Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны



бет52/101
Дата07.02.2022
өлшемі496,98 Kb.
#96327
түріЛекция
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   101
Байланысты:
5. Лекциялар жинағы

(-ыңыз,-іңіз)
Бұл қосымшалар жалғанған сөздер өздерінен бұрын ілік септік жалғауында тұрып тіркесетін жіктеу есімдіктерімен тікелей байланысты болады. Сол себептен тәуелдеулі сөздің жақ жалғаулары да жіктеу есімдіктерінің жақтарына сәйкес келіп отырады, мысалы, менің досым, сенің досың т.б.
Сөз жекеше түрде де, көпше түрде де тәуелденеді. Егер сөз жекеше түрде тәуелденіп тұрса, бір зат бір ғана адамға тән екендігі білінеді. Ал сөз көпше түрде тәуелденіп тұрса, көп зат я бір тектес бірнеше зат бір адамға ғана меншікті екендігі білінеді. Тәуелдіктің бұл түрі оңаша тәуелдеу деп аталады.
Оңаша тәуелдеу үлгісі мынадай:

Жекеше

көпше

Менің аға, өлең-ім
Сенің аға-ң, өлең-ің

аға-лар-ым, өлең-дер-ім
аға-лар-ың, өлең-дер-ің

Жіктеу есімдіктері баяндаудың стилистикалық ерекшеліктеріне байланысты кейде түсіріліп, кейде түсірілмей айтыла береді. Мысалы: ... Сөзімді ұғар елім жоқ немесе Нұрыңмен сенің гүлденген...
Тәуелдіктің үшінші жағы өзі жалғанған сөзді үшінші жаққа ғана емес, жалпы бөгде жақтарға тәуелді етеді. Яғни,оның есімдігінің орнына тиісті заттың немесе кісінің аты қойылып айтыла береді. Мысалы, Мұхтардың кітабы, әннің сөзі т.б.
Тәуелдеулі сөз өзінен бұрынғы сөзді ілік септікте қолдануды керек етсе, керісінше, кез келген ілік септіктегі сөз өзінен кейінгі сөзді әрқашан тәуелдеулі формада қолдануды керек етеді. Байланыстың бұл түрін матасу деп атаймыз.
Матаса байланысуда ілік септіктің қосымшасы ашық та, түсіріліп те айтыла береді. Мысалы: Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті немесе Ер қанаты-ат; Ер азығы- білім.
Тәуелдеулі есім сөйлемде бастауыш болса, баяндауыштың жалғауы онымен жақ жағынан қиыспайды. өйткені тәуелдеулі сөз қай жақта тұрса да, баяндауыштың жіктік жалғауы әрқашан үшінші жақта тұрады. Мысалы, анам келді, анаң келді, анасы келді. Сонымен қатар жақ жағынан қиыстыруды керек ететін формалар да бар, мысалы, өзім келдім; өзіңіз келдіңіз; бәріміз келдік; бәрі келді; біреуіміз осында болайық; үшеуің сонда барыңдар.
Негізінен, тәуелдік форма көптік жалғаудан кейін келеді (кітаптарым, інілерім), бірақ туыстық қатысты білдіретін кейбір сөздерде тәуелдік жалғау көптік жалғаудан бұрын да келеді (апаларым- апамдар). Бұл форма септік және жіктік жалғаудан бұрын жалғанады, мысалы, әкемнің, нағашымсың т.б. Тәуелдік жалғау түбір мен кейбір жұрнақтың және түбір мен кейбір көнеленген формалардың арасына да түсе береді. Мысалы, өзіңше, шалқамнан, жүресінен, етпетімізден т.б.
Тәуелдік жалғаулар қосымша эмоциялық-экспрессивтік райды я мәнді білдірерліктей де міндет атқарады. Мысалы, жарығым, сәулешім, ботақаным т.б.
Тәуелдік жалғаудың ІІ,ІІІ жақтарының қосымшалары да қолданылу ерекшеліктеріне қарай, құрметтеу не сыйлау, мысқылдауне қомсыну сияқты қосымша экспрессивтік рең жамайды. Мысалы: Арыстанның алдынан бір аяғынан айрылып, Қасекең де әрең шықты. Мына сөз қолдануы да жиі кездеседі: жаман ағаң, жаман інің т.б. Осы категорияның өзіне тән ерекшелігі де тәуелділіктің үшінші жағынан да байқалады. Мысалы: Қай төрелерді айтасыз, ағасы? Байекесі-ау,үйге жүріңізші.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет