Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны



бет20/101
Дата07.02.2022
өлшемі496,98 Kb.
#96327
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   101
Байланысты:
5. Лекциялар жинағы
b2087, Орта мектеп географиясындағы инновациялық технологиялар 3 курс Айтекова К,У, металөңдеу, металөңдеу, статья 7 Бау, doma prac, 7 сем.ПиП.КАЗ.Мұғ. кәс. бағ. для преп.Макашкулова Word, Микро УМК, Микро УМК, өс қорғаудағы биотехнология, 28002[1], Тесты Финансы, Тесты Финансы, Бір айнымалы көпмүшеліктер
Түсіндірме сөздіктер. Түсіндірме сөздіктің алға қоятын мақсаты – бір тілдің белгілі дәуірдегі жалпы халықтық сипат алған сөздеріне мағыналық, стильдік әрі граматикалық жан-жақты сипаттамалар беріп, тілдің қазіргі даму тұрғысындағы сөздік құрамының сан мөлшерінің біршама анықтау. Сөздердің мағыналық нормаларын, стильдік түрлі қолданыстарын саралап көрсету. Сонымен қатар сөздердің жазылуы мен айтылундағы нормалардың ең дұрыс деген қалпын айқындай отырып, соған нақталы түсінік беруді қарастырады.
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі » ең алғаш рет екі том болып 1959,1961 жылдары басылып шықты. Оның жалпы редакциясының проф.І.Кеңесбаев басқарды. Ал 1974-1986 жылдар арасында проф.А.Ысқақовтың басқаруымен он том болып жарық көрді. Сөздікке алпыс жеті мыңдай атау сөздер, 24,5мыңдай фразеологиялық тіркестер, барлығы 91,5 мыңдай лексикалық тұлға қамтылып, жалпы саны 103,5 мыңдай мағыналық анықтама берілген.
Бұл сөздіктің алға қойған мақсаты – қазақ тілінің сөздік қорындағы сөздерді мүмкін болғанынша түгел қамтып, хатқа түсіру, есебін алу. Тіліміздегі сөздердің мән-мағыналарын дәл анықтай отырып, олардың әдеби нормларын белгілеу. Реестрге алынған сөздердің қай сөз табына қатысты екендігін көрстетін грамматикалық белгілер қойылған. Сөздікте сөздердің қолдану аясы мен шегін, сондай-ақ, эмоционалды-экспресисивтікреіңн сипаттайтын белгілер де берілген. Сонымен бірге сөздікте азын-аулақ болса да қай сөз қай тілден келгендігін көрсететін этимологиялық белгілер де қойылған. Мысалы: араб сөзі (ар.), иран (парсы) сөзі (ир.), монғол сөзі (монғ.), орыс сөзі (ор.), т.б.


Әдебиеттер:
1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы 1973 ж.
2. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. Алматы 1975ж.
3.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы 1997ж.
4.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикасы. Алматы. 1988ж.
5.Айғабылов А. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1996ж.
6.Аханов К. Қазақ тілінің лексикологиясының мәселелері. Алматы. 1956ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет