Аналитикалық тәсілдің түрлері:
Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысу тәсілі. Сөздердің белгілі бір тәртіппен орналасуы арқылы, біріншіден, олардың синтаксистік байланысы белгіленеді, екіншіден, сөздердің синтаксистік қатынасы және мүшелік қызметі айқындалады. Қазақ тілінде есімді сөз тіркесінің едәуір бөлігі еш қосымшасыз бір – бірімен қатар тұрып байланысқан сөздер тобынан құралады. Мысалы: з.е.+з.е.(алтын сағат), сын е.+з.е.(ақылды бала), сан е.+з.е.(бес саусақ), есімдік+з.е.(барлық бала), есімше+з.е.(атылған оқ), үстеу+з.е.(бүгін келді), еліктеуіш+ет.(жалт бұрылды), жалғауы жасырын түрде з.е.+ет.(хат жазды), сын.е.,сан е.,+ет. Құрамды болып келеді.
Сөдердің шылаулар арқылы байланысуы. Қазақ тілінде екі сөздің арасын байланыстырып, синтаксистік сөз тіркесін құрау қызметінде септеулік шылаулар қолданылады. Септеуліктер өзі қатысты сөзбен түйдекті тіркес құрып, сол түйдегімен сөз тіркесінің бағыныңқы қызметінде жұмсалып, күрделі сөз тіркесін жасайды. Мысалы: оқу үшін келдік, апта сайын барамыз, радио арқылы хабарлады.
Аналитикалық тәсілдің бірі –интонация. Айтылатын ойдың түсінікті болуында әр сөйлемнің, жеке сөздің, сөз тіркесінің тиісті әуенмен, дауыс ырғағымен айтылуының мәні зор. Сөйлемдегі кей сөздер өзара синтаксистік бірлігіне қарап тіркескенде, олар айтылу жағынан ритмикалық топ құрап, кей сөздерге ой екпіні түсіп, көтеріңкі дауыспен айтылып, сөйлемдер айтылу мақсатына қарай түрліше әуенделеді, Мысалы: Көрші үйдің ауласынан шыға келді. Бірінші сөзді дауыс ырғағымен /көрші/ деп бөліп айтсақ, бастауыш болады, ал дауыс ырғағымен /көрші үйдің/ деп бөліп айтсақ, анықтауыш болады.
Достарыңызбен бөлісу: |