Т арымен улану – Просо посевное – Panicum miliaceum L. Улану қойлардың арасында жиі тіркеледі. Қазақстанда Семей, Павлодар аймақтарында кездескен осындай улану жөнінде А.М.Рахмановтың 1956-1962 жж. деректері бар. Улану құрғақшылық жылдары, толық жетіліп піспеген тары өскен жайылымға малды жайғанда байқалған. В.С.Степин өзінің 1965 жылғы хабарында тарымен улану тек ақ түсті қозыларда ғана емес, сондай-ақ қара, қоңыр түсті қозылардың ішінде де байқалғанын жазған.
Уланудың клиникалық белгісі малдың ішінің өтуінен басталады да, ары қарай ас қорыту жүйесінің қызметінің бұзылуы тіркеледі. Құлақтың, қастың, мұрынның тұстарында тері ісінеді, қатты қышиды, жүні түседі, кейде өлі еттенеді, серозды сұйық жиналады. Ондай өзгерістер бірте-бірте көздің, ауыздың, мұрынның кілегей қабықтарына да келеді. Осының салдарынан азық қабылдау, су ішу, дем алу процестері қиындайды. Кей кезде мал көрмей қалады. Сары аурудың клиникалық белгілері анықталады. Уланған малдың 70-80 %-ы өлім-жітімге ұшырайды. Жазылу процесі өте ұзаққа созылады. Кей кезде өте жіті түрде өткенде жүйке жүйесіне әсер етеді. Бастың, аяқтың бұлшық еттері қатты жирылады, мал құлайды, басын артқа қарай қайырып ұзақ уақыт жатады.
Өлекседегі өзгерістер. Тері асты шелі ісінген, бас терісінің астында дірілдеген инфильтрат, құлақ жарғақтары қалыңдаған, терісі сарғайған. Геморрагиялық диатездің клиникалық белгілері анықталады. Кілегей қабықтары қызарған. Ас қорыту жүйесінде қабынудың клиникалық белгілері бар, жалбыршақ қарыншақтың беттері ісінген. Өкпелер ісінген, қошқыл түсті, кескенде көпіршіктенген сұйық шығады. Бауыр болбыр, көлемі ұлғайған, балшық түстес. Бүйректерде де сондай өзгерістер анықталады.
Емдеу және сақтандыру шараларыжоғарыда, қарақұмықпен улануда көрсетілгендей.