Картографияның теориялық концепциялары.
Теориялық концепция деген картографияның предметі мен әдісіне белгілі бір көз қарастар жүйесі. Мұнда берілген кездегі картографиялық ғылымның және өндірістің дамуын анықтайтын процестерді түсіндіретін және түсіну деңгейі сәулеленген (В ней отражен уровень понимания и истолкования процессов, определяющих развитие картографической науки и производства на данном этапе).
Концепциялар ғылымның өткен тәжірибесін жалпыластырады және келешекте оның даму тенденциясына баға береді. Бірақ сонымен қатар ғылымның қазіргі жағдайы мен оның перспективасы сәулеленеді. Мұнда қазіргі көз қарастар мен проблемалары тіркеледі (фиксируются). Осымен концепциялар эволюциясы түсіндіріледі: жаңа тәжірибе, прогрессивтік әдістер мен технологияларды енгізу бойымен теориялық концепциялар өзгереді, кейбір жағдайда кескін өзгері мүмкін, бұл ғылым теориясы дамуының табиғи жолы. Қазіргі таңда картографияда бірнеше теориялық концепциялар қалыптасты.
Қазіргі таңда картографияда бірнеше теориялық тұжырымдамалар (концепциялар) қалыптасты.
Танымдық немесе модельді-танымдық концепциясы картографияны картографиялық модельдестіру (үлгілеу) арқылы нақтылықты тану туралы ғылым, ал картаны нақтылықтың моделі (үлгісі) ретінде қарастырады. Мұндай түсіндірмеде картография жаратылыстану және әлеуметтік-экономикалық (әсіресе Жер туралы ғылымдарға жақын) және тану теориясына (теория познания) жақын қатынасы бар тану ғылымы түрінде көріністе болады. Бұл концепцияны Н.Н. Баранский, К.А. Салищев, А.В. Гедымин, А.Г. Исаченко тағы осылардың ізбасарлары 1940-шы жылдарынан бастап дамытқан.
Коммуникативтік концепциясында – картография кеңістікті ақпаратты беру туралы ғылым түрінде қарастырады, ал карта коммуникация құралы, яғни ақпарат каналы болып табылады. Сөйтіп, картография ақпараттану (информатика), автоматика ғылымдарының теориясымен, қабылдау теориясымен тығыз байланысып ақпараттанудың (информатиканың) белгілі бір салысы болып қалады екен. Бұл концепцияның қалыптасуына ХХ ғасырдың 60-70-шы жылдары Е. Арнбергер, А. Колачный, А. Робинсон тағы басқа белгілі батыс картографтар көп үлес қосқан.
Тіл (карталы тіл) концепциясы – картографияны картаның тілі туралы ғылым деп түсіндіреді, ал карта – шартты белгілердің көмегімен құрастырылған ерекше мәтін (текст) ретінде қарастырылады («карта тілінде жазылған»). Бұл жағдайда картография лингвистика мен семиотиканың (тілдер туралы ғылым) саласы болып табылады, ал оның зерттеу предметі картографиялық шарртар жүйелері. Бұл көз қарасты 1970 – 1980-шы жылдары А.Ф. Асланикашвили, А.А. Лютый, Я. Правда тағы басқалар дамытқан.
Сонымен бірге картографияның басқа да ерекшеліктеріне көңіл аударатын, кей біреулері әр түрлі көз қарастарды үйлестіретін басқа теориялық көз қарастар дамыған. Осы теориялық концепциялар арасында А.Ф. Асланикашвили бойынша метакартография, мұнда картографияның жалпы теориясы сәулелендіру теориясының (теория отражения) логикалы-философиялық принциптеріне негізденіп жасалынған, Л. Райтский бойынша картология картографияның содельдеу және коммуникативтік функциялары туралы көз қарастарды біріктіретін концеция.
Бұл концепцияларда картография бір жағынан дүние тану туралы ғылым, екінші тарапынан коммуникация құралы ретінде, ал үшінші жағынан ерекше тіл болатындығы байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |