Лекция №1 Тақырыбы


Қ ара құмықпен улану – Гречиха – Fagopyrum esculentum L



бет36/51
Дата07.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#88739
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51
Байланысты:
кож лекция

Қ ара құмықпен улану – Гречиха – Fagopyrum esculentum L. Малдар бұл өсімдікті гүл шашып тұрған кезінде, ашық күндері жегенде уланады. Улы заты – филлоэритрин. Ақ түсті малдар жиі уланады деген деректер бар. Әсіресе қой мен шошқалардың арасында жиі кездеседі. Филлоэритрин көбінесе малдың терісінде шоғырланады. Ол күн сәулесінің тікелей түскен әсерінен тотығады. Түзілген тотық терінің рецепторларын қатты тітіркендіреді де, онда күйген тәріздес өзгерістер пайда болады: тері қызарады, ісінеді, ауырсынғандық байқалады. Кейіннен ол жер күлдіреп іріңдейді.
Ауыр жағдайда бұл өзгерістерге орталық жүйке жүйесінің қызметтерінің бұзылуынан болатын клиникалық белгілер қабаттасады.
Өлекседе терінің зақымданғанынан басқа бас ми қабының, асқазан мен ішектердің кілегей қабықтарының, бауырдың, бүйректердің қабыну белгілерін анықтауға болады.
Клиникалық белгілері улы өсімдікті жегеннен кейін бірнеше сағаттан соң-ақ байқала бастайды: бастапқыда бас терісінде, құлақтың, мойынның тұсында, кейіннен бүкіл денесінде қызарған бөртпе пайда болады. Ондай өзгеріс жүнсіз немесе жүні аз жұқа жерлерінде айқын білінеді. Ол жерлері қышитындықтан мал үйкеленіп, қасынады. Кейіннен суланып жарылады да, жараға айналады. Кей кезде жараланған жер қабышақтанып, іріңдеп, өлі еттенеді. Жараланған жердің терісі тығыздалып барып бетінің қабы түседі де жара ашық жараға айналады. Кейбір малдардың ерін, құлақтары толық түсіп қалуы мүмкін. Уланған малдың тәбеті нашарлайды, күйі төмендейді. Ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылады.
Улану көбінесе жіті түрде өтеді. Жеңіл түрінде рационнан улы шөпті алғаннан кейін біртіндеп жазылып кетеді. Өте ауыр жағдайда өлім-жітіммен аяқталады.
Улануды анықтау үшін оның клиникалық белгілеріне, рационда қарақұмықтың бар-жоғына, метеорологиялық жағдайға көңіл аудару керек.
Емі. Уланған малды қорада немесе көлеңкелі жерде ұстайды. Рационды қарақұмықтан тазалайды. Өсімдік майын беріп уланған малдың ішін өткізеді. Малды тұз қышқылы қосылған сумен суғарады. Бір кәтел суға бір ас қасық тұз қышқылын қосу керек. Тамырдың ішіне новокаин ерітіндісін жібереді. Кофеин, камфора майын қолданады. Жараны тазалап ихтиол, карбол, салицил, мыршты ментол майларын жағады.
Сақтандыру шаралары. Малды тікелей күн көзінің сәулесінен қорғайды. Малға қарақұмықтың сабағын басқа азықтармен араластырып береді. Улану бола қалған жағдайда малдың жайылымын өзгертеді.
Жоңышқамен улану – Клевер – Trifolium L. Жоңышқа мал азығының ішіндегі ең бір таңдаулы түріне жатады. Бірақта кейбір қолайсыз жағдайларда – құрғақшылықтан және суықтан үсінгеннен кейін, әсіресе әлі жемісі қалыптаспаған жас өсімдікте, синиль қышқылы түзіледі. Оның улылық әсері жөнінде жоғарыда айтылды. Сонымен қатар онымен малды ұзақ уақыт азықтандырғанда қарақұмықтың клиникасына ұқсас – фагопиризм құбылысы пайда болатын көрінеді. Әсіресе қызыл жоңышқа балауса, көк кезінде қауіпті екен. Улы заты сол филлоэритрин.
Уланған малдың терілерінің пигментсіз жерлерінде, әсіресе бас жағында, азуларының тұсында, мойнында, желінінде, аяғында қотыр пайда болады. Ол қатты қышыитындықтан мал қатты тынышсызданады, жалпы қалі нашарлайды, дене қызуы көтеріледі. Бірақ уақытында анықтап, дұрыс емдегенде улануды ұзаққа создырмай жазып алуға болады.
Ауруды анықтау үшін азықтың құрамы туралы деректер мен клиникалық белгілеріне сүйенеміз.
Емі. Қарақұмықпен уланғанда қолданылатын емдеу әдістерін мұнда да қолдануға болады.
Сақтандыру шарасы ретінде малды ашық күні жоңышқалы жайылымға жаймаған жөн. Жоңышқаның өзін жеке бермей басқа азықтармен араластырып беру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет