Лекция №1 Тақырыбы



бет39/51
Дата07.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#88739
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51
Байланысты:
кож лекция

Лекция 9
Тақырыбы:
Орталық жүйке жүйесіне басымырақ
әсер ететін улы өсімдіктер

Бұл топқа жататын өсімдіктермен уланғанда әртүрлі клиникалық өзгерістерді байқауға болады. Уланулардың клиникасы тек орталық жүйке жүйесі жағынан ғана емес, сондай-ақ көбінесе ас қорыту жүйесінің және бүйректердің қызметтерінің бұзылуымен асқынған түрде жиі кездеседі. Бұл топтың өсімдіктерінің өзін бірнеше топтарға бөлуге болады.


Орталық жүйке жүйесін қоздыратын улы өсімдіктер.
У тамыр – Вех ядовитый – Cicuta virosa L. – Көлеңкелі, ылғалды жерде өсетін көп жылдық өсімдік. Әсіресе өзен, көл, арықтардың батпақты жағалауларында жиі кездеседі. Кей жерлерде қалың болып өсіп, өте ерте көктейді. Республикамыздың барлық жерлерінде кездеседі.
Биіктігі 1 м болатын жуан, жылтыр, қуыс сабағы бар; ұзын сапты екі-үш қанатты жапырақты; ұсақ, ақ түсті, шатыр тәрізді жинақталған гүлді; жуан, етті, тауықтың жұмыртқасы тәріздес, жақсы жетілген тамыры бар өсімдік. Тамыры топырақтың бетіне шығыңқырап тұрады. Улы зат – азотсыз цикутотоксин. Ол өсімдіктің барлық бөлігінде де кездеседі. Әсіресе тамыры улы болп келеді. Жас тамырда 0,2 % -ға, ал кепкен тамырда 3,5 %-ға дейін цикутотоксин болады. Тамырдың улылығы әсіресе жазғытұрым және күзде күштірек болады.
Улану малды көктемде құнарсыз, шөбі әлі өсіп жетілмеген жайылымға жайғанжа жиі кездеседі. Өсімдіктің 2-3 тамыры сиырларды, ал 1 тамыры қойларды уландыруға жетіп жатыр.
Цикутотоксин майлы ортада жақсы сіңеді, сондықтанда организмде жылдам тарайды, әсіресе жүйке жүйесінің орталығына басымырақ әсер етеді. Бас миға әсер еткенде дененің бұлшық еттері тартылады, қатты қозғандық байқалады. Дем алу орталығының салдануынан уланған мал тұншығып өліп кетуі мүмкін.
Өлген малды сойып қарағанда өлексе құрғақ, қан ұйымаған, қара-қошқыл түсті. Тері астында, кілегей қабықтарда, кейбір ағзалардың сыртқы қабықтарында қанталағандық байқалады. Өкпелер, ми қабы, ішкі бездер қызарып ісінген, кейбір жерлері қанталаған.
Негізгі клиникалық белгілеріне уланған малдың тынышсыздануы, қатты қозуы жатады. Бұлшық еттері дірілдейді, асқазан мен мес қарын газға толып керіледі. Ауыз қуысынан сілекей ағады, жиі-жиі зәр, нәжіс бөлінеді. Бұлшық еттердің дірілдеп тартылуы бас жақтан басталып барлық денеге тарайды. Кейде уланған мал бір тұрып, бір жығылып жанталасады. Эпилепсияның клиникалық белгілері анық білінеді. Осындай жанталастан кейін уланған мал әлсіреп барып тынышталады да, көпке дейін орнынан тұра алмай жатып қалады. Дем алысы, тамыр соғысы жиілейді, бірақ әлсіз болады. Эпилепсия кезінде дене қызуы аздап көтерілгенімен, депрессия кезінде төмендегені байқалады. Шошқалардың ерекшелігі олар құсады. Бұл құбылыс оларды аман алып қалуға себебін тигізеді.
Уланудың барысы көбінесе жіті түрде болады да, мал жанталасып, қиналған кезде өліп кетуі де мүмкін.
Улануды анықтау үшін уланған мал туралы толық деректерді жинаудың маңызы өте зор. Әсіресе мал жайылымында у тамырдың бар-жоғын білу керек. Одан кейін негізгі клиникалық белгілеріне сүйене отырып диагнозын анықтауға болады.
Емі. Арнайы уға қарсы қолданылатын антидот жоқ. Организмді удан тазалау керек. Ол үшін асқазанды немесе месқарынды суға марганец қышқыл калий ерітіндісін қосып (1:1000) жуады. Қиын жағдайда месқарынды кесіп, руминтомия жасайды да, оның ішін тазалайды. Ауыз қуысы арқылы сіңіргіш танин, белсендендірілген көмір заттарын береді. Хлоралгидрат ерітіндісімен клизма жасайды. Ондай әдіс салдануға қарсы жақсы әсер етеді. 5-10 % тұз қышқылын ауыз қуысы арқылы беруге болады. Венаға гемодез, цититон, ал етрінің астына лобелин жібереді. Ұйықтату арқылы емдеу әдісін де қолдануға болады.
Сақтандыру шаралары. Малды күтуге қатысы бар адамдар улы шөпті ажырата білулері керек. Ол үшін күні бұрын дайындалған гербарийлердің көмегі жақсы. Өсімдігі бар жайылымды жердегі у тамырды жою жұмысын ұйымдастыру қажет.
Жусан – Полынь – Artemisia L. – Биіктігі 30-60 см, ақ түсті жібек тәрізді түгі бар, сұр-жасыл түсті көп жылдық өсімдік. Ланцет тәрізді жапырақтары бар, сарғыш түсті шар тәрізді шоғырланған гүлді. Жусан барлық жерде улы болып келеді. Оның улылығына сыртқы ортаның жағдайы әсер етеді. Жусанның бірнеше түрлері бар: таврия жусаны, теңіз жусаны, Мейер жусаны, Ганзен жусаны, ащы жусан. Солардың ішінде теңіз жусаны улылырақ болып келеді. Өсімдіктің барлық бөліктері де улы. 200-300 г құрғақ жусан жылқыны өлтіріп жіберуі мүмкін. Мал азығындағы шөптің қ ұрамында 2 % жусан болғанда уланудың созылмалы түрі дамиды.
Улы заты өсімдіктің құрамында 0,5-2 % мөлшерінде болатын эфир майы және сантонинге ұқсас лактон таурицин. Бұл заттар жүйке жүйесінің улы заттарының қатарына жатады. Жүйке жүйесін қоздырады, көп мөлшерде эпилептикалық салданудың ауыр түрін туғызады. Оған қосымша таурициннің әсерінен құсу, іш өту, жүрек қызметінің бұзылуы байқалады.Улану жусан аш малдың организміне түскенде жиі болып тұрады.
Улану жіті және созылмалы түрлерінде тіркеледі. Органзимге түскен мөлшеріне және малдың аш-тоқтығына байланысты ауыр және жеңіл түрлерін ажыратуға болады. Әдебиетте уланған жылқылардың 20 %-на дейін өлім-жітімге ұшырағандығы туралы деректер бар. Негізгі клиникалық белгілері: тынышсыздану, эпилепсияға ұқсас салдану, тоникалық-клоникалық тартылулар малдың тынышталуымен кезектесіп отырады. Уланған малда үрей пайда болады: сәл, әлсіз тітіркендіргішке қатты реакция береді. Басында еріннің, беттің еттері тартыла береді де, артынан ірі бұлшық еттердің дірілдеп-қалшылдауы байқалады. Жылқылар алдындағы кедергіге қарамай алға ұмтылады, алдыңғы аяқтарымен қабырғаға шапшиды, қиналады, жақтың бұлшық еттері қарысып қалады, аяқ бұлшық еттері тартылады. Көздерінің қарашығы ұлғайып, малдың дем алысы нашарлайды. Тісін шықырлатып, басын еденге ұрғылайды. Алдыңғы аяқтарымен суда жүзу қимылына сәйкес қимыл жасайды, тұруға талпынып, ұмтылады. Бірақ тұра алмай қайта құлайды. Терлейді, дене қызуы көтеріледі. Нәжіс жалқаяқты, қанда билирубин анықталады. Жеңіл түрінде клиникалық белгілері де онша қатты болмайды. Ондай жағдайда уланған малдың жазылып кетуі мүмкін. Барлық жерлерде кездесетін ащы жусанның құрамында ащы зат – абсинтин және эфир майы бар. Аз мөлшерде орталық жүйке жүйесін қоздырады, ал көп мөлшерде естен тандырады, салдандырады. Ащы жусанды сиырлар мен қойлар жақсы жейді. Аз мөлшерде диеталық азық ретінде пайдалы да. Бірақ сүт беретін малдың сүті ащы дәмді болады.
Емі. Салднуға қарсы кілегейлі қайнатпаға хлоралгидрат қосып клизма қояды. Жүректің жұмысын жақсарту мақсатында терінің астына кофеин, кафора ерітінділерін жібереді. Ас қорыту жүйесін тазалайтын әдістерді қолданады. Терінің астына 0,3-0,4 г мөлшерінде пилокарпинді жібергеннің нәтижесі жақсы. Жылқының бас жағына суық компресс қоюға болады. Ауыз қуысы арқылы суға марганец қышқыл калийді, соданы қосып беруге болады: 3-6 л суға 15-30 г марганец қышқыл калий мен 60-100 г соданы ерітеді.
Сақтандыру шаралары. Жылқының азығында жусанның болмауын қадағалау керек. Кейде жусанның улы түрін оның усыз түрінен ажырату белгілі бір қиындық туғызуы мүмкін. Ондай жағдайда лабораторияда тышқандарға биологиялық сынама жасауға болады.
Кәдімгі қылқан жапырақты шөп – Кузьмичева трава – Ephedra vulgaris Rich. Биіктігі 8-15 см, сабағы қысқа бұтақты, тамыры тарамды болып келетін бұта. Сабағы бөлшектенген, жапырағы қысқа, гүлі ұсақ, жемісі қызыл түсті.
Ертеректе Кузьмичев шөбі деген атпен көптеген ауруларға қарсы қолданылған, әсіресе ревматизм ауруларында. Өсімдіктің әртүрлі бөліктерінде эфедрин алкалоиды бар. Ол орталық жүйке жүйесін қоздырады, әсіресе дем алу орталығына қатты әсер етеді. Сондай-ақ қан тамырларының өзегін тарылтады. Алкалоид өсімдіктің сабағында көбірек шоғырланады. Улану көбінесе қойлардың арасында, оның ішінде төлдерде жиі кездеседі. Улану өсімдікті көп жегенде байқалады. Мысалы, ірі қойлар бір айда 37-45 кг, ал салмағы 10 кг қозылар 13-15 күннің ішінде 2-11 кг өсімдікті жегенде өлетіні эксперимент жүзінде дәлелденген. Ал улы өсімдік бар жайылымды басқа таза жайылымдықпен алмастырып отыру уланудың алдын алудың бірден-бір әдісі көрінеді.
Уланудың бастапқы кезінде оның клиникалық белгілері аса білінбейді, негізгі белгілері уланудың ақырғы жіті түрге айналған сатысында ғана анық білінеді. Негізгі клиникалық белгілері жүйке жүйесінің қызметінің ауытқуымен сипатталады: мал азық қабылдамайды, жайылымда қозғалысы баяу, жалпы жағдайы жабырқау, кейде малдың тынышсызданғаны, қозуы байқалады; қалай болса солай қозғалады, сіңірдің тартылуы байқалады: аяғын созады, мойны бұралады, басын артқа қарай қайырады, шайнау еттері тартылады. Артынан аяқтарымен қалай болса солай жүзу тәрізді қыймылдар жасайды. Дене қызуы көтеріледі, жүректің қызметі бұзылады, дем алысы үстіртін, тоқтап-тоқтап барып іске асады. Мал клиникалық белгілері білінгеннен кейін бір жұманың ішінде өлім-жітімге ұшырайды.
Өлген малды сойып қарағанда ұлтабар мен ішектердің кілегей қабықтарында қабыну процесі, бауырдың жұмсарғаны, бүйректер мен кеңірдектің кілегей қабығының қызарғаны; өкпелерде, тыныс алу жолдарында, плевра қуыстарында серозды-геморрагиялы эксудаттың жиналғаны; жүрек қабаттарында, мидың қатты қабында қанталағандық байқалады.
Итжидек – Белладонна – Atropa belladonna L. Биіктігі 1,5 м, қоңыр-жасыл түсті, жұмыртқаға ұқсас жапырағы бар, көпжылдық өсімдік. Гүлі ірі, қоңырауға ұқсас, ылай-сия түсті; жемісі қара түсті, жылтыр.
Өсімдік өте улы, құрамында алкалоидтар бар: гиосциамин және скополамин мен белладоннаның іздері анықталады. Өсімдікті кептірген кезде гиосциамин толығымен оның изомері атропинге айналады. Өсімдіктің барлық бөлігі де улы, әсіресе гүлдеген кезде тамырында улы зат көп болады. Гиосциаминде, атропинде орталық жүйке жүйесін қоздырады және сілекей, асқазан, ішек, тер бездерінің қызметтерін әлсіретеді, олардың секрет бөлуі азаяды. Өсімдіктің улылығы кептіргенде, сүрлегенде жойылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет