Тақырыбы: Массивтермен, векторлар мен матрицаларды есептеу жұмыстары
Массивтер кез келген көпмүше мәліметтері бола алады. Кең таралған түрі бірөлшемді және екіөлшемді массивтер. Бірөлшемді массивті вектор, екі өлщемді массивті матрица деп атайды. Массив элементтері сандық және таңбалық мәліметтер болуы мүмкін.
Мысалы:
1) баған - вектор сандық мәліметтермен
2) вектор-қатар мәтіндік мәліметтермен
3) -әртүрлі элементті матрица
MathCAD ортасында скаляр, вектор, матрицалармен жұмыс. Жүйенің айнымалылары мен тұрақтылары.
Векторды бір бағанда тұратын матрица ретінде қарастыратын болсақ, векторды да матрица сияқты енгізуге болады. Матрица енгізудің 2-жолы бар:
Aij индекстелген айнымалылар ретінде ij бүтін, оң, натурал сандар. Бұл жағдайда матрицаның аты А. Индекстің көмегімен массивпен жұмыс істеу элементтердің мәнін енгізуге өте ыңғайлы. Айнымалыны индекстеу үшін клавишады ([ ) басу жеткілікті. Бірнеше индекстерді енгізу үшін оларды ([ ,]) клавиша арқылы ажырату керек. Матрицаның элементтерінің нөмері индекстің өзгеруінің аралығына қарамастан 0 жолдан, 0 бағаннан басталады. Оны өзгерткіміз келсе, Mathcad-Options-Variable. Осы мәзір арқылы немесе ORIGIN функциясы арқылы іске асырылады. 0,1 мәнді қабылдайды. Матрицаның енгізудің екінші жолы:
Вставка мәзірінің матрица көмегімен іске асырылады. Барлық кезде диалогтық терезе ашылады. Ол терезе жол мен бағанның саны көрсетіледі. Автоматты түрде 3 жол мен 3 бағанмен көрсетіледі.
A:=
дайын болған каркаста матрицаның элементтері енгізіледі. Бір элементтен екіншісіне өту үшін [TAB] пернесін пайдаланамыз.
Матрицаны пайдаланғанда матрица атауы көрсетілмейді: Оны алдымен енгізіп меншіктеу (A:=) белгісі арқылы қою керек.
Мыс: A:=
Пайда болған бос орынға курсорды қойып, матрицаның каркасын енгізу командаларын пайдаланамыз. Матрица элементтерін редакциялауда Delete кнопкасы бар. Егер матрицаның бір элементін ерекшелеп белгілейтін болсақ, онда сол элемент орналасқан жолдан төменгі барлық элементтерді жойып жіберуге болады Вставить кнопкасы арқылы жолдар мен бағандар қосуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |