Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны


Синтетикалық байланысу тәсілі



бет82/101
Дата07.02.2022
өлшемі496,98 Kb.
#96327
түріЛекция
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   101
Байланысты:
5. Лекциялар жинағы

Синтетикалық байланысу тәсілі – сөздердің жалғаулар арқылы байланысуы. Қазақ тіліндегі сөз бен сөзді байланыстырушы жалғаулар септік, көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулар болып бөлінеді.
Осы жалғаулардың ішінде сөздерді байланыстыруда ерекше қызмет атқаратыны – септік жалғаулар. Септік жалғау сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарына жалғасып, сөздердің грамматикалық мағынасын айқындайды: кітаппен дайындалды, есікті ашты, сабағын оқыды т.б.
Тәуелдік жалғау матаса байланысатын сөздің бағындырушы сыңары болып, бағыныңқы сөздің ілік септігі тұлғасында тұруын талап етеді: менің республикам, әжемнің әңгімесі, сенің тілегің т.б.
Көптік жалғаулары сөйлемнің бастауышы мен баяндауышының қиыса байланысуы қызмететеді: сіздер жассыздар, бұлар – студенттер, біздер барамыз т.б.
Жіктік жалғаулары сөйлем ішінде баяндауыштың жақтық тұлғасын көрсетіп, оны бастауышпен предикаттық қатынаста байланыстырып тұрады: мен оқыдым, сен келдің, біз көрдік т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет