Лекция №1. Тақырып: Кіріспе. Картография пәнінің мақсаты мен міндеті. Географиялық карта туралы жалпы түсінік. Кіріспе


Географиялық карта туралы түсінік



бет2/34
Дата12.02.2023
өлшемі1,28 Mb.
#168456
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
Лекция қосындысы

1.1 Географиялық карта туралы түсінік.
«Карта» деген термин орта ғасырларда, Қайта өркендеу дәуірінде пайда болды, осыған дейін оның орнынан «tabula» және «descriptionis» (бейне) деген сөздер қолданылды. Бұл термин латын тілінде «charta», яғни парақ, қағаз деген сөзден алынған, өз кезінде бұл сөз латын тіліне гректерден келген, грек тілінде хартес, яғни папирустан жасалынған қағаз. Ресейде карталар алғашқы кезде сызба деп аталған, ал Петр І кезінде «ландкарта», кейін «карта» деген терминдер пайда болды. 1881 жылы жарық көрген В. Дальдің сөздігінде карта «жердің, теңіздің, аспанның бір бөлігінің сызбасы» деген түсіндірме берілген. Бүгінгі қазақ тілінде карта деген термин қолданылады.
Қазіргі таңда «карта» деген сөз көптеген тілдерде қолдануда, француз тілінде – carte, неміс – karte, итальяндық және португальдық – carta, голландық – kaart, швед – karta, даниялық – kort, түрік – harita.
1973 жылы жарық көрген картографияның техникалық терминдерінің Халықаралық Көптілді сөздігінде картаның мынадай анықтамасын берген: Жер бетінің, басқа да аспан денелерінің немесе аспан сферасының кішірейтілген, жалпыластырылған, математикалық заң бойынша жазықтықта салынған және осы беттерімен байланысты объектілердің орналасуы мен қасиеттерін шартты белгілердің көмегімен көрсететін бейнесі.
Карталардың жаңа түрлері, олардың жаңа ерекшеліктері мен қасиеттері пайда болуына байланысты картографияның бұрыңғы анықтамаларына өзгеріс енгізу барысында. Бұл анықтамалардағы айырмашылық үлкен емес, тек ғана картографиялық бейнелердің белігілі бір қасиеттерін немесе ерекшеліктерін ерекше көрсетеді.
Бүгінгі таңда қолданылатын картографияның анықтамасы мынадай: Карта деген Жер бетнің, басқа да аспан денесенің немесе ғарыштық кеңістіктің кішірейтілген, жалпыластырған, қабылданған шартты белгілер арқылы оларда орналасқан немесе проектіленген объектілерді көрсететін бейнесі.


1.2 Картаның элементтері.
Картаның элементтері картаны құрайтын құрамдас бөліктері, ол картографиялық бейне, легенда, рамкадан тыс безендіруі және картографиялық бейне салынатын математикалық негіз.
Картаның негізгі элементі – картографиялық бейне болып табылады, яғни картаның мазмұны, бұл объектілер мен құбылыстардың орналасуы, қасиеттері, өзара байланыстары, динамикасы туралы мәліметтер жиынтығы. Жалпы географиялық карталардың мазмұны төмендегідей: елді мекендер, әлеуметтік-экономикалық және мәдени объектілер, жолдар және байланыс желісі, жер бедері, гидрография, өсімдік және топырақ, саяси-әкімшілік шекаралары.
Тақырыптық және арнайы карталарда картографиялық бейненің екі құрамдас бөлігін ажыратады. Біріншіден, географиялық негіз, яғни тақырыптық немесе аранайы мазмұнының элементтерін орналастыру және байланыстыру (привязка) қызметін атқаратын, сонымен қатар карта бойынша ориентир алу үшін мазмұнының жалпы географиялық бөлігі. Екіншіден, тақырыптық немесе арнайы мазмұны (мысалы, территорияның геологиялық түзілісі немесе навигациялық жағдайы).
Кез келген картаның аса маңызды элементі картаның легендасы, яғни картада қолданылған шартты белгілер және оларға мәтіндік түсіндірмелер жүйесі. Топографиялық карталар үшін шартты белгілердің арнайы кестелері құрастырылған. Олар стандартталған және сәйкес келетін масштабтағы карталарда қолдануға міндетті болып табылады. Тақырыптық карталардың шартты белгілері бір жүйеге келтірілмеген, сондықтан легенданы карта парағында орналастырады. Легендада картаға түсіретін құбылыстардың логикалық негізімен және олардың арасындағы иерархиялық бір-біріне бағынуын (иерархическую соподчиненность) көрсетеді, белгілерді түсіндіреді. Белгілердің бірізділігі, олардың легендасындағы бір-біріне бағынушылығы (взаимное соподчинение в легенде), түстер гаммасын, штрихтік элементтерін және шрифттерді іріктеу, бейнеленетін объекттің немесе процестің классификациялау логикасына бағынады. Күрделі карталарда легенданың ақпараттылығын жоғарлату үшін легенда кесте түрінде көрсетіледі. Мүндай легендада қатар бойынша бір көрсеткіш (мысалы, объекттің генетикалық сипаттамасы), ал столбец бойынша – басқа көрсеткіш (мысалы, осы объекттің морфологиялық ерекшелігі).
Картографиялық бейне математикалық негіз үстінде салынады, оның негізгі элементтері координаттық тор, масштабы және геодезиялық негіз. Ұсақ масштабты карталарда геодезиялық негіздің элементтері көрсетілмейді. Математикалық негізбен картаның компоновкасы (рамкадан тыс безендіруі) тығыз байланыста болады, картаның аталуы, легенданың, қосымша карталардың тағы басқа мәліметтердің бейнеленген территорияның рамка шегінде өзара орналасуы.
Картаның қосымша өрнектеуі картаны оқуға және пайдалануға көмек береді. Мұнда әр түрлі картометриялық графиктер (мысалы, топографиялық карталарда беткейлердің еңкіс бұрышын анықтау үшін крутизна шкаласын орналастырады), картаға түсірілетін территорияны зерттеу және пайдаланған материалдардың схемалары, әр түрлі анықтама мәліметтер болады.
Қосымша мәліметтерге – қосымша карталар (врезные карты), суреттер, диаграммалар, графиктер, профильдер, мәтіндік және сандық мәліметтер жатады. Олар картографиялық бейнеге немесе легендаға қатысы болмағанымен, тақырып бойынша картаның мазмұнымен байланысты, оны түсіндіреді және толықтырады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет