Лекция №1. Тақырып: Кіріспе. Картография пәнінің мақсаты мен міндеті. Географиялық карта туралы жалпы түсінік. Кіріспе


Карта оқу және оны пайдаланудың басқа да түрлері



бет30/34
Дата12.02.2023
өлшемі1,28 Mb.
#168456
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
Лекция қосындысы

Карта оқу және оны пайдаланудың басқа да түрлері. Картаны оқу дегеніміз, картаның шартты белгілері бойынша нақтылықты қалпына келтіру, немесе көз алдыңызға елестету. Картаны оқудың бірнеше приемдары (тәсілдері) болады:
а) баяндама (сипаттама) беру, яғни картада бейнеленген құбылыстың, ол туралы элементтері бойынша немесе жалпы түсінік беретін сапалы сипаттама беру әдісі;
б) мәліметтер бойынша екі өлшемді (двумерных) графиктер, диаграммалар және үш өлшемді блок-диаграммалар жасауға мүмкіндік беретін картаны талдаудың графиктік тәсілдері (приемдары);
в) карта бойынша мөлшерлі көрсеткіштерді әр түрлі өлшеу мен есептеу жүргізуін қамтамасыздандыратын картометрия мен морфометрияның графоаналитикалық тәсілдері;
г) математикалық-картографиялық модель жасау әдісі, картадан математикалық талдаумен, математикалық статистика, ақпарат теориясы т.б. тәсілдерімен алынатын мәліметтер бойынша математикалық модельді құрастыру және зерттеуге арналған.
Зерттеудің картографиялық әдісін қолдануда карталарды пайдаланудың тәсілдерін қарастрайық.
Визуалдық талдау және карта бойынша баяндама (сипаттама) беру (визуалды талдау деген картаға түсірілетін құбылыстың ерекшеліктерін анықтау, ал картаны талдау – картаның қасиеттерін үйрену). Визуалдық талдау мен баяндама берудің мақсаты – картада зерттеу нысандар (объектілер) мен құбылыстардың орналасуын, олардың қасиеттерін және орналасуы мен өзара байланыстарын анықтау.
Картаны талдауда графиктік тәсілдер екі өлшемді немесе үш өлшемді графиктерді, профильдерді және блок-диаграммаларды құрастырудан тұрады. Профильдер – гипсометриялық, жалпы географиялық, геологиялық, топырақ т.с.с. Блок-диаграмма – жер бетінің белгілі бір учаскесінің ұзына бойы және көлденең профильдерінің перспективтік суретімен біріктіру (путем совмещения) жолымен жасалынған үш өлшемді бейнесі.
Сурет 12.1 Топографиялық карта бойынша гипсометриялық профиль жасау тәсілі.



Сурет 12.2 Блок-диаграмма жасау тәсілдері.




Картометрия және морфометрия. Ауданды өлшеу. Карта бойынша көлемді өлшеу. Бұрыштар мен бағыттарды өлшеу.
Объектілер мен құбылыстардың тығыздығын анықтау, бірінші түрі аудан бірлігіне (P) сәйкес келетін объектілер немесе құбылыстар мөлшері (n),


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет