Аналитикалық – синтетикалық тәсіл – аналитикалық және синтетикалық тәсілдердің аралас келген түрі. Бұл тәсілге сөздердің әрі септік жалғауы арқылы, әрі шылау арқылы байланысу тәсілі жатады. Мысалы: Мектепке қарай жүрді (Б.с.+шылау), сабақтан соң бардық (Ш.с+шылау), құрбыммен бірге келдім (К.с.+шылау) т.б.
М.Балақаев бағыныңқы сыңардың септік жалғауы түсіріліп айтылуын да осы тәсілге жатқызады.
Мысалы: Алматы_барды, асқар тау_көрдім.
Әдебиеттер: Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. 1971.