Лекция мазмұны:
1. Еліктеуіш сөздер
Тілімізде семантикалық ерекшелігі жағынан да, грамматикалық сыр-сипаты жағынан да, фонетика-морфологиялық құрылымы жағынан да өзге сөз таптарынан оқшауланып тұратын, соған сәйкес сөз табы ретінде қаралатын сөздер еліктеуіш сөздер (мимема) деп аталады.
Еліктеуіш сөздердің бір тобы семантикалық мағыналары жағынан табиғатта ұшырасатын әр алуан дыбыстармен байланысты болса, табиғи көріністердің бейнелерімен байланысты. Сондықтан еліктеуіш (арс, гүрс, шырт, дүңк, саңқ) және бейнелеуіш (жалп, желп, жұлт) сөздер.
Еліктеуіш сөздер - өзіне тән лексика-семантикалық мағынасы, морфологиялық тұлға тұрпаты бар, дара түрлеріне де, қосарланған түрлеріне де, көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары тікелей жалғанбайтын (түрленбейтін), сөйлемде әрқашан сын-қимыл пысықтауыш болатын және бастапқы түбірлерінен жұрнақ арқылы туынды есімдер және етістіктер жасалатын сөздер.
Достарыңызбен бөлісу: |