Табиғат факторлары — ауа, күн сәулесі, су — адам денесінің ауруға ңарсылығын арттырып, төзімділігін үдетеді. Ол науқасқа да, сауға да, үлкенге де, кішіге де түгел пайдалы. Тек қандай тәсіл болса да ептеп, мөлшермен қолданған жөн.
Емдік гимнастиканың осындай тәсілдерін дұрыс пайдалану үшін оның түрлерін, кезеңдерін, негізгі нұсқауларын немесе методикасын, қозғалыс режимдерін білу қажет. Оны емдеу профилактикалық орындарда арнайы мамандар жетік біліп, қалыпты мөлшерде қолданады. Сондықтан көпшілік қауымға емдік гимнастиканың құпияларын түгел айтуды емес, аурудың түріне қарай қандай емдік гимнастика қолданылады, оны үйде өз бетінше қалай орындауға болады, міне, соны мақсат еттік.
Достарыңызбен бөлісу: |