Бақылау сұрақтары:
1.Математикадан есеп шығару практикум оқу пәні ретінде нені анықтайды?
2. Бастауыш математика курсындағы «есеп» ұғымы туралы көзқарастар қандай?
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Негізгі әдебиеттер
1.Кененбаева М.А. Математиканы оқыту теориясы және технологиясы. Оқу құралы.- Павлодар: ПМПИ,
2.Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар: Оқулық:Алматы 2011. Бөрібекова, Ф.Б.
3.www.cep.kz – Білім беру бағдарламалары орталығы
Лекция 2
Тақырыбы: Бастауыш математика курсындағы есеп шығарудың ролі
Жоспар
1.Бастауыш математика курсындағы есеп шығарудың ролі.
2.Есеп шығаруда оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері.
Математиканы оқытуда есептер маңызды роль атқарады. Олар білімді саналы түрде игеруге ықпал етуші құрал ғана емес, сондай – ақ оқушылардың математикалық ойын дамытуда маңызды рольге ие. Оқу процесінде есеп шығару математиканы оқытудың мақсаты ретінде бой көрсетеді.
Есеп шығару математикалық ұғымдарды қалыптастырып байытуға, оқушылардың математикалық ойлауын өрістетуге, білімдерін практикада қолдануға, табандылық, ізденгіштік, еңбек сүйгіштік қасиеттерін тәрбиелеуге жол ашады. Балалар есепті шығара отырып көптеген математикалық түсініктердің негізгі тамыры шын өмірде, адамдардың практикасында екендігіне көз жеткізеді. Есептер шығару арқылы балалар танымдық және тәрбиелік тұрғыдан алғанда маңызды фактілермен танысады.
Бастауыш сыныпта есептер арифметикалық амалдарға байланысты жай және құрама болып екі түрге бөлінеді.
Жай есеп деп - бір ғана амалмен шығарылатын есепті айтады.
Құрама есеп деп - екі немесе оданда көп амалмен шығарылатын есепті айтады
Есеп қарастырылатын объектілерге байланысты-практикалық және математикалық болып бөлінеді. Есепте қарастырылатын объектінің бірі нақты шын зат болса, онда ол практикалық есеп. Ал, есепте қарастырылатын объектілер таза математикалық болса, онда математикалық есеп.
Теорияға байланысты стандартты және стандартты емес есеп түрлері белгілі. Дайын ережелермен шығарылатын есеп стандарттық есеп деп аталады, ал шығару жолдары дайын ережемен табылмайтын есеп-стандарт емес есеп деп аталады.
Бастауыш сынып математикасын оқытуда есептер дидактикалық мақсаттарына қарай үш түрге бөлінеді:
1. Танымдық есептер, олар арқылы жаңа білім алынады.
2.Машықтау есептері, олар арқылы орнықты білім дағдылары қалыптасады.
3. Дамыту есептері, олар шығармашылық ойлауды қажет етеді. Есеп шығару барысында математикалық ұғымдардың көбінің мағынасы ашылып, нақтыланады. Мысалы, бастауыш сыныпта математикасында жай текстілі есептер арифметикалық амалдар мәнін ашу үшін пайдаланады, өйткені бұл төменгі сыныптарда ол амалдардың анықтамасы берілмейді. Оқушыларға амалдар мәні әр түрлі заттар жиыны мен практикалық операциялар негізінде түсіндіріледі. Оқушылар жай текстілі есептер шығарғанда бұл операцияларды ақыл – ойдың іс - әрекеттеріне аударады.
Мұғалімнің есептерді шығарудағы ролі бұл есепті шығаруда қандай мақсат қоюына байланысты болады. Кейбір кездерде оқып білуге тиісті теориялық материалдың мәнін, практикалық мағынасы мен маңыздылығын түсіну есептер шығару арқылы іске асырылады. Оқушыларда бұл жағдайда есептер білімін толықтырып, нақтылай және дағдыларды қалыптастырып, одан әрі жетілдіру үшін пайдаланылады .
Бастауыш сынып математикасын оқыту дәрежесінің жоғары болуының бірден – бір жолы оқушыларды есеп шығаруға үйрету.
Сонымен бастауыш сыныптарда математикадан есеп шығару практикумын оқыту келесі өзәра байланысты төрт түрлі мақсатқа жетуді көздейді:
Білімділік: бағдарламаға сәйкес математикалық білім, білік және дағдылардың белгілі бір көлемін оқушыларды игеруі;
Тәрбиелік: шынайы ғылыми дүниетанымдық көзқарасты, жоғарғы ізгі игіліктер мен сапалар, еңбекке дайын болу және тағы басқа қасиеттерді қалыптастыру;
Дамытушылық: логикалық құрлымдар мен олаудың математикалық стилін дамыта түсу;
Практикалық: меңгерген математикалық білімдерін нақтылы жағдайларда практикалық есептерді, мәселелерді шешуде қолдана білумен байланысты білік қалыптастыру.
Осы мақсаттардың табысты шешілуі оқыту мазмұнын тиімді жолмен алуға, оны оқытып үйретудің ан жақты ойластырылған жүйесін құруға және оқытудың сәйкес әдіс-тәсілдерін, жабдықтарын, ұйымдастыру тәсілдерін (формаларын) іріктеп алуға байланысты. Ең басты мәселе оқыту мазмұны мен оның құрлысын анаықтау болып табылады.
2. Математикадан есеп шығару практикумын оқыту міндеттері:
-аса маңызды математикалық есеп шығаруда ұғымдар мен фактілердің мән-мағынасын ашып көрсету;
- математиканың бастауыш курсының болашақ бастауыш сыныптар мұғалімдерінің кәсіби білімі жүйесіндегі маңызын айқындау;
- есеп шығаруда математикалық ұғымдар, заңдар, қасиеттер, фактілер, әрекет тәсілдері, логикалық амалдармен ақыл-ой операцияларын қарастыратын математиканың бастауыш курсының қазiргi әдiстерi мен тәсiлдерiн үйрету.
2. Жалпы математиканы оқыту процесінде есептерді шығару бірқатар педагогикалық мақсатты атқарады.
Оқушылар теориялық білімдердің практикада қолдануларымен танысады;
Оқушылардың теориялық білімдері кеңейеді, тереңдей түседі және білімдерін бекітеді;
Оқушылардың логикалық ойлауын, шамалар арасындағы функционалдың байланысты тереңірек үйренеді;
Есептерді шығару оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмыс дағдысын қалыптастырады;
Есептерді шығару оқушылардың білімін бағалауда негізгі құрал болып табылады.
Сонымен қатар есеп шығару кең көлемдегі тәрбилік мақсатыда көздейді;
есеп оқушылардың алған білім оқу процесінде немесе өмірде, практикалық іс-әрекеттерінде қолдануға дайындайды;
қоғамдық құрылыстың жетістіктерін көрсететін есептер сүйіспеншілікке тәрбиелейді;
есеп шешуін іздеу оқушыларды киыншылықты жеңуге жігерлендіреді, тапқырлыққа, зеректілікке тәрбиелейді.
Берілген есептің шешуін табуға қатысу оқушының шығармашылық шабыттануына жағдай жағдай жасап, эстетикалық тәрбие береді.
Есептер шығару арқылы балалар танымдық және тәрбиелік тұрғыдан алғандағы маңызды фактілермен танысады.
Есеп шығаруға оқушыларды үйрету оқыту процесінде негізгі мақсаттың бірі болса, ол белгілі бір типтегі есептерді шығару қандай да бір математикалық материалды меңгеруге әсерін тигізетін әдіс болып табылады. Сондықтан оқыту барысында оқушыларды есеп шығаруға үйретуде көп көңіл бөлінеді. Есеп шығарудың ең әуелі балаларда толық бағалы математикалық ұғымдарды қалыптастыруда, олардың бағдарлама анықтап берген теориялық білімді игеруге өте маңызды мәні бар.
Сонымен есеп шығаруды оқыту міндеттері төмендегіше:
1. Есеп туралы түсінік қалыптастыру, оның құрамы және шешу процесімен таныстыру.
2. Есепті “есеп еместен” ажыратуға және “Есеп еместі” есепке айналдыруға үйрету.
3. Есептің берілген деректері және оның шешуін салыстыру негізінде жай есептің барлық түрлері туралы түсінік беру.
4. Құрама есеппен таныстыру, құрама есепті жай есептен және басқа тапсырмалардан ажыратуға үйрету.
5. Жай есепті құрама есепке және керісінше айналдыра алу білігін қалыптастыру.
6. Есепті талдау негізінде шешуге және шешу жоспарын құруға, амалдар, өрнектер теңдеулер көмегімен шешуін жазуға және шешуін әр түрлі тәсілмен тексеруге үйрету.
7. Есептің кез келген түрін шеше алу білігін қалыптастыру үшін әр түрлі есептерді салыстыра алу білігін дамыту.
8. Арифметикалық амалдар қасиеттері мен ережелері жөніндегі білім негізінде есепті әр түрлі тәсілмен шешуге үйрету.
9. Түрлі мәліметтер мен мағлұматтар, сурет, қысқаша жазу, сызба, график, схема, кесте мен өрнектер бойынша есеп құрастыра алу білігін қалыптастыру.
10. Кері және өзара кері есептер құру мен шешуге үйрету.
2.Бастауыш курс математикасында есеп қарастырылмайтын сабақ кездеспейді, яғни әр сыныптың оқулығында 300 – ге жуық есеп келтірілген. Оған қоса, мұғалімдердің жергілікті деректерді пайдаланып қарастыратын және әдістемелік көмекші құралдар мен дидактикалық материалдардағы есептер бар. Осыған орай, бағдарламада есепті шығара білу іскерліктеріне қатысты талаптар келтірілген.
Бастауыш сыныпта есептер шығарылатын арифметикалық амалдарға байланысты жай және құрама болып бөлінеді. Жай есеп деп бір ғана амалмен шығарылатын есепті айтады. Ал құрама есеп деп екі немесе оданда көп амалмен шығарылатын есепті айтады.
Математиканы оқыту жүйесінде жай есептер аса маңызды роль атқарады. Жай есептерді шығару арқылы математиканы бастауыш курсының негізгі ұғымдарының бірі – арифметикалық амалдар туралы ұғым. Тағы басқа бірқатар ұғымдар қалыптасады. Жай есептерді шығара білу оқушылардың құрама есептерді шығара білуді игеруге дайындық басқышы болып табылады. Өйткені құрама есепті шығару бірқатар жай есептерді шығаруға келіп тіреледі. Жай есептерді шығарғанда есеппен және оның құрамды бөліктерімен алғаш танысу болады. Жай есептерді шығарумен байланысты балалар есепке жүргізілетін негізгі әдістерін игеретін болады. Сондықтан мұғалімнің жай есептердің әр түрімен жұмысты қалай жүргізу керектігінің білуінің маңызы өте зор.
Оқушыларды құрама есеппен (екі амалмен шығарылатын) таныстыру түрлі жолмен жүргізіледі. Бұл құрама есепті екі жай есепке бөлу немесе екі жай есепті бір құрама есепке біріктіру жолы болуы мүмкін. І класс оқулығында оқушыларды екі амалмен шығарылатын есеппен таныстыру мақсатында бірінші есеп ретінде құрама есеп ұсынылады, ол есепке талдау жасау барысында оқушылар екі амалмен шығарылатын есептің бір амалмен шығарылатын есептен айырмашылығын саналы қабылдайды, яғни мұндай есепте бірден сұраққа жауап беруге болмайтындығы атап көрсетіледі.
Балаларды есеп шығаруға үйрету берілген мәліметтер мен ізделіп отырған мәліметтер арасындағы байланысты тағайындау және соған сәйкес арифметикалық амалдарды таңдап алу, содан кейін оны орындау.
Бacтaуыш cыныптa шeшуi бepiлгeн мәлiмeттep мeн iздeлiндi apacындaғы бaйлaныcтapғa нeгiздeлeтiн, тeк олapдың нaқты мaзмұны мeн бepiлгeн caн мәлiмeттepi жaғынaн ғaнa aйыpмaшылығы болaтын, бip топ eceптepмeн жұмыc жүpгiзiлeдi. Мұндaй eceптep тобын бip түpдeгi eceптep дeп aтaймыз.
Eceптepдi шeшудe оқушылapды eң әуeлi бip түpлi eceптepдi, cодaн кeйiн eкiншi түpлi eceптepдi т.c.c. шeшудe үcтipтiндiк болмaуы кepeк. Оның бacты мaқcaты бaлaлapды өмipдe кeздeceтiн түpлi жaғдaйлapдың олapдың бipтiндeп күpдeлeну жaғын ecкepe отыpып, бepiлгeн жәнe iздeлiнiп отыpғaн мәлiмeттepi apacындaғы қaндaй дa бip бaйлaныcтapын caнaлы түpдe тaғaйындaуғa үйpeту болып тaбылaды. Дeмeк мұғaлiм eceптep шығapуғa үйpeту әдicтeмeciндe қaндaй дa бip мaқcaты бap бip кeзeңдi ecкepуi қaжeт. Олap үш кeзeңдeгe бөлiнeдi.
Мұғaлiм бipiншi кeзeңдe eceптepдiң қapacтыpылып отыpғaн түpiн шығapуғa дaйындық жacaйды, оқушылap оcы кeзeңдe оcындaй eceптepдi шығapғaндa apифмeтикaлық aмaлдapды тaңдaп aлaтындaй бaйлaныcтapды игepулepi қaжeт.
Мұғaлiм eкiншi кeзeңдe оқушылapды eceптepдiң қapacтыpылып отыpғaн түpiн шығapумeн тaныcтыpaды. Оқушылap бepiлгeн мәлiмeттep мeн iздeлiп отыpғaн мәлiмeттep apacындaғы бaйлaныcты тaғaйындaп жәнe оcының нeгiзiндe apифмeтикaлық aмaлды тaңдaп aлуды үйpeнeдi. Оқушылap оcындaй жұмыcтың нәтижeciндe қapacтыpылып отыpғaн eceптepдi шығapу тәciлiмeн тaныcaды.
Мұғaлiм үшiншi кeзeңдe қapacтыpылып отыpғaн түpдeгi eceптepдi шығapa бiлу бiлiгiн қaлыптacтыpaды. Бұл кeзeңдe нaқты мaзмұнынa қapaмacтaн, қapacтыpылып отыpғaн түpдeгi кeз-кeлгeн eceптi шығapa бiлугe үйpeнулepi тиic, яғни олap оcы түpдeгi eceптepдi шығapу тәciлiн қоpытa бiлулepi қaжeт.
Достарыңызбен бөлісу: |