Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны



бет9/101
Дата07.02.2022
өлшемі496,98 Kb.
#96327
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   101
Байланысты:
5. Лекциялар жинағы

А, ә әріптерінің емлесі
А – латын және орыс графикасына негізделген әліпбилердің бірінші әрпі. Ол иектің төмен түсіп, тілдің кейін жылжуы кезінде ауыз қуысының кең ашылуынан пайда болатын жуан дауысты дыбысты белгілейтін таңба. Түркі тілдерінде А дыбысының қалыпты басталатын және созылыңқы дыбысталатын екі түрі бар. Қазақ тілінде солардың алғашқысы қалыптасқан.
А символ ретінде де қолданылады. Латын әліпбиіндегі А тек дыбыс таңбасы ғана емес, «бірінші», «бастама» деген ұғымды да береді. Грек тілінен ауысқан кейбір сөздерде А болымсыздық мағынаны аңғартады (аморф-формасыз, авитамниоз-витаминсіздік).
А әрпі сөздің барлық буынында, байырғы, кірме сөздерді талғамай, қолданыла береді: баба, ағайын, адырна т.б.
Ә – қазіргі қазақ әліпбиіндегі екінші әріп, ауыздың мол ашылып, тіл мен иектің төмен түсуінен пайда болатын жіңішке, ашық, езулік дауысты дыбыстың таңбасы. Көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылады, екінші буынында «а» дыбысымен ауысып, акустика жағынан көмескіленеді. Сондықтан қазақ тілінің жазу жүйесі бойынша екінші буында ә дүдәмал естілгенде А жазылады (кітап, Сәбира). Ә негізінен араб, парсы тілдерінен енген сөздердің бірінші буынында айтылады. Соған орай, қазақ тілінде, кейбір түркі тілдерінде ә дыбысының қалыптасуы шығыс тілдерінен келген сөздердің артикуляциялық ыңғайласуына байланысты деген пікір бар (проф. Н.В.Юшманов, Поливанов т.б.) Алайда, әкел (алып кел), әпер (алып бер) тәрізді сөздердің құрамындағы ә – ассимиляцияның нәтижесі. Ә қосымшалар құрамында қолданылмайды.
Ескерту. 1. Санаулы сөздерде ғана ә әрпі сөздің екінші буынында жазылады: күнә, шүбә, сірә, куә, мәрмәр, зәмзәм іңкәр, күмән, дімкәс, Күләш, Күлән, мүшәйре, мүсәпір, едәуір, мүләйім, дүдәмал т.б.
2. Біріккен сөздің екінші сыңарында ә әрпі жазылады: Әбдікәрім, Асанәлі, Әбдінәби, Шәкәрім, көкнәр.
3. Қос сөздердің екінші сыңарында ә әрпі жазылады: тәлім-тәрбие, гүл-бәйшешек, дәрі-дәрмек, әлем-жәлем, оқ-дәрі, оқу-тәрбие т.б.
О, Ө әріптерінің емлесі
О – жуан, ашық,еріндік дыбыстың әрпі. Байырғы сөздерде сөздің алғашқы буында жазылса, (озат, оймақ, ойын), орыс тілінен енген сөздерде барлық буында жазыла береді: какао, геолог т.б.
Ескерту: 1. Қос сөздің екінші сыңарында жазылады: ойын - той, зорлық - зомбылық, қоян-қолтық, иіс – қоңыс т.б.
2. Біріккен сөздің соңғы сыңарында жазылады: желтоқсан, киікоты, қараторғай, көкекоты, кемпірқосақ т.б.
3. -қор, -қой жұрнағы жалғанған кезде О әрпі сөздің соңында жазылады: пайдақор, сәнқой.
О - жіңішке, ашық, еріндік дауысты дыбыстың әрпі. Сөздің тек алғашқы буынында жазылады: өрнек, өнеге, көркем. Бұл әріп те, ол белгілейтін дыбыс та қазақ тіліне тән.
Ескерту: 1. Біріккен сөздің екінші сыңарында ө әрпі жазылады: көркемөнер, көкөніс, көжөтел т.б.
2. Қос сөздің екінші сыңарында о әрпі жазылады. Көпе – көрнеу, көл – көсір, көсе-көлденең т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет