Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны



бет21/101
Дата07.02.2022
өлшемі496,98 Kb.
#96327
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   101
Байланысты:
5. Лекциялар жинағы
b2087, Орта мектеп географиясындағы инновациялық технологиялар 3 курс Айтекова К,У, металөңдеу, металөңдеу, статья 7 Бау, doma prac, 7 сем.ПиП.КАЗ.Мұғ. кәс. бағ. для преп.Макашкулова Word, Микро УМК, Микро УМК, өс қорғаудағы биотехнология, 28002[1], Тесты Финансы, Тесты Финансы, Бір айнымалы көпмүшеліктер
Лекция № 3.1
Тақырыбы: Сөзжасам
Мақсаты: Студентке дәріс тақырыбы бойынша айтылған мәселенің басын ашып түсіндіру. Ондағы кездесіп, қолданылып отыратын фонетикалық, лексика-грамматикалық ұғымдарға (лингвистикалық терминдік атауларға) айырықша көңіл тоқталып, білімгерлердің оларды түсініп қабылдауына, сабақ барысында қолданып отыруларына көңіл бөлу.
Жоспар:

  1. Қазақ тiл бiлiмiндегі сөзжасам мәселесі

  2. Қазақ тiл бiлiмiнде сөзжасам мәселесінің жеке дербес сала болып танылуы

Лекция мазмұны:
1. Қазақ тiл бiлiмiндегі сөзжасам мәселесі
Қазақ тіл білімінде өткен ғасырдың 80-інші жылдары орыс тіл білімінің әсерінен «сөзжасам» саласы, яғни сөз тудыру проблемасы өзінше бөлек сөз бола бастады да, кейініректе бөлек шығып, жеке тілдік қабат ретінде бөлек отау тікті.
Сөзжасамның қазақ тіл білімі грамматикасының дербес категориясы ретінде өз алдына жеке зерттеу аясына айналғанын біз алғаш рет «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» деген атпен Қазақ ССР Ғылым академиясының «Ғылым» баспасынан 1989 жылы жарық көрген көлемді монографиялық еңбектен көреміз. Ұжымдық авторлар дайындаған бұл монографияда сөз болған сөзжасам мәселесі, негізінен қазіргі әдеби тіліміздің материалына сүйеніп жазылған. Қажеттігіне қарай мұнда ішінара басқа да түркі туыстас тілдердің тілдік материалдары салыстырмалы материал ретінде берілген.
Түркологияда, оның ішінде қазақ тіл білімінде бір кездері «бұл мәселенің беті әлі толық ашылып бітті деп айтуға болмайды» деп жазған болсақ, бүгінде бұл ғылым саласын «толық орнықты, қалыптасты» деуге болады.
Басқа тілдердегі сияқты қазақ тілінің сөзжасамы да ертеден келе жатқан құбылысқа жатады. Нақтырақ айтатын болсақ, V-VIII ғасырлардағы жазба ескерткіштерінен сөз тудырудың морфологиялық жолы, ал әр сөз табында сөз тудырушы туынды жұрнақтардың болғаны анықталады. Бұл - сөзжасам жүйесінде де өзгеріс болатынын, бірақ ол өте баяу жүретіндігін көрсетеді. Сондықтан да оны ертеден келе жатқан құбылыс деуге болады.
Сөзжасам мәселесінің қазақ тіл біліміндегі зерттелінуі. Орыс тiл бiлiмiнiң әсерiмен 80-ші жылдардың аяққы шенiне таман қазақ тiл бiлiмiнде де сөзжасамды тіл білімінің жеке саласына жатқызып, арнайы зерттей бастаған қазақ тілінің тілші мамандары шыға бастады. Олар сөзжасамның негiзгi нысанына – сөздi жасаушы тәсiлдердi, сөз жасаушы тiлдiк нұсқаларды, сөзжасамдық типтер мен тiзбектердi, сөздiң жасалу үлгiлерiн, туынды сөздер мен олардың түрлерiн, сөзжасамдық заңдылықтар мен сөзжасамның сөз таптарына қатысын жатқызып, нәтижеде сөзжасамның тiлдегi сөз жасау процесiмен байланысты барлық құбылыстар мен заңдылықтарды зерттейтiнiн атап көрсетедi.
*«Сөзжасам» - лингвистикалық термин: жаңадан сөз тудыру, туынды сөз жасау деген ұғымды білдіреді.
Тіл біліміндегі «сөзжасам» терминдік атауының тілдік қолданысқа ене бастауын соңғы жылдардағы құбылыс деуге болады. Ол осы тұрған қалпында өзінің тууымен байланысты тіл біліміндегі лингвистикалық термин ретінде бүгінге дейін үш түрлі мағынада қолданылып келеді. Біріншісі, ғылым ретінде – тіл біліміндегі құбылысты зерттейтін оның бір саласы, соның атауы ретінде қолданыс табатын терминдік атау болса, екіншісі – сол ғылымдағы сөздердің жасалыну, туу жолдарын, тәсілдерін сөз етуде қолданылатын терминдік атау, басқаша айтқанда, сөзжасамдық тәсілдердің негізінде жаңа сөз жасау жолы. Ал, үшінші мағынасы – оның белгілі бір тілде арнайы пән ретінде танылған атауы. Яғни, жеке бір тілдің фонетика, лексика, морфология, синтаксис сияқты тілдік қабаттардың (ярустардың) бірі ретінде «сөзжасам» деп аталып қолданыс табуы.
Бірінші мағынада, сөзжасам – тіл білімінің, соның ішінде қазақ тіл білімінің дербес саласы ретінде өзінің жеке зерттеу нысаны бар грамматикалық категория саласына енеді. Сөзжасамның зерттеу нысанына, ең алдымен, сөз жасаушы тәсілдер мен тілдік нұсқалар, сөжасамдық типтер мен тізбектер, сөздердің жасалу үлгілері т.с.с. мәселелер жатады. Осыған байланысты «сөзжасам» деген грамматикалық категория - туынды сөздердің түрлері мен сөз жасаудың ішкі заңдылықтарын, сондай-ақ, сөз жасаудың сөз таптарына қатысының қандай болатыны сияқты күрделі мәселелерді де қамтиды.
Екінші мағынада, сөзжасам – белгілі бір тәсілдер арқылы жаңа лексикалық туындылар (сөздер) жасайтын тілдік процесс. Тілдік процесс ретінде сөзжасамда екі түрлі негізгі ерекшелік байқалады: бірі – жаңа лексикалық туындылар жасайтын тілдік процесс те, яғни сөзжасам тәсілдері, ал, екіншісі – сол тілдік құбылыстардың (процестердің) нәтижесі ретінде пайда болған жаңа сөздер (лексикалық единицалар) және сөзжасам қатарлары мен үлгілері.
Үшінші мағынасында, ол – белгілі бір тілде арнайы оқытылатын «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» деген сияқты пәннің атауы.
Айта кету керек, соңғы он бес-жиырма жылдан бері жоғары оқу орындарының студенттеріне арналып оқылатын нормативті грамматика курстарының қатарында «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» деп аталынатын жаңа курс оқытыла бастады. Бұл, әрине, қазақ тілі грамматикасының – фонетика, лексика, морфология және синтаксис деп аталынатын тараулары сияқты «сөзжасамның» да жаңа сала болып танылып, жаңа тарау болып қосылғандығын көрсетсе керек. Бұл пәнде – жаңа сөз (атау) жасау тәсілдері, сөзжасаушы тілдік нұсқалар, сөзжасамдық типтер мен тізбектер, сөздің жасалу үлгілері, туынды сөздер мен олардың түрлері, сөзжасамның сөз таптарына қатысы, қысқасы, белгілі бір тілдегі сөз жасау (сөзжасам) процесімен байланысты барлық құбылыстар мен заңдылықтар оқытылып үйретіледі.
Сөзжасам ілімінің негізгі нысаны оның өзіне ғана тән сипаттарын айқындағанда ғана анық білінеді. Оның негізгі сипаты, мәні – жаңа мағыналы сөздер тудыру. Солай болғандықтан да сөзжасам пәні – ол сөз қалай жасалды (сөзжасамдық тәсілі қандай)?, жасалған сөздердің мағынасы қандай (дериваттық мағынасы)?, сол үлгімен тағы қандай сөздер жасауға болады (сөзжасамдық тізбегі)?, әр сөз табының туынды сөздерінің жасалу үлгісі ( типі) қандай? – деген сияқты сұрақтарға жауап береді. Демек, сөзжасамның негізгі зерттеу нысанына – туынды сөз жатады да, ал – сөзжасамдық тәсілдер, сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық типтер т.б. оның негізгі мазмұнын құрайды.
Сөзжасамның негізгі зерттеу нысанын анықтау арқылы сөзжасам дегеніміз не? - деген сұраққа да жауап табуға болады.
Сөзжасамның өз алдына дербес зерттеу нысаны бар болғандықтан, ол – тіл білімінің жеке бір саласы болып табылады, зерттеу нысанының сипаты жағынан жаңа сөздердің жасалу жолдары мен мағыналық ерекшеліктерін зерттейді.
Сөзжасамды тіл білімінің бір саласы деп тану үшін оны тұлғалық, құрамдық жағынан емес, семантикалық сипаты тұрғысынан да қарау керек.
Сөзжасам - ғылым ретінде тіл біліміндегі сөз тудыру жүйесін, оның өзіне тән заңдылығын, жаңа сөздің пайда болу әдіс-тәсілін, сондай-ақ, тілдік құбылыс ретінде жаңа сөз жасау процесін зерттейтін тіл білімінің жеке бір саласы.
Сөзжасам ғылымының да тілдің басқа салалары сияқты зерттейтін нысаны бар, ол – сөз. Мысалы, тілдің лексикология саласы кез-келген сөзді мағынасына қарай, ал фонетика – фонетикалық дыбыстық құрамына қарай зерттесе, морфология сөзді – құрамына, тұлғаларына, сөз табына қатыстары тұрғысынан қарастырады. Ал, грамматиканың синтаксис тарауы болса, сөзді – сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылыс материалы ретінде қарастырып, зерттейді.
Осыған байланысты сөзжасам ғылымының негізгі зерттеу нысаны – сөз болып келеді, бірақ оның жасалу процесін емес, сол процестің жасалу нәтижесін, туынды сөз құрылымын, оның жасалу жолдарын зерттеу болып табылады.
Біз сөзжасам мәселесін тіл білімінің бір саласы деп тануда мынадай деректерге сүйенеміз:

  • сөзжасамның өзіне тән зерттеу нысаны бар, ол – туынды сөз;

  • өзіне тән салалары бар;

  • морфемика мен дериватология (сөзжасам);

  • мазмұны бар: оған сөзжасамдық ұғымдар жатады;

  • сөзжасамдық тәсілдері бар;

  • ғылыми терминологиясы бар, т.б.

Бүгінде қазақ тілінің сөзжасамы өз алдына жеке, дербес сала ретінде қалыптасып, ол жайлы зерттеу еңбектер жазылып, зерттеу-монография, оқулық, мақалалар түрлерінде жарық көре бастады. Ендігі жерде қазақ тілі сөзжасамының зерттелінуі жайында бірер сөз айтайық.
Жалпы, ғылым ретінде «сөзжасам» мәселесі бізге дейін орыс тіл білімінде сөз болған. Көп зерттеулерден кейін ол тілдегі сөз тудыру мәселесі сол тілдің жеке тілдік қабаттарының бірі болып, бөлек шығарылды. Сөйтіп, сол тілдің жеке бір тілдік саласы ретінде қарастырылды. Кейінде тіл білімінің жеке бір саласы ретінде өз басына жеке отау тігіп шықты.
Қазақ тіл білімінде қазақ тілінің сөзжасамы орыс тіл білімінің негізінде пайда болды деп айтсақ та болады. Нақты айтқанда, тіл білімінің бұл саласы орыс тіл білімінде туып, дамып, онда орныққан соң барып, бізде қазақ тіл білімінде сөз бола бастады.
Қазақ тілінің сөзжасамы бүгінде ғылым ретінде де, пән ретінде де танылды әрі орнықты. Оның қазіргі кездегідей сипатқа жетуінің негізі, әрине, әріде жатыр. Мәселен, қазақ тілі сөзжасамына қатысты жалпы мәселелер шығыс зерттеушілері Н.И.Ильминский, М.А.Терентьев, М.П.Мелиоранский сияқты ғалымдардың еңбектерінде бірлі-жарым сөз болғанымен, оның ана тілімізде шын мәніндегі зерттеліне бастауы А.Байтұрсынов еңбектерінен басталады. Мұнда автор сөз тудырушы жұрнақтардың атқаратын қызметі мен қажеттігі жайында бірнеше құнды пікірлер келтіреді.
Сондай-ақ, ғалым Қ.Жұбанов өзінің «Қазақ тілі грамматикасында» сөз тудыру жолдары жайында бірқатар тұжырымдар айтады. Бұдан кейінірек еңбектері жарық көрген Қ.Кемеңгерұлы, А.Ысқақов, К.Аханов, И.Ұйықбаев, Н.Сауранбаев, Н.Оралбаева, Қ.Есенов, С.Исаев, Ә.Қалиев, Ә.Төлеуов, Е.Ағманов, Е.Жанпейісов, Б.Құлмағамбетова, М.Серғазиев, З.Бейсембаева, А.Салқынбай, Б.Қасым және т.б. ғалымдардың еңбектерінен де осы құнды бастаманың жалғасын табамыз.
Қазақ тіл білімінде оның сөзжасам саласына арналған алғашқы монографиялық еңбек Н.О.Оралбаеваның 1988 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі» деп аталынатын зерттеу еңбегі болды. Мұнда автор қазақ тіліндегі жұрнақтардың сөзжасамдық қызметін сөз етіп: « ... жұрнақтардың қызметінің өнімді, өнімсіз, актив, пассив болуы қатып қалған нәрсе емес. Олардың қызметінің бірде активтеніп, бірде пассивтеніп отыруы тілде кездесіп отырады. Мысалға жұрнақтардың қызметін келтіруге болады. Жұрнақтардың қызметі де үнемі бір қалыпта қалмаған. Орхон жазба ескерткіштерінде өнімді –іг жұрнағы кейіннен өнімсіз жұрнаққа айналды. – шы жұрнағы – тілдегі өте өнімді актив жұрнақтардың бірі», - деген сияқты пікірлерін келтіреді.
Н.О.Оралбаева аты аталынған еңбегінде сан есімдердің сөзжасамдық жүйесі туралы елеулі пікір айтады: «Сан есімдер де – өзіндік сөзжасамдық жүйесі бар сөз табы және сан есімнің сөзжасамдық жүйесі өте ертеде қалыптасқан. Сан есімнің сөзжасамдық жүйесінің өзіндік сөзжасам элементтері, модельдері, типтері бар. Сан есім сөзжасамында тілде қалыптасқан сөзжасамдық тәсілдердің біразы қолданылады, бірақ бәрі емес. Мысалға сан есімде семантикалық тәсіл қолданылмайды, синтетикалық тәсіл өте өнімсіз, ал сөзжасамның аналитикалық тәсілі сан есім сөзжасаында негізгі қызмет атқарады», - дейді де бұл айтқандарын дәлелдеп жазады.
Бұдан кейінгі қазақ ғалымдары жазған елеулі еңбек 1989 жылы Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасынан шықты. Ол «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» деп аталынды. Бір топ ұжымдық авторлардың (Оралбаева Н., Қалыбаева А., Есенов Қ., Балақаев М., Жанпейісов Е., Нұрханов С.) дайындауымен өз алдына жеке, дербес еңбек болып шыққан бұл еңбекте – қазақ тіл білімнің тарихында тұңғыш рет қазақ тілінің сөзжасам жүйесі түпкілікті терең зерттелініп, көпшілік жұртқа ұсынылды. Бұл монографиялық зерттеу еңбекте қазақ тіліндегі сөзжасам мәселесі жеке сала ретінде арнайы қарастырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет