Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда әскери-өндірістік кешеннің қалыптасуы. Байқоңыр ғарыш айлағы, Семей ядролық полигоны



Дата01.06.2017
өлшемі69,52 Kb.
#17387
түріСабақ
Сыныбы: 11 Пәні:Қазақстан тарихы Күні:25.02.2016

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда әскери-өндірістік кешеннің қалыптасуы. Байқоңыр ғарыш айлағы, Семей ядролық полигоны.

Білімділігі:Оқушылырға соғыстан кейінгі кезеңде экономиканы әскерилендіру,Қазақстан аумағындағы әскери өнеркәсіптік кешеннің қалыптасуы, Байқоңыр ғарыш айлағының іргетасының қалануы, Семей полигоны туралы мәліметтер бере отырып, түсінік қалыртастыру;

Дамытушылығы: Оқушылараға алған білімін оджан әрі жетілдіре отырып шығармашылық ізденістерін дамыту;

Оқушылардың патриоттық сезімдерін оятып, еңбек адамдарының ерлік істерін дәріптей отырып, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Карта, карточка, сауалнама парағы, суреттер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау

Пәнаралық байланыс: география, әдебиет

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру

а/Сәлемдесу;

ә/Оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасы:

Қайталау. «Зымыран сұрақтар»

1.Ұлы отан соғысы қашан басталды?/1945ж. 22маусым/

2.Германияның қауырт жоспары қалай аталды? /Барбаросса/

3.Қазақстанда армия қатарына қанша адам шақырылды? /1млн.200мың адам/

4.Қазақстанда құрылған 312-атқыштар дивизиясының командирі? /Наумов/

5.316-атқыштар дивизиясының командирі?/Панфилов/

6.Мәскеу түбіндегі шайқаста ерлік көрсеткен Кеңес одағының батыры атағын алғандар?/Мәлік Ғабдуллин,Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров,Рамазан Елебаев/

7.Кеңес Одағының батыры атағын екі мәрте алғандар: /Қазақстандық 4 адам: Т.Бигелдинов, Леонид Беда, Сергей Луганский,Иван павлов/

8.1941-1945 жылдары Қазақстан КСРО дақандай табиғи байлықтарды игеруде жетекші орынға шықты? /Қорғасын -85%, мыс 35 %/,полиметалл өндіруден/

9.Соғыс кезінде қай қалада ферроқорытпа зауыты іске қосылды?/Ақтөбе/

10.Еңбекке жарамды ер азаматтардың көпшілігі майданға кетті,Өнеркәсіптегі әйелдердің үлес салмағы қанша болды?/Өнеркәсіпте 50%, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде 80%/

11.Ұлы Отан соғысы қашан аяқталды? /1945жылы8мамырда Потстамда Гитлерлік Германия сөзсіз тізе бүгу пактісіне қол қойды. 9мамыр жеңіс күні/

12.Соғыс жылдары қанша өнеркәсіп шығынға батты?/32мың/

13. Карточкалық жүйе қашан жойылды? /1947жылы/

14.Соғыстан кейінгі жылдарда мұнай өндіру саласы қанша пайызға артты?/52%/

15.1960 жылдары қанша өнеркәсіп орындары ашылды?/729, 535 цех іске қосылды/

Жаңа сабақ.

Кіріспе.


Соғыстан кейінгі кезеңде экономиканы одан әрі әскерилендіру жалғасты. Ауыр өндірістің көптеген кәсіпорындары халық шаруашылығына зиян келтіре отырып, орасан зор көлемде әскери өнімдер шығарды.Қазақстан аумағында аса қуатты әскери – өнеркәсіп кешені қалыптасты.50- ге жуық қорғаныстық маңызы бар кәсіпорын құрылды.Осы өндіріс орындарында КСРО армиясы жаяу әскер соғыс машиналарының -18 %, барлық артиллериялық жүйелердің 11 % өндірілді.

1. Қазақстандағы әскери өнім шығарған кәсіпорындар



Қала

Кәспорын

Шығарылды

Алматы

1941жылы Ауыр машина жасау зауыты. Луганск паравоз жасау зауытының үш цехы негізінде құрылды

бомба, мина, снаряд, әскери тапсырыстарды орындап отырды.

Петропавл

Ауыр машина жасау зауыты.

Орта қашықтықтағы баллистикалық зымырандар жасалынды.

Орал

Ауыр машина жасау зауыты

Әскери кеме, қару-жарақ, ірі калибрлі пулеметтер шығарды

Өскемен

Үлбі металлургиялық комбинаты

Табиғатта сирек кездесетін әскери өндірістік маңызы бар бериллий, тантал химиялық элементтерін өндірді.


Байқоңыр
Іргесі 1955 жылы қаланды Айлақ 70х70 ш.әлемдік дәрежедегі әскери нысан

Ю.А.Гагарин алғаш рет

ғарышқа сапар шекті 2,5мыңға жуық зымыран

ұшты.


2.Семей полигоны.

Семей полигоны 1949-1989 жылдар қуаты әр түрлі 470-тей жарылыстар жасалынды.

90-ы әуеде,26-сы жер үстінде, 354-і жерастында өткізілді .

Алғашқы сынақ 1949 жылы 29 тамызда сағат 6:30-да

Жарылыстың қуаты 30 килотонна

1951жылы 18 қазан уран бомбасы

1953жылы 12 тамызда жер үстінде 500кт. болатын сутегі бомбасы

1961-1962ж.жер үстінде 50 дей ядролық сынақ.

1963-1988ж.жылына 14-18 сынақ өткізілді,жер астына 343 жарылыс

Сынақ қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 2,5есеге асып түсті

«Невада -Семей" ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалыс – қоғамдық-саяси ұйым. 1989 жылы 26 ақпанда құрылып, қазан айында ресми тіркелді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Республика халқынан кеңінен қолдау тапқан қозғалыс ядролық жарылыстарға қарсылық білдіріп, әлемдегі ядролық қауіпті жоюды мақсат етті, Семей ядролық полигонында ядролық сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді.


1991жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасының президенті Семей полигонын жабу туралы жарлық қабылдады.

Бекіту кезеңі:

ІҮ.«Ой қозғау»

1.Соғыстан кейінгі кезеңде қандай өнеркәсіптік кешендер қалыптасты?

2.Өндіріс орындарында КСРО арпмиясы соғыс машиналарының қанша пайызын өндірді?

3.Байқоңыр ғарыш айлағының қашан іргетасы қаланды?

4.Қай жылдан бастап алғаш космосқа адам ұшырылды?

5.Қанша зымыран ұшырылды?

6.О.Сүлейменовтің қандай поэмасы жарыққа шықты?

7.Семей полигоны қай жерлерді қамтыды?

Ү.«Сәйкестендіру тесті»

Алматы Бериллий, тантал химиялық элементтерін өндірді.

Петропавл Әскери кеме, қару-жарақ, ірі калибрлі пулеметтер шығарды

Орал Бомба, мина, снаряд, әскери тапсырыстарды орындады

Өскемен Орта қашықтықтағы баллистикалық зымырандар жасалынды

VІ- ҰБТ-ге дайындық


Тест сұрақтары:
1.Қазақстан қай жылдары нағыз экологиялық апат аймағына айналды?
А) 1930 жылдардан бастап
В) 1947 жылдардан бастап
С) 1950 жылдардан бастап
D) 1956 жылдардан бастап
E) 1962 жылдардан бастап

2. 1949 – 1963 жылдар аралығында ауада жасалған жарылыс саны?


А) 113
В) 203
С) 171
D) 202
E) 236

3. Полигон зардабын тартқан Семеймен іргелес жатқан аймақтар:


А) Атырау, Қарағанды, Өскемен
В) Қарағанды, Павлодар, Өскемен
С) Павлодар, Шымкент, Қарағанды
D) Өскемен, Алматы, Атырау
E)Алматы, , Павлодар, Өскемен

4. Капустин Яр атом полигоны Қазақстанның қай аймағында орналасты?


А) Шығыс Қазақстан
В) Оңтүстік Қазақстан 
С) солтүстік Қазақстан 
D) Батыс Қазақстан
E) Орталық Қазақстан

5. Сырдария мен Әмудария өзендерінің суын пайдалануда ысырапшылдыққа жол берілуінің зардабы қай теңізге әсер етті?


А) Жерорта
В) Балқаш
С) Қара теңіз
D) Каспий
E) Арал
6. Арал теңізінің суы
неше есеге азайды:
А) 3
В) 2
С) 5
D) 8
E) 9

7. Арал өңірінде экологияның шиеленісуіне үлкен әсер еткен не?


А) «Капустин Яр» полигоны
В) «Байқоңыр» ғарыш айлағы
С) Семей полигоны
D) Өскемендегі ірі кәсіпорындар
E) Қытайдағы Лобнор полигоны Өскемендегі ірі кәсіпорындар

8. «Байқоңыр» космодромы қай жылдан бастап өз жұмысын істей бастады?


А) 1953
жыл
В) 1955 жы
л
С) 1960 жыл
D) 1957жыл
E) 1959 жыл

9. Ірі қалалардағы экологиялық жағдайдың шиеленісуіне әсер етті:


А) Тұрғындардың көп болуы
В) Көпірлердің аз болуы
С Трамвай мен троллейбус


D) Ірі кәсіпорындар
E) ) Саябақтар 


10. Өскемен қаласында орналасқан ірі кәсіпорын:
А) Мақта-мата комбинаты
В) Пресс автоматтары зауыты
С) Ауыр машина жасау зауыты
D) Кен-химия комбинаты
E) Қазмырыш комбинаты 

Тест жауаптары: 

1.С
2. А
3. В
4.D
5. Е
6. А
7. B
8. С
9. D
10.E 

Сабақты қорытындылау


Бағалау:

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу;



Тақырыпқа сай эссе жазып келу.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет