Лекция 1 Трансформаторлар


Үшфазалы асинхронды электрқозғалтқыштың құрлысы



бет29/72
Дата07.02.2022
өлшемі2,65 Mb.
#97606
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72
Байланысты:
Техн қонд эл маши лекция казакша
Техн қонд эл маши лекция казакша, Техн қонд эл маши лекция казакша, Техн қонд эл маши лекция казакша
1.2. Үшфазалы асинхронды электрқозғалтқыштың құрлысы.
Үшфазалы асинхронды электрқозғалтқыштың негізгі құрлыс бөлшектеріне статор,ойықтарға орналасқан үшфазалы екі орама және 2.1-суретте көрсетілген басқа да қосалқы элементтер. Жақсы суыну үшін оның (кіндігіне) білігіне желдеткіш орнатылып, қаңқасы көп қырлы етіп құйылған. Құрастыру, орнату, ажырату кездерінде алып-салуға қолайлы болу үшін қорабының жоғарғы жағынан ілгекті болт болады.


1.2.1. Асинхронды қозғалтқыштың статоры. Асинхронды қозғалтқыштың статоры арнайы электротехникалық болаттан қалыпқа құйып жасалған тісті қаңылтырлардан жасалған ішкі қуыс цилиндр, оның магнит өткізгіштігі (μ), кәдімгі конструкциялық болаттан жоғары.
Бұл айнымалы магнит өрісті статор темірінде артық магниттелуден (гистерезис) болатын шығындарды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.
Статорды құйып жасамайды, қалыңдығы 0,35 мм тісті қаңылтырдан жинайды, мақсаты ол арқылы Фуко құйынды тоғының өтуіне кедергіні көбейту. Қаңылтырдың арасында электрлік түйіспе болдырмау үшін қаңылтырларды электр оқшауландырғыш лакпен бояйды. Осының барлығын бірге алғанда, статор болатында құйынды тоқтармен гистерезистен болатын электрлік және магниттік шығындарды азайтуға әкеледі,қортындысында оның қызуын азайтады. Құйынды тоқтармен гистерезистен болатын электірлік және магниттік шығындар, ақыр соңында, ПӘК-нің мөлшеріне әсер етеді. Болаттың магнит өткізгіштігі неғұрлым жоғары және қаңылтыр неғұрлым жұқа механикалық бекемдігі жеткілікті болса, соғұрлым асинхронды қозғалтқыштың шығыны аз және ПӘК жоғары болады. 98ке дейін және одан жоғары болады. Іштен жанатын қозғалтқыштардың бірде-бірінде мұндай көрсеткіш жоқ.




2.2-сурет. Асинхронды қозғалтқыш статорының ойығы: а – ашық; в – жартылай ашық; с – жартылай жабық; d – жабық (роторлар үшін ғана).


2.3-сурет. Асинхронды қозғалтқыш роторының ойықтары.



Статор асинхронды қозғалтқышты қаңқасына мықтап тығыздалады. Қаңқа шойыннан немесе салмағы жеңіл арнайы қортпалардан құйылады және жұмыс жағдайына арналған ірге тасқа немесе арнайы тірекке бекітіледі. Статордың тісті қаңылтырлардан құрастырған кезде оның ішкі бетінде белгілі пішінді ойық пайда болады.


Асинхронды қозғалтқыштардың статорындағы ойықтары негізінде тік бұрышты болады. Ойықтардың ашықтығына қарай олар жартылай жабық (2.2-сурет) қуаттылығы 100 кВттан төмен мәшинелер үшін, жартылай ашық (2.2.в-сурет) қуаттылығы 100 кВт-тан жоғары машинелер үшін және ашық (2.2.а-сурет) қуаттылығы өте жоғары машинелер үшін.
Статор фазаларының жалпы саны Znc деп белгіленеді және полюстер мен фазаларға сай ойықтар саны деп аталатын q фаза сандары мен машинелердің полюстері арқылы байланысады.
(2.1)
мұндағы m1- статор орамасының фазалар саны; 2р –статор орамасының полюстарының саны.
Үшфазалы қозғалтқыштар статорының ойықтарының саны жұп және алтыға еселенетін болуы тиіс, оны 2.1.анық көруге болады:
Z= q•mł2 p = 6łk (2.2)
мұндағы к = q Һ p = 1,2,3 және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет