Лекция №1 Тақырыбы


Майкене күнжарасындағы рицинді анықтау



бет29/51
Дата07.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#88739
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51
Байланысты:
кож лекция

Майкене күнжарасындағы рицинді анықтау. Рицинді анықтау үшін эритроциттердің агглютинация әдісін қолданады. Майкене күнжарасының сығындысымен эритроциттердің жабысуы агглютинация реакциясы жүретін сұйықтың белгілі бір деңгейінде барма, жоқпа, соған негізделген әдіс.
Ол үшін жақсы ұсақталған майкене күнжарасыныың 5-10 г мөлшерінде сығындысын алып, оған 25-50 мл физиологиялық ерітіндіні құяды. Бұл қосылыста микроорганизмдер өсіп кетпес үшін 0,5 г толуолды қосқан жөн. Қосылысты шыны таяшамен мұқият араластырып 24 сағатқа қояды. Осыдан кейін қағаз сүзгі арқылы сүзіп негізгі сығындыны алады. Одан, агглютинация реакциясын қойғаннан кейін, физиологиялық ерітіндімен әртүрлі қатынастағы ерітінділер жасайды.
Агглютинация реакциясын қою үшін белгілі ереже бойынша дайындалған кез келген малдың эритроциттерінің топтамасы керек.
Майкене күнжарасының негізгі сығындысынан жалпы ережеге сүйене отырып физиологиялық ерітіндімен 1:100, 1:300, 1:500, 1:1000, 1:2000, 1:10 000, 1:15 000 қатынасындағы ерітінділерді дайындайды.
Реакция қою үшін дайын күнжара сығындысынан 2 мл-ден бақылау пробиркаларынан басқа барлық пробиркаларға құяды. Бақылау үшін 2 пробиркаға 2 мл-ден физиологиялық ерітінді құяды. Эритроцитті қанды араластырады да, барлық пробиркаларға 2 мл-ден қосады. Пробиркадағы ерітіндіні еппен араластырып 24 сағатқа 16-18º температурадағы бөлмеге қояды. Бір тәуліктен кейін пробиркаларды ақырын араластырып барып қарайды. Толық агглютинация болғанда эритроциттер бір-бірімен желімделіп пробирканың түбіне шөгеді, ал оның бет жағындағы сұйық мөлдір болады. Оны қатты сілкіп араластырғанда ірі жапалақшалар пайда болады. Аздаған агглютинацияда пробирканың түбінде ірі жапалақшалар болады, ал сұйық интенсивті түрде боялады. Толық емес агглютинацияда сұйық қызыл түске боялады, ал пробирканың түбінде эритроциттердің аздаған ғана ұйыған тұнбасы болады.
Кері реакцияда пробиркалардағы ерітінділер түсін өзгертпейді, олардың түбінде тұнба болмайды. Ондай реакция физиологиялық ерітінді құйылған бақылау пробиркаларында болады.
Егерде толық агглютинация бақылау пробиркаларынан басқа барлық пробиркаларда болса, онда жоғарғы қатынастағы ерітінді (1:20 000) дайындап, реакцияны қайта қояды.
Егер толық агглютинация 1:15 000 және одан да жоғарғы қатынастағы пробиркаларда болса, онда майкене күнжарасындағы рициннің мөлшері өте көп деген қорытынды шығады. Ал толық агглютинация 1:2000 – 1:10 000 қатынасындағы пробиркаларда болса, онда рицин орташа мөлшерде, 1:500 – 1:1500 – аздаған мөлшерде болады. Агглютинация жоқ болса рицинде жоқ.
Малды азықтандыруға алдын ала рицині жойылған майкене күнжарасын ғана пайдалануға болады. Ол үшін күнжараны 150º-қа дейін қыздырады немесе қайнатады. Құрамында аздаған мөлшерде рицині бар күнжараны сақтықпен, аздаған мөлшерде береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет