Шөп биті – Травяная тля көптеген бұршақты өсімдіктердің
т оғышары ретінде кездеседі. Ол ең алдымен өсімдіктің өзіне зиян келтіреді. Өзінің тұмсығы арқылы өсімдіктің кез келген жерін тесіп, оның сөлін сорып алады. Олар өсімдік жапырағының астыңғы жағында, сабағында, гүлінде тұтасып жабысып тұрады. Жапырақтарын істен шығарады, өсімдік өспейді, өледі.
Сондай өсімдікті жеген мал терісінің пигментсіз жерлерінде қабыну процесі дамиды, ол жерде күлдіреуік пайда болады, ол жарылады да орнында жара анықталады. Олжара іріңдейді, өлі еттенеді, гангренаға айналады. Соондай-ақ көздің зақымданғаны байқалады. Ондай зақымданған мал азықтарын кептіріп, жуып барып азық ретінде қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |