л.В. Щерба болды.Л.В. Щерба сөздер және формаларды ажырататын реңкі фонема деп атайды.
Тілдің дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, құлақпен естілеті үн дыбыс деп аталады да, оны жазу тілінде белгілейтін шартты белгі әріп деп аталады. Демек, дыбысты айтамыз және естиміз ал әріпті жазамыз және көреміз. Әріп — жазуда дыбысты белгілейтін шартты таңба.
Қазіргі казақ тілінде 38 дыбыс көрсетіліп жүр. Олар: а, ә, в, г, ғ, д, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, қ, о, ө, п, р, с, т, (дауысты), у (дауыссыз), ү, ұ, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ы, і, э. бұл жерде мына бір нәрселерді ескерту керек. 1. Жазуымызда қолданылып жүрген е, ю, я таңбалары білдіретін дыбыстар қоса (дифтонг) болып келеді, олар жеке-жеке саналатын й+о(е), й+у(ю), й+а(я) дыбыстарының қосындысы, сондықтан олар жеке дыбыс деп каралмайды. 2. Бірақ орыс тілінен енген сөздерде ғана кездесетін ц(т+с), ч(т+ш), щ(ш+ш) дыбыстары жеке дыбыс деп беріліп жүр, соңғы дыбыс (щ) ащы, тұщы, кеще тәрізді казақ тілінің өз сөздеріңде қос ш (ш+ш) дыбысының орнына да қолданылады. 3. Әдетте у дыбысы бір-ақ дыбыс деп саналып жүр.
Шындығында дауыссыз у бір дыбыс та (мысалы, тауда, қарауында дегендегі) дауысты у одан бөлек, соңғысы ұу, үу болып, құраңды (дифонгтік) сипатта айтылады. Осындай и дыбысы — ый және ій болып (мысалы, сиыр, оқиды дегенде) құранды сипатта айтылады. Сондықтан и дыбысы жеке дыбыс десек, дауысты у да жеке дыбыс бола алады.
Тілде әріптің саны дыбыстан көбірек, өйткені жеке дыбыс емес, қосар дыбыстан құралған немесе басқа да шартты белгілердің жазудағы таңбасы да әріпке жатады. Әріптердің белгілі бір ретпен тізілген жинағын алфавит дейді. Қазақ тіліндегі алфавит тәртіппен тізілген әріптер: а, ә, б, в, г, ғ, е, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц; ч, ш, щ, ь, ы, і, ъ, э, ю, я. Барлығы 42. Қазақ тілінде дыбыстар дауыс қатысына қарай үлкен екі топқа бөлінеді: дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет