Лекция №1. Тақырып: Кіріспе. Картография пәнінің мақсаты мен міндеті. Географиялық карта туралы жалпы түсінік. Кіріспе



бет15/34
Дата12.02.2023
өлшемі1,28 Mb.
#168456
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34
Байланысты:
Лекция қосындысы

3.3 Поликонустық проекция.
Поликонустық проекцияда глобустың градустық торы бірнеше жанасқан конустардың бетіне түсіреді. Әр бір конустың бетіне глобустың жанасқан параллельдің жанындағы учаскелері ғана түседі. Конустарды жайған кезде бұл учаскелер жазықтыққа белдеу түрінде бейнеленеді. Белдеулер картаның орта меридианы бойынша бірігеді. Поликонустық проекцияда ортадағы меридиан мен экватор тік сызықтары түрінде, меридиандар қисық сызықтар, ал параллельдер доға түрінде бейнеленеді.
ЦНИИГАиК-тың поликонустық еркін проекциясы (1950 ж. варианты). Бұл проекцияның авторы Г.А. Гинзбург. Проекцияда ортадағы меридиан және экватор перпендикулярлы болып келетін тік сзықтар, қалған меридиандар қисық сызық, ал параллельдер шеңберлер түрінде болады. Ұзындықтың бас масштабы орта меридиан бойынша және солтүстік пен оңтүстік ендіктің 48º бойлықтағы параллельдер бойынша сақталады. Бұл параллельдер арасында масштаб бас масштабтан аз, яғни >1 төмен, экваторда бұрмалану көрсеткіші 0,82 тең. 48º параллельден сыртқа қарай <1 жоғары болады, картаның солтүстік шетінде бұрмалану көрсеткіші 2,0 тең.
ЦНИИГАиК-тың Үлкен Кеңес энциклопедиясы дүние жүзілік карталарын жасауға арналған поликонустық еркін проекциясы (1950 ж. авторы Г.А. Гинзбург). Жоғарыда көрсетілген проекциядан айырмашылығы орта меридиан бойынша экватордан алыстаған сайын қашықтықтар көбейеді. Параллельдердің қисықтығы жоғарлау болады. Бас масштаб 45º параллельде сақталады. Экватордағы бұрмаланудың көрсеткіші 0,83 тең.
Әдебиет:

  1. Берлянт А.М. Картография. Учебник для вузов. М., Аспект Пресс, 2001. – 4-13 б.б.

  2. Картография с основами топографии. Под ред. А.В. Грюнберга. М. 1990. – 342-365 б.б.

Ендігі φ0 тең конусқа жанама түсетін параллельдің формуласы AOS тік бұрышты үшбұрыштан шығарады, мұнда ρ және Rкатеттері болып табылады, ал ASO бұрышы φ0 тең


Тақырып: Географиялық картадағы жазулар мен географиялық карталардың жіктелуі.
Лекция жоспары:
7.1 Географиялық картадағы жазулар
7.2 Географиялық карталардың жіктелуі
7.3 Тақырыптық карталардың бас түрлері.
7.4 Географиялық атластар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет