Лекция №1. Тақырып: Кіріспе. Картография пәнінің мақсаты мен міндеті. Географиялық карта туралы жалпы түсінік. Кіріспе



бет5/34
Дата12.02.2023
өлшемі1,28 Mb.
#168456
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
Лекция қосындысы

Картографиялық информатика – картографиялық шығармалар және деректер туралы ақпаратты жинау, жүйелендіру және тұтынушыларға жеткізу әдістерін қарастырады. Баспадан шыққан карталар мен атластарды жүйелендіруін, сілтеуіштерді (указатели), тізімдерді, шолу жұмыстарын құрастыруын қарастыратын тарау картобиблиография деп аталады.
Картографиялық топонимика – географиялық атауларды картада дүрыс көрсету көз қарасынан олардың мағналық мәнін зерттейді. Бұл ғылыми бағыттың міндетіне картаға түсірілетін атамалар мен терминдерді қалпына келтіру (нормализация) және стандарттау жатады.
Картографиялық ғылымдар жүйесі тірі организм сияқты дамиды, картографияның жаңа салалары пайда болуда, бір тараулары тез дамып екінші тарауларының дамуы бәсеңдейді (замедляется). Мысалы есептеу электрондық техниканың өндіріске енгізу нәтижесінде жаңа картографиялық проекцияларды жасап шығу оңайға түсуде. Сонымен бірге әлемдік орнын анықтайтын жүйелердің пайда болуы (GPS) математикалық картографияда серіктестік орнын анықтау (спутниковое позиционирование) жаңа бағыты пайда болды.
Картография жүйесінде тақырып бойынша ажыратылатын коптеген салалар қалыптасты: жалпы географиялық, геологиялық, топырақтық, этнографикалық картография т.б. Бұл салалар әдіс бойынша картографияға, ал зерттеу предметі бойынша (мысалы, геологияға, топырақтануға, этнографияға) жеке ғылымдарға жатады. Олардың спектрі ұш-қиыры жоқ, сонымен бірге білімнің жаңа салалары пайда болуы тақырыптық картографияның жаңа тарауларының пайда болуына алып келеді. Соңғы кезде пайда болған геоэкологиялық, экогеохимиялық, радиоэкологиялық т.б. картографиялау оның куәсі болып табылады.
Сонымен бірге оқу, ғылыми, туристік, навигациялық (теңіз, аэронавигациялық) инженерлік картографиялау т.б. салалары айқын байқалады. Олар мақсаты және қолданбалы бағыттары бойынша ажыратылады.
Картографиялаудың мынадай түрлерін ажыратуға болады:

  • Объект бойынша – астрономиялық, планетарлық, оның шегінде құрлық пен мұхиттарды картографиялау;

  • Әдіс бойынша – жер үсті, аэроғарыштық және су асты;

  • Масштабы бойынша – ірі, орта және ұсақ масштабты;

  • Жалпыластыру деңгейі бойынша – аналитикалық, кешенді және синтетикалық;

  • Автоматтандыру дәрежесі бойынша – қолмен жасалынған, автоматтандырылған (интербелсенді) және автоматтандырылған;

  • Оперативтік бойынша – базалық және оперативтік.

Жалпы, картографиялаудың түрлерін әртүрлі негіздер бойынша ажыратуға болады, олар соншама көп картаның қасиеттері, оларды жасап шығу әдістері және бейнеленетін объектілер сияқты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет