Лекция №1. Тақырып: Кіріспе. Картография пәнінің мақсаты мен міндеті. Географиялық карта туралы жалпы түсінік. Кіріспе



бет10/34
Дата12.02.2023
өлшемі1,28 Mb.
#168456
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34
Байланысты:
Лекция қосындысы

Р = а • b = const = 1
Бұл проекцияда бұрыштар мен пішіндердің күшті бұрмалануы байқалады.
Тең бұрышты проекцияларда ұзындықтар масштабы барлық бағыттар бойынша бірдей, сондықтан бұрыштардың бұрмалануы байқалмайды.
Еркін проекцияларда бұрмаланудың барлық түрлері болады. Бірақ олардың көрсеткіштері ондай жоғары емес. Еркін проекциялар арасында тең аралықты проекциялар ерекшеленеді, оның басты қасиеті белгілі бір басты бағыт бойынша ұзындықтар масштабы сақталады.


3.2 Азимуттық проекциялар.
Глобустың градустық торын жанама жазықтыққа проекциялай түсіру арқылы жасалынған картографиялық проекция азимуттық проекция деп аталады. Жазықтық, полюсте жанасқан жағдайда қалыпты азимуттық тор немесе қалыпты азимуттық проекция, экватор нүктесінде жанасқанда көлденең азимуттық проекция, ал жазықтық глобус бетінің басқа нүктелерінде жанасқанда қисық азимуттық проекция пайда болады (сурет 3.4).

Сурет 3.4 Азимуттық проекциялардың түрлері: А – қалыпты, Б – көлденең,
В – қисық.

Азимуттық проекцияларда жанасқан нүктесінде ғана нөльдік бұрмалану нүктесі болады, нөлдік бұрмалану нүктесінен шеңбер түрінде жан-жаққа бұрмалану өседі, сондықтан изоколалар шеңбер түрінде болады.


Азимуттық проекицялар перспективтік және перспективтік емес болып бөлінеді. Перспективтік азимуттық проекцияларда картографиялық тордың сыртқы көрінісі және тор бойынша бұрмаланудың бөлістірілуі проектілеу орталығының орналасуына тәуелді (сурет 3.5).

Сурет 3.5 Қалпыт азимуттық проекциялардағы проектілеу орталықтары: К1 – орталық, К2 – стереографиялық, К1 – сыртқы, К1 – ортографиялық.
Шардың бетінен жанама жазықтыққа проектілеу орталығы шардың ортасында (К1) және жазықтық жанасатын нүктеге қарама-қарсы орналасқан шардың бетінде (К2) орналасу мүмкін. Біріншісін орталық, екіншісі – стереографиялық картографиялық тор деп атайды. Сонымен бірге бұл орталық полярлық осьтің жалғасында (К3) және осы осьте шексіздікте (К4) орналасқан болу мүмкін. Үшіншісі сыртқы, ал төртіншісі – ортографиялық картографиялық тор деп аталады.
Орталық картографиялық торда ұзындықтардың бұрмалануы орталықтан қашықтаған сайын жоғарлайды, яғни аудандар және пішіндер бұрмалануының күшеюіне алып келеді (сурет 6.3 сол жағы). Проекцияның қасиеттеріне қарай бұл проекцияны еркін проекцияға жатқызады.



Сурет 3.6 Бұрмалану эллипстерімен орталық азимуттық (сол жағында) және азимуттық стереографиялық (оң жағында) проекциялардағы қалыпты картографиялық тордың құрастыруы мен типтік түрі.

Бұл проекцияны алғашқы рет б.з. дейін IV ғасырда ежелгі грек философы Фалес аспанның картасы үшін қолданды. Егер Жер бетінен аспанды қарастырғанда, сфералық беттің ортасында орналасқандай боласын, яғни жұлдыздар орталық проекцияда көрінеді.


Стереографиялық проекция қасиеттері бойынша тең бұрышты болып табылады (сурет 3.6 оң жағы). Бұл картографиялық торда орталық торымен салыстырғанда ұзындықтар мен аудандардың бұрмалануы көп емес, жарты шарлар картасында ұзындықтардың бұрмалануы орталықтан шетіне қарай 1-ден 2-ге дейін өседі, осыған сәйкес аудандардың бұрмалану көрсеткіші 1-ден 4-ке дейін өседі.
Көлденең стереографиялық торда меридиандар мен параллельдер шеңбер доғалары түрінде болады, ал орталық меридиан мен экватордың кесінділеріның ұзындықтары ортасынан шетке қарай шамамен екі есе өседі. Бұл проекцияның авторы Гиппарх (б.з.д. ІІ ғасыр). Стереографиялық проекция ХХ ғасырдың бірінші жартысына дейін шығыс және батыс жарты шарлар карталары үшін қолданылған.
Ортографиялық картографиялық тор проектілеу шексіздіктен болғанда пайда болады (сурет 6.4), мұнда проектілеу нұрлары бір-біріне және глобустың осіне параллель болып келеді. Параллельдер арасындағы ара қашықтар картаның шетіне қарай өсуі суреттен айқын байқалады. Демек, меридандар бойынша ұзындықтардың бұрмалануы осы бағытта кішірейеді, негізінде теория бойынша орталықта 1-ден картаның шетіне қарай 0-ге дейін өзгереді. Сонымен бірге проекциядағы параллельдердің радиустары глобустың радиустарына тең болады, яғни проектілеуде параллельдердің ұзындықтары өзгермейді және параллель бойынша ұзындықтардың бұрмалануы жоқ (n=1). Проекцияда карталаның шеттеріне қарай бұрыштар күшті бұрмаланады. Қасиеттері бойынша бұл проекцияны еркін проекцияға жатқызады. Проекцияның авторы Апполоний (б.з.д. ІІ ғасыр).


Сурет 6.4 Бұрмалану эллипстерімен азимуттық ортографиялық проекциядағы қалыпты картографиялық тордың құрастыруы мен типтік түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет