Лекция №1. Тақырып: Кіріспе. Картография пәнінің мақсаты мен міндеті. Географиялық карта туралы жалпы түсінік. Кіріспе



бет9/34
Дата12.02.2023
өлшемі1,28 Mb.
#168456
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
Байланысты:
Лекция қосындысы

Х = R × sin φ
Y = R × cos φ · sin λ

Бұл теңдікте R – Жердің орташа радиусы, домалақтап алғанда 6370 км, ал φ мен λ торапты нүктелерінің географиялық координатталары.


Х және У координаталар торапты нүктелердің координаттық осьтерге қатынасы бойынша жазықтықтағы орнын анықтайды, абсцисса осі ретінде картаның ортасындағы меридиан алынады, ал ордината осі – экватор болып табылады. Мысалы, «А» деген торапты нүктенің географиялық координаталары φ = 60º және λ = 30º болғанда, егер ортаңғы меридианды 0º бойлық деп алғанда, онда тікбұрышты координаталар төмендегідей болады:


Х = R × sin φ = 6370 × 0,866 = 5516,4 км
Y = R × cos φ · sin λ = 6370 × 0,5 × 0,5 = 1592,5 км
Масштабы 1:200 000 000 картографиялық тор жасауда (сурет 3.3) бұл координаталардың шамалары мынадай болады
Х = 27,6 мм
У = 8,0 мм
яғни, 5516,4 км/200 000 000 см = 27,582 мм, ал 1592,5/200 000 000 = 7,9625

Сурет 3.3 φ және λ географиялық координаттарын Х және У тік бұрышты координаталарымен байланыстыратын формулалары бойынша талдау (аналитикалық) жолымен құрастырылған жарты шар картасының картографиялық торы.

Осы жолмен келесі торапты нүктелердің координаттарын анықтайды, В нүктесінің координаттары - φ = 60º және λ = 60º болғанда, Х = 27,6 мм, У = 13,8 мм тең болады, С нүктесінің координаттары - φ = 60º және λ = 90º болғанда, Х = 27,6 мм, У = 15,9 мм тең болады.


Х осінен сол жағында және оңтүстік жарты шарда орналасқан торапты нүктелері айнада сәулеленген сияқты болып бейнеленеді.
Картографиялық тордың құрылуын торапты нүктелерді тік сызықтарымен (мысалда параллельдер болып келеді) немесе қисық сызықтармен біріктіріп аяқтайды. Келтірілген мысалда, ортаңғы меридианның бойлығын 0º деп алынды, бірақ тор жасалынған соң оның бойылығы кез келген көрсеткішке ауыстыруға болады.
Географиялық карта жасауға арналған проекцияларды түрлі классификациялық белгілері бойынша топтастыруға болады, солардың ішінде 1) «көмекші беттің» түрі мен бағытталуы бойынша және 2) бұрмалану сипатына қарай картографиялық проекциялар негізгі болып табылады.
Қазіргі заман өндірісте картаның картографиялық торын аналитикалық (талдау) жолымен жасайды, бірақ проекциялардың аттары сақталған: цилиндрлік, конустық, азимуттық (алдық).
Сонымен қатар картографиялық проекциялар бұрмалану сиптаны қарай тең мөлшерлі (равновеликие), тең бұрышты және еркін проекциялар болып бөлінеді.
Тең мөлшерлі проекцияларда ауданның масштабы карта бойынша бірдей көрсеткішке ие болып келеді,яғни:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет