Орфографиялық сөздіктер. Емле «орфография» бір тілдегі сөздердің дұрыс жазу нормаоарын белгілейді. Ал дұрыс жазудағы негізгі мақсат – ойды жазба түрде айқын етіп, дәл жеткізу. Сол үшін емле ережелері де жалпыға бірдей әрі тұрақты, анық болуға тиіс. Сондқтан емле ережелерін тұрақтандыру – сауатты жазудың бірден-бір кепілі деп саналады. Қазақ тілінің емле ережелері революциядан бергі кезеңде туып қалыптасты. Олар дүркін-дүркін өзгеріп, жаңарып отырды. Алғашқы сөздіктер мектеп көлемінен аса алмады. Неғұрлым көлемді «қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» 1963 жылы жарық көрді.
1960 жылы Г.Жәркешеваның «біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі»басылып шықты. Бұл еңбектің кіріспе бөлімінде бірге жазылатын сөздер мен бөлек жазылатын сөздердің емле ережелері берілген. Кейбір кіріккен сөздердің түп-төркіні ашылған. Мұнда 5000-ға жуық біріккен және күрделі сөздеодің тізімі көрсетілген. Р.Сыздықованың «қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш » 1960,1974жж. Екі рет басылды. Бұл еңбектің баспа қызметкерлері мен мұғалімдер үшін елеулі мәні болды.