Лекция №1 Тақырыбы: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі пәніне кіріспе


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет12/39
Дата02.03.2023
өлшемі0,53 Mb.
#170767
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39
Байланысты:
лекция жинағы (копия)

Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Волейбол ойнының шығу тарихы.
2. Алаң өлшемдері.
3. Ойын ережелері.
4. Жарыс ұйымдастыру жолдары.


Лекция №7
Тақырыбы: Бокстың шығу тарихы, даму жолдары
1. Бокстың тарихы
2. Қазақстандағы бокстың даму жолдары
Бокс. Осы бір төрт әріптен тұратын ағылшын сөзі миллиондаған спорт жанкүйерлеріне жақсы таныс. Жер бетінде бокс десе ішкен асын жерге қоятын, шаршы алаңдағы шиеленіскен жекпе-жектерді көрмей, дегбірі басылмайтын жандар аз емес. Бокстың тарихы біздерді алыс заманалардың түкпіріне жетелейді. Ежелгі Мысыр, Крит - микен, вавилон дәуірлерінің тасқа қашаған мұраларында жұдырықтасып жатқан адам бейнелері бар.
Қолбасшы Алкивиад жұдырықтасумен айналысқан. Қазіргідей ол кезде де жұдырықшылардың жекпе - жегін тамашалаушылар өте көп болған. Атақты жұдырықтаушылардың даңқы ауыздан - ауызға ілігіп, айдай әлемге жария болып отырған. Халық оларды ерекше құрмет тұтып, әнге, жырға қосқан, эпостардың қаһарман еткен, олимпиядалық ойындарда жеңіске жеткендеріне көздері тірісінде ескерткіш орнатқан. Ежелгі дүниедегі олимпиядалық ойындар тоқтаған соң да бокс саябыр сыған жоқ. Көптеген даулы мәселелер жұдырықтың күшімен шешілетін. Бертін келе осыны тәртіпке келтіру мақсатымен жекпе - жек өткізудің ережесі ойлап шығарылды. 1743 жылы шыққан бұл ереже ағылшын ДЖ. Браутонның есімімен тікелей байланысты.
Қазақстан боксына келер болсақ, 1933 жылы Ш. Бөлтеқұлы қазақ еліне тұңғыш рет бокс әліппесін алып келді. Міне, сол сәттен бастап қазақ боксы дами бастады. Әбдісалам Нұрмұханов бастаған боксшылар қазақ елін, оның ішінде қазақ боксын әлемге танытты. Кеңес дәуірінде қазақтан шыққан боксшылардың орны ерекше болды. Өзінің шаршы алаңдағы әдемі техникасымен әлемді мойындатқан С. Қонақбаев Мәскеу олимпиадасында күмістен алқа тақты.
Қазақстан өз егемендігін алған соң да бокстан әлем мықтылары санасатын құрама команда болды. В. Жиров бастаған жеңісті жолды қазақ боксшылары әлі жалғастыруда. Тәуелсіздік алғанына аз ғана жыл болса да Қазақстан боксы әлемді мойындатты. Оған дәлел, бес олимпиадалық ойындарға қатысқан қазақстандық боксшылар жүлдесіз қайтып көрмеді. Екі мәрте ең үздік техникасы үшін берілетін В. Баркер кубогін иеленді. Қазақтан шыққан тұнғыш олимпиада чемпионы Б. Саттарханов болып тарихта алтын әріптермен жазылды. Қазіргі таңда бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы өз билігінде және бұл биіктіктен ешқашан түспек емес!
Бокс (boxing) ресми аты да Англияда қалыптасқан. Джеймс Фигг алғаш бокс мектебiн ашып, жастарды былғары қолғап өнерiне баулиды. Бокстың алғашқы ережелерi де Фиггтiң отанында пайда болған екен. Бұл ережелерде рингтiң аумағы, раунд ұзақтығы және қолғап салмағы айтылады. 1908 жылы бокс ресми түрде олимпиада бағдарламасына енгiзiлiп, оған тек ағылшындықтар ғана қатысады. Бiрақ бұдан кейiн тағы да бағдарламадан тыс қалады да, 1920 жылдан берi қайта тұрақты түрде өткiзiлiп келедi. 1920 ж. Бокс әуесқойлары дүниежүзілік ассоциациясы (AІBA) құрылды. Дүниежүзілік чемпионат 1974 жылдан өткізіледі.
Бүгiнде әлем бойынша кәсiби боксқа аса көңiл бөлiнiп келедi. Кәсiби бокс алаңында Мұхаммед Әли, Джо Фрейзер, Джордж Формен, ағайынды Спайкстер, Флой Патерсонның есiмдерi ерекше аталады. Олимпиада тарихында боксшылары ең көп алқа тағынған ел — АҚШ. Бiрақ бүгiнде кубалық спортшылар алғы шепте келедi. 1992 жылғы Барселонада өткен олимпиадада кубалық боксшылар 12 алтын алқаның жетеуiн қанжығаға байлап кеткен. Ал 1996 жылы Атланта Олимпиадасында 4 алтын, 3 күмiс медальды жеңiп алды. Олимпиада тарихында 3 боксшы ғана 3 мәртеден жеңiмпаз атанған. Олар — венгриялық Л. Папп, кубалық Т. Стивенсон және кубалық Феликс Савон.
Қазақ боксының тарихы
Бұрынғы КСРО мемлекеттерінде бокстың әуесқой түрі кеңес өкіметіметімен бірге дамыған. Азаматтық соғыс кезінде Лениннің бастамасымен «шет ел интервенциясына қарсы күрес жүргізу мақсатында, жалпыға ортақ соғыс амалдарын үйрету» декретіне қол қойылып, бүкіл халықты дене шынықтыруға баулу жұмыстары қарқынды түрде қолға алынған. Коммунисттер партиясының көсбасшысы бұл жұмысқа көп көңіл бөлген. Ленин қарапайым халықты дене шынықтыру жұмыстарына баулу процесін соцалистік қоғам құрудың негізгі амалы деп түсінді. Сөйтіп 1919 жылы П.Никифоров пен В. Самойлов халыққа бокс өнерін үйретуді бастаған. Ал 1920 жылы осындай бірнеше үйірме қосылып, әскери медициналық академия қабырғаларында бокс бөлек дене шынықтыру бөлімі ретінде қалыптасқан. Бокс бөлек дене шынықтыру пәні ретінде оқу бағдарламасына енген. Осылайша, боксшылардың қатары ұлғайып, талас-тартыстар мен жарыстардың саны күн санап өскен. Сол жылы бокс Предолимпиадаға еніп, Петроградта апта сайын «дүйсенбілік бокс кездесулері» ұйымдастырылған. Мәскеу, Ленинград, Самара, Ростов, Харьков, Одесса, Севастополь қалаларында ұйымдастырылған қалааралық жарыстарда былғары қолғап шеберлері бақ сынасып, әрқайсысы бокстың дамуына өз үлестерін қосқан. Алғаш рет Қызыл Армия біріншілігі ұйымдастырылған. 1928-1930 жылдар аралығында бокс Кавказ бен Орталық Азия мемлекеттерінде қарқынды дамыған.
Қазақ жерінде бокстың дамуы өз бастауын өткен ғасырдың 30 жылдарында алған. Бұл шайқас өнерінің даму орталығы ретінде Алматы қаласы танылды. Алматыда алғашқы бокс үйірмесі «Темп» спорттық қоғамдастық негізініде құрылған. Кейін келе ағылшындардың жұдырық шайқасы еліміздің «Динамо», «Спартак», «Медик» пен Қарағандыдағы - «Угольщик» спорттық қоғамдастықтарда өз табынушыларын тапқан.
Ал 1937 жылы қазақ боксының негізін салушы, спорт шебері атағын иемденген Шоқыр Бөлтекұлының бастамасымен Алматыда жеке-топтық біріншілік ұйымдастырылып, аталған жиынға 4 спорт қоғамдастықтан 50 жуық былғары қолғап шеберлері қатысқан. Осы чемпионат бокстың дамуына түрткі болып, еліміздің басқа да өңірлерінде спорттық үйірмелер көптеп бой көтере бастаған. Сұрапыл соғыс та спорттық ортамызға зиян келтірген. Соғыстың алғашқы күндерінен ақ боксшыларымыздың көбісі майданға аттанып, ерлік пен батылдық танытқан. Өкінішке орай, олардың көбісі шаршы алаңға қайтып келмеді.
Қазақ жеріндегі бокстың дамуы соғыстан кейін қайта жанданды. Жұдырық шайқасындағы негізгі даму бағыты 1946 жылы басталып, ҚазССР мен Орталық Азия мемлекеттерінде түрлі біріншіліктер мен жарыстар көптеп ұйымдастырылған. Бокс Қазақстанның көптеген қалаларында дами бастаған. Ш. Бөлтекұлы, Г. Кирнштейн, М. Хайрутдинов, Д. Муллаев А. Инфланда тағы да басқа спорт шеберлері мен жаттықтырушылар аянбай еңбек етіп, қазақ боксының негізін қалауына үлес қосқан. 1947 жылы алғаш рет КСРО-ның жеке-топтық біріншілігі ұйымдастырылып, аталған шараға бүкіл Кеңес Одағының құрамына енген мемлекеттерден келген спортшылар қолғап түйістірген. Бұл чемпионатқа біздің де саңлақтар аттанған болатын. Жарыс төрт салмақ дәреже бойынша ұйымдастырылып, чемпионаттың қорытындысы бойынша алматылық Махмут Омаров 51 келіге дейінгі дәрежеде қола медальға қол жеткізген. Геннадий Рожков (63,4 кг) 1953 жылы ұйымдастырылған КСРО чемпионатының финалисті атанып, Бухарестте өткен халықаралық студенттік ойындарында қола медальді қоржынына салған. Осылайша, Геннадий Рожков шет елде өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық боксшысы атанды.
Ұзақ уақыт бойы қазақ боксшылары КСРО біріншіліктерінде үздік нәтиже көрсете алмай, күміс пен қола алқаларын қанағат тұтқан болатын. Көп күткен алтын қазақ жеріне де бұйырды. 1959 жылы алматылық Анатолий Кадетов (81 кг дейін) КСРО чемпионы атанып, жеңіс тұғырына көтерілген. 1992 жылға дейінгі КСРО мен ТМД чемпионаттарында Қазақстанның боксшылары 167 медаль еншілеген (36 алтын, 44 күміс пен 77 қола). Бұл 17 федерациясы бар бүкілодақтастықтағы бесінші нәтиже. Әлемнің алты чемпионатына қатысқан қазақ боксшылары қоржындарына екі алтын, екі күміс медаль салған. Олимпиада ойындарында біздің боксшылар ортақ қоржынға бір қола мен үш күміс медаль салған. КСРО бокс тарихындағы мына саңлақтардың есімдері жадымызда мәңгі сақталады. Атап айтқанда, Валерий Рачков – 1978 жылдың әлем чемпионы, Игорь Ружников – 1989 жылдың Еуропа мен әлем чемпионы, Серік Қонақбаев – Еуропаның екі дүркін чемпионы, әлем Кубогі иегері мен 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының финалисті. Осы спортшылар КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері мен тағы басқа жоғары атақтарға ие. 1989 жылғы әлем чемпионатының финалисті Александр Мирошниченко 1988 жылы Сеулде өткен Олимпиада ойындарында КСРО қоржынына соңғы қола медальді салған болатын. Өткен ғасырдың 90-жылдарында Кеңес үкіметі құлдыраған болатын. КСРО құрамына енген мемлекеттер тәуелсіздіктерін алып, жаңа саясат пен жаңа боксшыларға бейімделу керек еді. Осылайша 1992 жылы Қазақстан Республикасының әуесқой бокс Федерациясы АИБА-ға мүше ретінде еніп, Азия құрлығындағы әуесқой ассоциациясының толыққанды мүшесіне айналған. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы алғаш рет 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарына қатысқан болатын. Жарыстың қорытындысы бойынша біздің саңлақтар бір алтын, бір күміс, екі қола медаль еншіледі. Бейресми топтық сынақта біздің команда үшінші орынды еншілеп, Америка мен Куба мемлекеттеріне қарағанда босаңдық танытты. 1996 жылғы ойындарда Василий Жиров бұрын -сонды болмаған нәтиже көрсетіп, Олимпиада чемпионы атанып қана қоймай, құрметті сый - Вал Баркер Кубогін жеңіп алды. Олимпиада ойындарының тарихында бұл сыйлыққа тек 8 спортшы ғана қол жеткізген болатын. 1996 жылғы Олимпиада ойындарында Болат Жұмаділов күміс, Болат Ниязымбетов пен Ермахан Ыбырайымов қола медаль еншілеген.Төрт жылдан кейін біздің спортшылар Сиднейде өткен Олимпиада ойындарында бұдан да жақсы көрсеткіштерге ие болған. Қазақ жеріне алтын медальді құрамамыздағы ең жас спортшы Бекзат Саттарханов әкелген. Бекзат сонда 20-да еді. Ермахан ағамыз жүзден жүйрік атанып, жеңіс тұғырынана көрінсе, Б. Жұмаділов Атлантадағы көрсеткішін қайталаған болатын. Ал ауыр салмақтағы Мұхтархан Ділдәбеков Сиднейдегі Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілген. Греция жерінде өткен Олимпиада ойындарында да біздің спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп, еліміздің намысын қорғаған болатын. Тараз қаласында дүниеге келген Бахтияр Артаев Олимпиада ойындарында алтын медальді еншілеп, бокс тарихындағы ең құрметті сый - Вал Баркер Кубогіне қол жеткізген екінші қазақ боксшысы. Қарағандылық Геннадий Головкин күміс алқа тағынса, Серік Елеуов қола медальді қанағат тұтты. 2008 жылы Пекинде ұйымдастырылған Олимпиада ойындарында 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бақыт Сәрсекбаев алтынға қол жеткізсе, 81 келіге дейінгі дәрежеде Шыналиев Еркебұлан қоланы қоржынына салған.
2012 ж. Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындары қазақстандықтар үшін сәтті өтті. Олимпиада ойындарының тарихына бірінші рет енгізілген әйелдер арасындағы турнирде Марина Вольнова қола алқамен қоржынын майлады.Иван Дычко (91 кг) қолаға қол жеткізіп, әлемдегі үздік боксшылардың төрттігіне кірді. Әділбек Ниязымбетов (81 кг) ресейлік боксшымен жұдырықтасып, күміс алқаға лайық деп танылды. Олимпиаданың соңғы күнінде Серик Сапиев(69 кг) финалда британдық боксшыны артқа тастады. Біздің спортшылар бұл олимпиадада жақсы нәтижелер көрсетті.
2016 жылғы Рио олимпиадасында Данияр Елеусінов 69 кг чемпион атанды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет