Лекция №1 Тақырып. Жалпы және жеке патология негіздері



бет3/33
Дата11.09.2020
өлшемі145,3 Kb.
#77780
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Лекция ЕДШ

Лекция №2

Тақырып . Жеке патология негіздері.

Жүрек –қан тамырлар ауруы



Мақсаты: Жеке патология негіздерімен танысу. Жүрек –қан тамырлар ауруларының себебі, белгілері, өтү барысын оқып білу. Тыныс мүшелерінің және ас қорыту ағзаларының ауруларын зерттеп тану. .

Дәріс тезистері:

Жүрек аурулары

Адам тіршілігінде жүрек-қан тамырлардың атқаратын ролі ерекше. Бүкіл организм тек сол жүрек соғуының арқасында қажетті қоректік заттармен, оттегімен қамтамасыз етіліп, өндірілген, денеге керексіз заттар шығарылып отырады. Жүрек кенеттен ауруға шалдықса, бүкіл денеде айтарлықтай өзгеріс байқалады. Адамның бойында әлсіздік, көңілсіздік, құлықсыздық, керенаулық пайда болады. Жүрек ауруы тез қартайтады, тіпті жүрек ауруының кейбір түрі ажалға душар етеді.

Қазіргі уақытта жүрек және қан тамырлары ауруы өте жиі кездеседі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, әрбір төртінші ер адам жүрек инфарктынан, әрбір жетіншісі — миға қан құйылуынан қайтыс болады. Сондықтан да бұл аурулар XX ғасыр сырқаты деген атақ алып отыр.

Осы сырқаттардың негізгі себептері, одан сақтану шаралары туралы арнайы газет-журналдар, радио-теледидар арқылы хабарлар беріліп тұрғанымен, халықтың көбі әлі де бұл дерттің алдын алу шараларына мән бермей келеді. Басы ауырып, балтыры сыздағанша, ауру асқынып денені меңдеп алғанша өз денсаулығына көңіл бөлмейтіндер елі де аз емес. Өкінішке орай, бұл кезде асқынған сырқатқа ем қону да қиынға түседі.

Қазіргі уақытта қан тамырлары ауруларының ең жиі кездесетіндері оның жолдарының тарылуынан немесе біржола бітелуінен болатын инфаркт ауруы. Халыққа тарап кеткен ұғымдай, инфаркт тек жүректе ғана емес, бүйректе, көк бауырда, мида, бұлшық еттерде, қан тамыры жүйесінің кез келген жерінде болуы мүмкін. Бірақ солардың ішінде ең жиі кездесетіні және өмірге қауіптісі жүрек инфаркты.

Аурудың пайда болып, бойды жайлауына көп жағдайлар әсер етеді. Ол ішкі және сыртқы ортадағы факторлар, мешкейлік, арақ-шарапқа құмарлық, шылым шегіп никотинмен улану, қимыл-қозгалыстың тапшылығы, физикалық құбылыстар, қоршаған ортаның ластануы, ашу-реніш, қайғы-қасірет, жұқпалы ауруларға жиі шалдығу, тұқым қуалаушылық т. б.

Жүрек-тамыр ауруларының түрлері өте көп. Олардың ішінде халық арасында жиі кездесіп жүрген гипертония ауруы, ИБС (ишемическая болезнь сердца), жүрек инфаркті, стенокардия, коронаросклероз, жүрек қақпақшалар ауруы (пороки), көк тамырлардың кеңеюі т. б.

Жүрек ауруларының қандай түрі болмасын, адам денсаулығына үлкен нұқсан келтіреді, өйткені оның қызметі нашарлайды, басқа мүшелерге қанның мөлшері жетіспейді. Осы кезде әр түрлі белгілер білінеді. Сондықтан да әр адам жүрек ауруына тән жиі кездесетін белгілерін ажыратуға тиіс. Негізінде жүрек тұсында шаншу, сыздап ауыру, соғысы жиілеп, ентігіп, әлсіздік байқалады. Кейіннен аяқ-қол сыздап, мұрынның ұшы, саусақтар көгеріңкіреп кетеді. Мұндай белгілер денедегі қанның, оттегінің тапшылығынан болады. Бұл көбінесе жүректің дімкәстенуінен, қан тамырларының өзгеруінен болады.

Жүрек-тамыр ауруларының көпшілігі қан айналымының тапшылығына, жетіспеуіне әкеп соғады. Қан айналымы үш кезеңнен тұрады, әрқайсысын дәрігерлер белгілеріне қарай айырып, қажетті ем қолданылады.

Қазіргі кезде өте жиі кездесетін аурудың бірі — жүрек инфаркті, дәлірек айтсақ миокард инфаркті дедік. Бұл жүрек қан тамырларының бір бөлігінің ұйыған қанмен бітелуі не кенет түйілу салдарынан жүрек бұлшық етінің, не тканінің бір бөлігінің өлуі. Жүрек қан тамырларының кенет тарылуы, не склероз болып өзгерген тамырдың тығындалуы, оны қоршаған кішкене тамырлардың шамасының келмеуі осындай қайғыға әкеп соғады. Бұл неліктен болатын жағдай? Оған итермелейтін күш көп. Мәселен, көптен елемей келген қанның қысымы, қан ұюының жоғарылауы, ашу-ыза, реніш, қатты назалану, шамадан тыс ауыр жұмыс, алкоголь мен никотин улары. Инфаркт өзінің зақымдаған шеңберіне, бүлінген тамырдың кеңдігіне, арнасына қарай әр түрлі болады. Жансыз ошақ кең жайылып, үлкен болады немесе көлемі орташа, ал тагы бірде көзге әрең көрінетін микроинфаркт болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет