Спорттық-қолданбалы жаттығулар. Бүған жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу, жер бауырлап жорғалау, шаңғы тебу, туризм, коньки тебу, экскурсия, серуендеу, түрмыстық еңбекке бейімделген қимылдар, қайықта ескек есу т. б. жатады.
Осы көрсетілген спортты-қолданбалы жаттығулардың әрқайсысы-ақ организмге тиімді әсерін тигізетіні белгілі. Әрбір жаттығу жай жүруден басталады. Көбінде жаттығумен өз бетінше айна-лысатын адамдар (жүрек-қан тамырларымен ауырғандары семіздікке ұшырап, тыныс жолдары зақымданғанда, буындар мен ішек-қарын ауырғанда) ақырын аяңдап жүруден бастайды. Ңазақ халқында ежелден келе жатқан әдет, қатты ыстығы көтеріліп ауырган шақта бірер күн төсекте жатқызып қояды, ал ыстығын қайтару үшін көк шөпке жалаңаяқ жүргізеді. Көбірек қимылдаса, жер-ана ауруды тартып алады деген ұғым да бар.
Ал жүгіру болса кейінгі кезде ел арасында жиі қолданып жүрген әдіс. Ол ішкі ағзаларға, жүрек, өкпе, буындарға айтарлықтай күш түсіреді. Сондықтан оны көбінде санаторий-курорттарда қолданады. Аурудың жазылып келе жатқан кезеңінде, ал кейбір аурулардың басталған шағында ақырын жүгіртеді. Емдік гимнастикада жүгіру мен жүру алма-кезек ауысып отырады.
Секіру жаттығулардың қарқынды, үдемелі түрі. Ол организмге айтарлықтай күш түсіреді. Секіру арқылы адамның қимылдары үйлестіріледі, жылдамдығы артып, буын қимылдары реттеледі. Бұл мектепте, жоғарғы оқу орындарында арнайы медициналық топтағы балаларға тағайындалады. Сол сияқты емханалар мен санато-рийларда ересек адамдарға жіптен секіру не өк-шені көтеріп селкілдеу ретінде беріледі.
Лақтыру — кішкене резина доптарды арнайы межеге лақтырады немесе үлкен доптарды әріптестер бір-біріне әрқилы жағдайда лақтырады (басынан жоғары, кеудеден, белден, сырт айналып оң не сол жағынан т. б.). Мұндай жаттығулар бұлшық еттерін жетілдіріп, буындардың қимыл-қозғалысын, дененің сезімталдығын арттырып, жүріс-тұрысын, тепе-теңдігін қалпына келтіреді, көңіл-күйді көтереді. Емдік гимнастикасының бұл түрі арнайы немесе жалпы сырқаттың жағдайына байланысты қолданылады. Әсіресе, құлақ-мұрын ауруларында, гипертония, нерв жүйесі зақымданғанда (вестибуляр аппараты) адам түзу жолмен жүре алмай, бір жағына қисайып, сыңар езу аттай «қабырғалап» кететін жәй кездеседі. Міне, сондай кезде емдік гимнастикасының осы тәсілін қолданады.
Өрмелеу — көлденең жазықтыққа, тік биіктікке, беткейге, сатыға, арқанға т. б. өрмелеу. Мұның барлығы дененің, әсіресе, аяң-қолдың бұлшық еттерін ширатып, шынықтырып, қимыл-қозғалысын арттырады, тепе-теңдік қалыпты сақтайды. Емдеу гимнастикасының бұл түрін ортопедтік-травматологиялық, неврологиялық аурухана-ларда кеңінен қолданады.
Еңбектеу не бауырмен жылжу — омыртқа жотасының қимылын жақсартады. Дене бір жағына қисайып кеткенде, сынғанда, асқазан-ішек, гинекологиялық аурулармен ауырганда үй ішінде еңбектеп жүру өте пайдалы.
Шаңгы тебумен санаторий, профилакторийларда, өз бетімен спортпен шұғылданған адамдар жиі айналысады. Бұл денедегі ең үлкен, кесек еттерге әсер етеді. Барлық организмнің нығаюына, нерв жүйесінің түзілуіне барынша ықпал жасайды.
Жүзу — дененің жылуын бірқалыпты ұстауға, шынықтыруға ықпал жасайды. Оны жүрек-қан тамыры, тыныс мүшелері ауырғанда, зат алмасуы бұзылғанда, дененің мүсіні қалыпты жағдайдан ауытқығанда қолдануға болады.
Серуендеу, экскурсия, туризм, терренкур (мөлшерлі жоғары жүру)— курорттарда аурудың қалған әсерін біржолата жою үшін қолданылады. Мұның бәрі өкпе-жүрек, нерв жүйесінің ауруына шалдыққандар үшін өте пайдалы.
Ойын — адамдардың көңіл-күйін көтеріп, қимыл-қозғалыстың үйлесімділігін, назарын, ілтипат-ықыласын арттырып, жылдамдықты шыңдайды. Ойын бір орында қозғалмайтын, жылдам жүгіріп ойнайтын және спорттық ойын болып үшке бөлінеді. Спорттық ойындар волейбол, бас-кетбол, бадминтон, теннис т. б.
Достарыңызбен бөлісу: |