Лекция №1 Тақырыбы: статистикалық физика пəНІ, оның мақсаттары, Əдістері мен əдістемелері



бет2/3
Дата28.06.2022
өлшемі0,65 Mb.
#147155
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
лек №1 стат физика және термодинамика (1)

Қазiргi статистикалық физика материяның молекула – кинетикалық теориясы негiзiнде құрылды. Сондықтан ұзақ уақытқа дейiн статистикалық физиканы молекула – кинетикалық теория деп атап та жүрдi. Кинетикалық теория XIX ғасырдың екiншi жартысында тез дами бастады. Клаузиус, Максвелл, Больцман еңбектерi нəтижесiнде газдардың кинетикалық теориясы тағайындалды. 1857 жылы Р. Клаузиустың «Бiз жылу деп атайтын қозғалыстың табиғаты жайында» деп аталатын еңбегi жарияланды. Бұл еңбекте жылу энергиясының молекулалар қозғалысының кинетикалық энергиясы екендiгi дəлелдендi. Ал 1859 жылы Клаузиус келесi статьяда газдардағы молекуланың еркiн жүру ұзындығы ұғымын енгiзiп, осының негiзiнде жылу өткiзгiштiк жəне iшкi үйкелiс құбылыстарын түсiндiрдi. Клаузиус еңбектерiмен жете танысқан ағылшын физигi Дж. К. Максвелл 1859 жылы Лондондағы Король қоғамында «Газдардың динамикалық теориясын бейнелеу» деп аталатын баяндама оқыды. Мұнда қазiр оның атымен аталатын молекулаларды жылдамдық бойынша үлестiру заңы тағайындалды. 1868-1871 жылдары Больцман молекулалардың жылдамдық бойынша үлестiруiн идеал газдардың сыртқы өрiске орналастыру жағдайына жалпылап белгiлi Больцман үлестiруiн қорытып шығарды. Больцман үлестiруi барометрлiк өрнекте, газдардағы диполданған бағытталу теориясында, молекулалық өрiс əдiстерi теориясында, басқа да маңызды тарауларда пайдаланылады.

  • Қазiргi статистикалық физика материяның молекула – кинетикалық теориясы негiзiнде құрылды. Сондықтан ұзақ уақытқа дейiн статистикалық физиканы молекула – кинетикалық теория деп атап та жүрдi. Кинетикалық теория XIX ғасырдың екiншi жартысында тез дами бастады. Клаузиус, Максвелл, Больцман еңбектерi нəтижесiнде газдардың кинетикалық теориясы тағайындалды. 1857 жылы Р. Клаузиустың «Бiз жылу деп атайтын қозғалыстың табиғаты жайында» деп аталатын еңбегi жарияланды. Бұл еңбекте жылу энергиясының молекулалар қозғалысының кинетикалық энергиясы екендiгi дəлелдендi. Ал 1859 жылы Клаузиус келесi статьяда газдардағы молекуланың еркiн жүру ұзындығы ұғымын енгiзiп, осының негiзiнде жылу өткiзгiштiк жəне iшкi үйкелiс құбылыстарын түсiндiрдi. Клаузиус еңбектерiмен жете танысқан ағылшын физигi Дж. К. Максвелл 1859 жылы Лондондағы Король қоғамында «Газдардың динамикалық теориясын бейнелеу» деп аталатын баяндама оқыды. Мұнда қазiр оның атымен аталатын молекулаларды жылдамдық бойынша үлестiру заңы тағайындалды. 1868-1871 жылдары Больцман молекулалардың жылдамдық бойынша үлестiруiн идеал газдардың сыртқы өрiске орналастыру жағдайына жалпылап белгiлi Больцман үлестiруiн қорытып шығарды. Больцман үлестiруi барометрлiк өрнекте, газдардағы диполданған бағытталу теориясында, молекулалық өрiс əдiстерi теориясында, басқа да маңызды тарауларда пайдаланылады.
  • Термодинамиканың атомдық теориясын тек идеал газдар үшiн ғана емес, бөлшектерi өзара күштi əсерлесетiн сұйықтар мен қатты денелерге қолдану үшiн, статистикалық əдiстi дамыту нəтижесiнде Уиллард Гиббс канондық үлестiру мен ансамблдер əдiсiн тағайындады. Гиббс сонымен қатар термодинамиканың бiрiншi жəне екiншi бастамаларын канондық үлестiруден шығарып алуға болатындығын көрсеттi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет