(Картография предстает в них, с одной стороны, как наука о познании мира, с другой — как средство коммуникации, а с третьей — как особое языковое образование)
(Картографияпредстает в них, с одной стороны, как наука о познании мира, с другой — как средство коммуникации, а с третьей — как особое языковое образование).
Мұндай картографияның көп қырлылығы, картаның қасиеттерінің жан-жақтылығы мен функцияларының әртүрлілігінің күәсі болып табылады, яғни карта нақтылықтың моделі, кеңістікті ақпарат жеткізу каналы және географияның және Жер туралы басқа да ғылымдардың ерекше тілі болып табылады. Соңғы кезде қазіргі картографияда көптеген концепциялар бірте-бірте бірігу процестері байқалады.
ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында жаңа геоақпараттық концепция қалыптаса бастады. Бұл концепция бойынша картография жүйелі ақпаратты-картографиялық моделдестіру және геожүйелерді тану туралы ғылым түрінде қарастырылады. Бұл геоинформатикамен, Жер және қоғам туралы ғылымдарымен тығыз байланысты. Бұл концепцияда карта (образно-знаковая геоинформационная модель действительности) нақтылықтың көрнекі-белгілер моделі болып келеді, яғни әрі тану құралы, әрі нақтылықты аналог түрінде модельдей тәсілі, әрі ақпаратты сандық түрінде жеткізу құралы.
1.4 Картографияның ғылымдар жүйесіндегі орны. Қазіргі картография ғылыми пәндер және техникалық салаларының тармақталған жүйесі болып келеді. Біреулері бірнеше ғасырлар тарихы бар, екіншілері жақын арада пайда болған, үшіншілері қалыптасу кезеңінде түр. Олардың барлығы бір-бірімен және ғылым мен техниканың басқа да салаларымен тығыз байланыста, олардың түйіскен жерінде жаңа ғылыми бағыттар пайда болуда. Негізгі картографиялық пәндер немесе картографияның тараулары мынадай болып келеді.
Картографияның жалпы теориясы – картографияны ғылым ретінде жалпы мәселелерін, әдістерін, карталарды жасау және пайдалану әдістері мәселелерін зерттейді. Картографияның теориясы бойынша картографиялық шығармалары туралы жалпы ілім – картатану пәннің құрамында орындалады.
Картографияның тарихы – картографияның көз қарастарының, идеяларының, әдістердің тарихы, картографиялық өндірістің дамуын, сонымен қатар ескі картографиялық шығармаларды зерттейді.
Математикалық картография – карталардың математикалық негізін зерттейтін пән. Мұнда картографиялық проекцияларды жасаудың теориясы мен әдістері қарастырылады, олардағы бұрмаланудың бөлістірілуіне талдау береді, берілген шарттарымен картографиялық тор құрастыру.
Карталарды проектілеу және құрастыру – карталарды лабораториялық (камералдық) жағдайда жасаудың және редактірлеудің әдістері мен технологиясын жасап шығады және зерттейді.
Картографиялық семиотика – картографиялық белгілер жүйесін жасаудың теориясы мен әдістерін, картаның тілін және оны пайдалану қағидаларын жасап шығады. Картографиялық семиотика шегінде үш тарауды ажыратады: картографиялық синтактика, семантика және прагматика, бұл тараулар белгілердің арасындағы арақатынастарын, олардың бейнеленетін объектілерімен байланысын, оқырмандардың қабылдау ерекшлеіктерін, белгілердің ақпараттық құндылығын т.с.с. зерттейді.
Карталарды безендіру (картографиялық дизайн) – картографиялық шығармалардың көркем проектілеудің теориясы мен әдістерін, олардың безендіруін, сонымен қатар компьютерлік графиканың тәсілдерін зерттейді.
Картографиялық өндірістің ұйымдастыруы мен экономикасы – картография мен экономиканың шектесудегі тарау, мұнда өндірістің қолайлы ұйымдастыру мен жоспарлау, картографиялық жабдықтарды, шикізаттарды, еңбек ресурстарын пайдалану, еңбектің өнімділігін және экономикалық тиімділігін арттыру мәселелерін қарастырады.
Карталарды баспадан шығару – карталарды, атластарды тағы басқа да картографиялық өнімдерді бастыру технологиясын жасап шығатын техникалық тарауы.
Карталарды пайдалану – картографиялық шығармаларды (карталарды, атластарды, глобустарды т.б.) әртүрлі салаларда пайдалану теориясы мен әдістерін зерттейді. Бұл саланың негізін зерттеудің картографиялық әдісі құрайды, яғни карталарды ондағы бейнеленген құбылыстарды зерттеу үшін пайдалану әдісі.
Картографиялық деректану – карта құрастыруда қолданылатын картографиялық деректерді (карталарды, суреттерді, статистикалық мәліметтерді т.б. құжаттарды) бағалау және жүйелендіру әдістерін зерттеу және жасап шығу.